Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түннен бері сүйінші сұрасып жатқан қазағымнан айналдым

«Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» деген. Әлеуметтік желілерде жақсылыққа толы жазбаларды жарыса жазып, қазақ елінен түннен бері сүйінші сұрасып жатқан қазағымнан айналдым. Алтыннан ардақты ұлымыз – Даниярдың елге сыйлаған жеңісі құтты болсын, ағайын! Түнде телевизорды тамашалап отырып, Даниярдың жеңісін көзбен көрдік. Әнұранымыз асқақтап ойнап, көк туымыз көтерілгенде төбеміз көкке жеткендей қуанып, көз жасымызды төгіп алдық. Қуаныштан қазағымның бәрін құшақтағым келіп кетті. Лайым, осындай жеңісті күндеріміз, жігер, намысымызды оятатын сәттеріміз көп болсын. Алаш рухы асқақтай берсін!!!

1
0
522

Осы тақырып бойынша