2016 жылдың басынан бастап Қазақстанның халықаралық қорлары 4,2%-ға өсті және 95,2 млрд АҚШ долларын құрады
ҚР-да тікелей шетелдік инвестициялар ағымы өсті және 5,7 млрд АҚШ долларын құрады, яғни, ол өткен жылғыға қарағанда 5 есеге жоғары. Осыған орай, еліміздің халықаралық қорлары жылдың басынан бастап 4,2%-ға өсті және 95,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
«ЖІӨ өсуінің егізгі факторы ретінде негізгі капиталға салынған инвестицияның 4,8%-ға өсуі болды, сонымен қатар, сіз бастама берген «Нұрлы жол» бағдарламасына да орай. Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде 1,5 трлн теңге мемсектормен салынды»,-деді ол.
Министр өндіруші салалардағы инвестицияның айтарлықтай өсуін атап өтті. Олар өндірістік, ауыл шаруашылығы, сауда және қаржы секторы.
«Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы ұлғайды және 5,7 млрд АҚШ долларын құрады, яғни, ол өткен жылғыға қарағанда 5 есеге жоғары. Осыған орай, еліміздің халықаралық қорлары жылдың басынан бастап 4,2%-ға өсті және 95,2 млрд АҚШ долларын құрады, ал Ұлттық қордың активтері 64,7 млрд АҚШ долларына жетті»,-деп Ведомство басшысы айтып өтті.
Айта кетейік, ТШИ келесі секторларға жүрді: химия және фармацевтика, машина жасау, құрылыс, көлік, мұнай және металл кендері.
«2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 304,4 млрд теңге 769,6 млрд теңгеден игерілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады», - деді ол.
Көліктік – инфрақұрылымдық даму үшін 197,7 млрд теңге қарастырылған, игеру 99,7 млрд теңгені құрады.
Министрдің айтуынша, жылу мен сумен қамту жүйесін жаңғырту үшін 90 млрд теңге қарастырылған, 55,2 млрд теңге немесе 100 пайызы игерілді. Тұрғын үй мен инфрақұрылым құрылысына 329,7 млрд теңге, инфрақұрылымға 78,5 млрд теңге қарастырылған, оның 37,7 млрд теңгесі немесе 90,6 пайызы игерілді. 702 шақырым инженерлік желі салынды.
«Баспана құрылысына 251,2 млрд теңге бөлінді, бүгінде 178,3 млрд теңге келісімі бар. Білім беру нысанының құрылысына 60,9 млрд теңге құрады, ол 32,0 млрд теңге немесе 91,3 пайызы игерілді», - деді министр.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz