Петропавлда үш көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын
Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласының құрылыс алаңдарын аралады, деп хабарлады облыс әкімдігі. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласы бойынша жұмыс сапары кезiнде «Береке» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Мұндағы бiрiншi алаңда бiрден 75,90,55 пәтерлi үш үйдiң құрылысы тәмамдалуға жақын. Мердiгер ұйымның өкiлiнiң хабарлауынша соңғысында жұмыстар 90%-ға аяқталған. «Бiз монтаждау, төбенi жабу жұмыстарын аяқтадық. Қазiр iшкi әрлеу жұмыстары, есiк орнату, сылау, газ өткiзу, электр өткiзу жұмыстары жүргiзiлуде. Барлығы 60 адам тартылған. Мұнда бiр, екi, үш бөлмелi пәтерлер болады», — деп хабарлады «ПМК-5» ЖШС директорының орынбасары Алтай Әлибаев. Нысандармен танысқан өңiр басшысы жұмыстарды айдың соңына дейiн аяқтап, абаттандыру жұмыстарымен а…
