2016 жылдың қыркүйек айының 14-16 аралығында Шымкент қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбында семинар өткізу жоспарланып отыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҚР «ҚОҚ АТО» РМК) жанындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығы (Орталық) 2016 жылдың қыркүйек айының 14-16 аралығында Шымкент қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбында мамандандырылған оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.
Білімді қорытынды бағалау негізінде тыңдаушыларға ҚР Энергетика вице-министрінің және ҚР «ҚОҚ АТО» РМК бас директорының қолымен ведомствалық үлгідегі куәлік беріледі.
Сонымен қатар, Орталық семинар қатысушыларын үлестіру материалдарымен қамтиды - соңғы өзгертулермен және толықтырулармен ҚР Экологиялық кодексі, «Eсo-info» (CD-диск және 1500 астам құжаттар) электронды тасымалдауышта қоршаған ортаны қорғау саласының құқықтық базасы.
Өтінімдер www.pkk.iacoos.kz Орталық интернет-ресурсында қол жетімді тіркеу нысаны негізінде семинардың басталуына 5 күн қалғанға дейін қабылданады.
Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79-93-35, 8 (7172) 79-92-97 телефоны және [email protected] электронды мекенжайы арқылы Орталық мамандарына хабарласуға болады.
