Мазмұнға өту

Жаңа

«Асықата кенті» командасы бас жүлдені иеленді

Бүгін Мақтарал ауданының «Спорт және дене шынықтыру» бөлімінің ғимаратында Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Спорт күніне» орай «Спорт бізді біріктіреді» атты аудан жастары арасында волейболдан турнир болып өтті.

Жарысқа түрлі ауылдық округтер мен кенттерден 16 команда қатысты. Бәсекелі додада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып «Асықата кенті» командасы бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, «Қарақай» ауылдық округінің командасы жүлделі екінші орында алса, «Қызылқұм» ауылдық округінің командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаз командалар аудан әкімшілігінің арнайы дипломдарын алып, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
597

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы үлгі етуге лайық – Н.Назарбаев

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп Ақордада хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин G20, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі және Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтетін алдағы кездесулерге дайындық барысын қарастырды.

Мемлекет басшысы Сочи қаласына шақырғаны үшін В.Путинге алғыс айтып, оның Ресей өңірлерін дамыту жолындағы қажырлы еңбегін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың қарқынына ризашылығын білдіріп, оны Қазақстанның ілгерілете түсуге ниетті екенін айтты.

«Біздің қарым-қатынасымыз саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да үлгі етуге лайық деп санаймын. Осы жылдары Қазақстан мен Ресейдің 6 мың бірлескен кәсіпорны құрылып, интеграциямыздың өмірде нақты іске асқанын көрсетті. Алдағы Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына үлкен үміт артамын. Оның экономикалық тұрғыдан маңызды кездесу екенін білемін, осыған орай көптеген жобалар әзірленуде. Қазіргі мәселелер біздің үкіметтеріміз арқылы шешімін табуда. Елдеріміздің міндеті – осындай қиын жағдайда әрдайым бірге болу және бір-бірімізге көмектесу. Достық, ынтымақтастық мен өзара көмек туралы шартқа және ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартқа негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы тұрақты болып қала береді. Қазақстан мен Ресей сенімді көрші әрі әріптес болып саналады және барлық мәселелерді өркениетті елдердегі үлгі бойынша шешеді. Ресейдің Түркиямен қарым-қатынасы жақсарып келе жатқанына қуаныштымын», – деді Қазақстан Президенті.

В.Путин Қазақстан Президентінің Ресей-Түркия қарым-қатынасын қалыпқа келтіру жолындағы қайрат-жігері үшін алғыс айтып, жағдайды реттеудегі бітімгерлік миссиясын атап өтті.

«Көріп отырғанымыздай, бұл қадам жемісті болды. Біз көптеген жылдар бойы бірегей ынтымақтастық қарым-қатынасымыз бен өзара іс-қимылымыз орныққан достас Түркиямен толық форматтағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге риясыз ұмтылыс жасап отырмыз. Түркия Президенті Р.Ердоғанның Ресейге соңғы сапары екіжақты байланыстарды қалыпқа келтіру ғана емес, оны дамыту жөнінде де біздің толыққанды жұмыс жүргізуге ниетті екенімізді дәлелдеп берді. Сол үшін Сізге көп рахмет», – деді Ресей Президенті.

Бұдан бөлек, В.Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық бағыт бойынша табысты дамып келе жатқанына назар аударды.

«Әрине, біз экономикада қиындықтарға да кезігіп тұрамыз, әсіресе әлемдік шикізат нарығындағы тұрақсыздық пен валюталық ауытқу жағдайында төмендеу байқалуда. Бұл ретте нақты көлемі жөнінен ол соншалықты көп емес – небәрі 7%. Қазіргі ынтымақтастық тетіктері бізге оны еңсеруге мүмкіндік береді. Ал бізде мұндай тетіктер тиімді жұмыс істеуде», – деді Ресей Президенті.

 

Ақпарат көзі

0
0
554

Мәжіліс депутаты ауыл жастарымен кездесті

2016 жылғы 9 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының Лебяжі аудандық филиалының мәжіліс залында, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Айзада Амангелдіқызы Құрманова аудан жастарымен кездесті.

Кездесуді кіріспе сөзбен бастаған аудан әкімі С.Жанғазинов жастарды таныстырып, сөз кезегін А.А.Құрмановаға берді. Айзада Амангелдіқызы жастардың жылы шыраймен, ақ көңілмен қарсы алғандарына рахметін айтып, Елбасының сындарлы саясаты төңірегінде сөз қозғады. Әсіресе, Жастар саясатына ерекше тоқтала кетіп, жастарға өз ақыл - кеңесін берді.

Айзада Амангелдіқызы: «Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, сіздер, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландарысыздар, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Елбасымыз айтқандай «Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға яғни сіздерге тікелей байланысты. Өйткені сіздер – «Ертеңімізді жасайтын бүгінімісіздер». Жастарға деген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі.  Елдің қуаты мен қозғаушы күші де  –жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп ерекше көңілге қонымды, ұтымды ойымен бөлісті.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген жас маман  эпидемиолог – дәрігер Виногоров Денис Николаевич өз сөзінде осы бағдарламаның аясында аудан тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп жатқанын айтып алғыс білдірді. Айзада Амангелдіқызыда Денис Николаевичқа осы ауданда қалып, ауданды көркейтіп, ауруханаға адал еңбек етіп, биіктен көрінуін тіледі.

Лебяжі ауданы Қорғаныс істер бөлімінің қызметкері Совет Заур Нұрланұлы «Орман шаруашылығы» мамандығын бітіріп келген жас мамандардың да осы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы бір реттік көтерме ақы мен баспаналы болуы мүмкіндігі болса деп өз ұсынысын айтты. Бұл ұсынысты Айзада Амангелдіқызы оң көзбен қарап, ары қарай қарастыратынын айтты.

Кезекті сөз кезегін алған «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Садваккосова Жанар Наурызбайқызы «Жасыл Ел» бағдарламасының аудан бойынша іске асу барысына тоқтала кетті. Осы бағдарлама аясында 2014 жылы 74 студент жумысқа орналастырылса, 2015 жылы 122 студен, ал 2016 жылы 167 студен жұмысқа орналастырылып, көрсеткіш жыл сайын өсіп оң нәтиже беріліп жатқаны жайында  толық мәлімет берді. Бәрін мұқият тыңдаған Айзада Амангелдіқызы Жанар Наурызбайқызының еңбегіне ерекше тоқталып, жастарға үлгі алуға шақырды.

Кездесу өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор кездесу болып өтті. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Айзада Амангелдіқызы Құрманованың кездесу соңын өзінің салиқалы сөздерімен түйіндеді. Жастардың азды-көпті ұсыныс-пікірлері жерде қалмай, қарастыратынын айтып ағынан жарылды. Бұл келген сапарында Айзада Амангелдіқызы елдің алғысына, жастардың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленіп кетті. Айзада Амангелдіқызының еңбегі әрқашан адал болған. Әрі қарайда осы бетіңізден талмай Лебяжі ауданының ғана емес күллі елдің алғысына бөленіңіз.

   

«ЖАЛЫН» жастар бастамаларын

дамыту орталығының нұсқаушысы А.Сетербай

       
0
0
779

Жастар толқынында

Аққу ауылында «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жастар толқынында» тақырыбымен Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен. Сонымен қатар, бұл күнді атап өту - жастар мүддесін қорғауға арналған Бүкіләлемдік іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыруға және ол туралы жастарды  хабардар етуге бағытталған.

Бұл бағдарламаны 1995 жылы БҰҰ қабылдаған болатын. Ал 2007 жылы кеңейтілді.  Іс-шарада ауылдың белсенді патриот жастарына Аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпаттар табысталды. Соңы мерекелік концертке ұласқан бұл жиында әсем әндер айтылып, билер биленді, қызықты ойындар өткізіліп көрермендердің көңілін бір көтерді. Іс-шараның соңында Жастар күніне арналған керемет от шашу ұйымдастырылды. Аталмыш мереке жастарға арналған би кешімен өз мәресіне жетті.

 
0
0
607

2016 жылдың тамыз айының 24-26 аралығында Астана қаласында «Мұнай газ кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҚР «ҚОҚ АТО» РМК) жанындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және  біліктілікті  арттыру  орталығы  (Орталық)   2016  жылдың  тамыз айының 24-26 аралығында  Астана қаласында «Мұнай газ кешеніндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында мамандандырылған оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.

Білімді қорытынды бағалау негізінде тыңдаушыларға ҚР Энергетика вице-министрінің және ҚР «ҚОҚ АТО» РМК бас директорының қолымен ведомствалық үлгідегі куәлік беріледі.

Сонымен қатар, Орталық семинар қатысушыларын үлестіру материалдарымен қамтиды - соңғы өзгертулермен және толықтырулармен ҚР Экологиялық кодексі, «Eсo-info» (CD-диск және 1500 астам құжаттар) электронды тасымалдауышта қоршаған ортаны қорғау саласының құқықтық  базасы.

Өтінімдер тіркеу нысаны (1-қосымша) негізінде семинардың басталуына 5 күн қалғанға дейін қабылданады, сондай-ақ ол Орталықтың www.pkk.iacoos.gov.kz интернет-ресурсында қол жетімді.

Семинар құны 2-қосымшада көрсетілген.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79-93-35 телефоны және [email protected] электронды мекен-жайы арқылы Орталық мамандарына хабарласуға болады.

 

http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=6971

0
0
510

«Қазақтелеком» АҚ филиалы Маңғыстау ОТД ғимаратында ақтаулық боксшы Әділбек Ниязымбетовтың жартылай финалдық бәсекесінің тікелей көрсетілімі өткізілді

Тамыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні жергілікті уақыт бойынша түнгі 02:30-да Рио-де-Жанейродағы олимпиада рингінде Әділбек Ниязымбетов британдық боксшы Джошуа Буатсимен қолғап түйістірді. Ақтау қаласының тұрғындары өз жерлестерінің жарыстағы өнерін компанияның аймақтағы филиалы ұсынған техникалық қолдауы мен мүмкіндіктері арқасында тікелей эфирден тамашалай алды.


Бәсекені көруге және ақтаулық былғары қолғап шебері мен Қазақстан құрамасын қолдауға бірнеше ондаған жанкүйерлер жиналды. Біздің боксшының әрбір шабуылы залға жиналған маңғыстаулық көрермендердің шапалағымен қолдау тапты. Тартысты бокс нәтижесінде Әділбек Ниязымбетов британдық боксшыны 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

«Біз алдағы финалдық бәсекеде де Әділбектің жеңетініне сенеміз! Боксшыларымыздан алтын медаль күтеміз! Өз спортшыларымызды қолдауға мүмкіндік бергені үшін трансляцияны ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз!»  - деп жанкүйерлер өз қуаныштарымен бөлісті.

0
0
916

Арбат жастар көрмесі Аққу ауылында

Аққу ауылында «Арбат-2016» жастар шығармашылық фестивалі өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл көрмеге аудан округтері де белсене ат салысты. Көрмеде қол өнер шеберлерінің, суретшілердің, тігіншілердің қолымен жасалған әдемі бұйымдары көрермендердің назарын аудартты. Көрмемен қатар мерекелік концерт те ұсынылып әсем ән шырқалып, мың бұралған би де биленді. Мерекелік концерт Аудан әкімінің орынбасары Қасымова Алма  Жантемірқызының құттықтау сөзімен басталды. Өз кезегінде Павлодар облысы жастар ресурстық орталығының жастарға заңды, психологиялық қолдау көрсету және   жастар орталықтарының  қызметін бақылау бөлімінің басшысы  Оракбаева Зарина Өмірзаққызы құттықтау сөзін білдіріп марапаттау рәсімін жүргізді. «Арбат» көрмесінің мақсаты аудан көлеміндегі дарынды, талантты, шебер жастарды елге таныту, еңбектерін халыққа насихаттау. Бұл бастама жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады.

   
0
0
629

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал

16 тамыз күні Ақсай қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Жоғарғы соты, ҚР ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігінің арасындағы ведомствааралық жоспарға сәйкес «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандары өкілдерінің қатысуымен ауданаралық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсатты бағыты - азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және оларға азаматтардың сенімін нығайту.

Дөңгелек үстелде ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті, облыстық сот, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары тақырыпқа сәйкес баяндамалар оқып, қатысушылармен пікір алмасты.

Дөңгелек үстелде бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

 
0
0
589

Мақтарал ауданында 3 тақырыпты қамтыған семинар-тренинг өтті

Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының әкімі аппаратының мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал», «Отанды сүю имандылықтан басталады», «Жақсы дәстүр имандылықтан басталады» тақырыптарында семинар-тренинг болып өтті.

Іс-шараға «Кемел» және «Ғаламат» Қоғамдық бірлестіктері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық келісім КММ қызметкерлері, БАҚ өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, көп балалы аналар, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, атқарушы бөлімдердің басшылары мен іс-қағаздарға жауапты мамандары, қала, кенттер, ауылдық округі әкімдерінің көмекшілері қатысты.

   

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
298

Мемлекеттік қызметкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауы және оны дәйекті түрде жүзеге асыруы тиіс – Әжібек Ақан

Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» атты дөңгелек үстел болып өтті. ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін талқылау және насихаттау үшін аудан әкімдігінің Персонал бөлімі, мәслихат депутаттары, «НұрОтан» партиясы мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызмет саласындағы ардагерлер және қызметін енді бастаған жас мемлекеттік қызметкерлер іс-шараға қатысты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамды анықтаған болатын. Сол 5 институционалдық реформалардың ең біріншісі Кәсіби мемлекеттік аппараты қалыптастырудан басталатыны және 100 нақты қадамның 15-і мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша нақы іс-шараларды анықтайтыны айтылған. Дәл сол себепті бүгінгі дөңгелек үстелдің мемлекеттік қызметкерлер үшін маңызы зор.

«Мемлекеттік қызметкер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асрыратын қызметіне жұмсап, өзінің Отаны Қазақстан Республикасына қалтықсыз қызмет етуі керек. Мемлекеттік қызметкерлер өз қызметінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауы және оны дәйекті түрде жүзеге асыруы тиіс» - дейді Мақтарал ауданы әкімінің кеңесшісі Әжібек Ақан.

Мақтарал ауданы әкімдігі Ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы Камира Өмірбай ҚР-ның мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі туралы, оның мақсаты мен міндеті жайлы толық түсіндіріп өтті. Қызметін енді бастаған жас мемлекеттік қызметкерлер қызметіне байланысты сұрақтар қойып, аға буын өкілдерінен тұщымды жауап алды.

   

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
443