Тіл туралы
Жаңарту, жаңа технология. инновация, жаңа заңдар...Жаңа АТА ЗАҢ да қабылдадық, түрлі заңдарға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Заманға байланысты дұрыс та шығар. Ал жер туралы,тіл туралы заңды неге өзгерте алмаймыз? "Тіл туралы заң" 1989 жылдан бері өзгертілмепті. Негізгә себебін Досекең түсіндіріп айтқан сияқты. " Ақпа құлаққа айтса, ағып кетеді...ге" келтірмей осы мәселені халық болып қолға алу керек. Мәңгүрттенгеніміз жетер халқым! Билік басындағы орыс тілділер үшін аудармашы ұстап отырмыз. бұл не байлық? Неге ол ақшаны әлеуметтік салаға пайдаланбаймыз? Кетсін биліктен тіл білмейтіндер! Бір адамның орнына екі адамға халықтың қалтасынан ақша төлеудің не қажеті бар? Жеке аудармашы ұстағысы келсе, төлесін өз қалталарынан!
