Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 105 қылмыстың беті ашылды

Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2016 жылдың 7 айында кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды.

2016 жылдың 7 айында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, 105 қылмыстың беті ашылып, оның ішінде бөтен мүлік ұрлық қылмысы бойынша – 53 дерек, тонау қылмысы бойынша – 7, қарақшылық, адам өлтіру қылмыстары бойынша бір деректен анықталған.

Есірткі қылмысы саласы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 32 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 101 кг. 022 гр.  есірткі заттары  алынды.

Мәселен, «Көкнар-2016» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал бекеті тұсында «Крона» атты қызметтік итінің көмегімен есірткі затын жеке автокөліктерінде тасымалдап кетіп бара жатқан Батыс Қазақстан облысының 2 тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
389

Осы тақырып бойынша