Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталықтарында оқыту процесі басталды

Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту аймақтық орталықтарында оқыту процесі басталды. Ағымдағы жылдың 5 қыркүйекте аймақтық оқыту орталығының ғимаратында жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы өткізілді. Салтанатты шараға орталықтың, облыс әкімдігінің және БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің басшылары қатысып, тыңдаушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Өз сөзінде Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин кәсіби, бәсекеге қабілетті және Қазақстанды әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарында болуына өзіндік үлес қосатын мемлекеттік қызметшілерді даярлаудағы орталықтың жұмысының ролінің ерекше екендігін атап өтті. Аймақтың оқыту орталықтары қосымша кәс…

0
0
349

Мемлекеттік қызметтің ардагерінен жақсы тілек

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен ҰОС, тыл және еңбек ардагерлерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіліп тұрады.

Осындай кездесулердің бірі ағымдағы жылдың 5 қыркүйекте мемлекеттік қызметтің ардагері Әкімгерей Бексұлтанұлы Серғалинмен өткізілді.

Ә.Серғалин әр жылдары мемлекеттік қызметте еңбек етіп, соның ішінде 2000 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері органдарында басшылық қызметте болды.

Өз сөзінде Әкімгерей Бексұлтанұлы жас мемлекеттік қызметшілерге табыс пен қызметте таусылмас күш-жігер тіледі.

0
0
583

Түлектер қауымдастығы: менің таңдауым мемлекеттік қызмет

А.ж.  07 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті белсенді, бастамашыл, жасампаз, оқу мен ғылым саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген,    облыс пен қаланың қоғамдық өміріне белсенді ат салысатын жастардан құралған ЖОО-ның 2016 жылғы түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы                        Р. Братаева қатысушыларды мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, меритократия, әдептілік принциптері, мемлекеттік қызметке орналасу және оны өткеру туралы ақпараттандырды.

Түлектер  аталған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты және туындаған сұрақтарына жауап алды.

Департамент госслужбы

0
0
481

Мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі бағыттары

А. ж. 6 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері Г. Евниева Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының базасында «Мемлекеттік қызметтің жаңғыртуы» тақырыбында диалог алаңын өткізді.

Іс-шара өткізу барысында басқарма мамандарына бос лауазымдарға конкурстарды өткізу, жаңа біліктілік талаптары, тағылымдама, тәлімгерлік, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау мәселелері бойынша түсініктеме берілді.

Диалог алаңын өткізу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берілді. Іс-шараға 19 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
401

Еркін Шаймағамбетов Қазғарыштың төрағасы болып тағайындалды

Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады ведомство. Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданының Тастүбек поселкесінде дүниеге келген. Үйленген, бір ұл тәрбиелеуде. 1998 жылы «Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді. 1998 жылдың наурызынан бастап Ғылым министрлігі – Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімінің бас маманы (Байқоңыр қаласы) болып жұмыс істеді. 1998 жылдың қарашасынан бастап аталған бөлімнің бастығы болып тағайынд…

0
0
255

Қазақстандағы туризм

Елімізге туристерді көптеп келтіру, қазір әр жерде айтылып жатыр. Мәселе ретінде көтерілетін 3 тақырып болса, соны бірі туристер. Себебі де түсінікті. Туристер арқылы ел қоржынын қампайту және танымалдықты арттыру. Біздің елге туристер Алматыдағы Шымбұлақ пен Шарынды, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көруге көп келеді. Бірақ, бұл тамаша орындардың насихаты керемет деп те айталмаймын. Бұдан да көп турист тарту үшін, түрлі жарнамалық роликтер мен шетелдік басылымдарға жарманалық мақалалар жариялау керек. Нәтиже сонда өзгереді. (фото:liveinternet.ru) Сондай-ақ, бірден бір турист көп келеді деп күтілген орын ол 2017 жылы өтетін EXPO-2017 көрмесі. Кеше ғана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қоғамдық кеңестің үшінші отырысында Есімов 3…

0
0
1371

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің қағидаттарын қолдайды

А.ж. 6 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының қызметкері Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі аспектілері туралы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Дәріс барысында Е. Сүлейменов Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары айқындалғанын, қызметтен тыс уақыттағы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленгені туралы, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған морал…

0
0
379

ҰОС қатысушыларына арналған кепілдіктер мен жеңілдіктерді өзара тану туралы Келісімге енген өзгертулер қабылданды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады. “Аталған Келісім 1994 жылғы 15 сәуірде ТМД мемлекеттері үкіметтерінің басшыларымен қол қойылған болатын.Келісімнің қабылданған сәтінен бастап ТМД мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, ұлттық заңнамалары мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қалыптасты.Осыған орай, ТМД үкімет басшыларыны…

0
0
280

Болашақ есік қағып тұр

Заманауи техникалармен жабдықталған, ғаламтордың кең ауқымын қамтып жатқан, журналистикаға енді енген жаңа сала - жаңа медиа. Бұл туралы айтылып жүргеніне, оның мағынасы мен мақсатының түсіндіріліп келе жатқанына бірнеше жыл болды. New media - баспасөздегі, газет, журнал, теледидар, радиомен қатар, өзге де ақпараттардың визуалды түрі. Бүгінгі күнгі блог, онлайн газет-журналдар, сайттар, өзге де ақпараттандыратын жүйелер. Кейбір медиа сарапшылар "Дәстүрлі медианың болашағы бұлыңғыр, жаңа медиа алға шығады" деп сынайды. Осы күнге дейінгі білімімді, тәжірибемді ескере келе, дәстүрлі медиа мен жаңа медианы мен де таразыға салып көрейін. Алдымен, бейнероликке назар аударыңыз. Жаһандану заманы, технологиялар ғасыры дегенмен де, жаңа медиа дәстүрлі медианың орнын баса алмайды. Егер дәстүрлі меди…

0
0
782

Екі көгершін не деді?

Досымның тойына барып, кешке дейінгі қыдыруында жүргенбіз. Аздап қызыл ішіп қызып алып, әртүрлі тілектер айтылып, кешкі тойға толыққанды дайын болып жаттық. Неке сарайынан шығып, суретке түсетін салтанатты сәт те жақындап келді. Барлығымыз далаға шығып, жас жұбайларды құттықтап жаттық. Жалпылама суретке түсіп алған соң, фотограф кісі досым мен келіншегін жеке алып, әртүрлі позадағы естелік суретке түсіре бастады. - Енді, бауырым, қалыңдықты қолыңа көтеріп ал! - деген даусы шықты фотографтың. Шырт. Түсірді. - Енді, екеуің қолдарыңа анау кептерлерді алып, сүйістіріп тұра қалыңдар! - деді фотоаппаратын бір жағына шығарған күйі. Досым мен қалыңдығы фотографтың нұсқаулығымен қолдарына кептерлерді алып, тұмсықтарын сүйістіріп жатқаны сол еді, ғайыптан белгісіз бір құдірет бойыма еніп, әлгі екі…

1
1
1603