Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік тіл – егемен ел айнасы

Еліміз егемендігін алғаннан кейін мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымды жұмыстар қолға алына бастады. Соның нәтижесінде, бүгінде елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің басым бөлігі мемлекеттік тілді меңгеруде.

 

Мемлекет басшысының тікелей араласуымен 1997 жылы елімізде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңға қол қойылған болатын. Бұл құжат тіл саясатын салиқалы жүргізуге зор ықпал етті. Аталмыш заң аясында кейін кезең-кезеңмен мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, өз жемісін беруде. Мәселен, қазіргі таңда елімізде «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» сәтті жүзеге асып жатқанын айрықша атап өткен жөн.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мәліметінше, бүгінгі күні республика тұрғындарының 80 пайызға жуығы мемлекеттік тілді жетік меңгерген екен. Ал 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 98 пайызы мемлекеттік тілді білетін болады деп күтілуде. Бұл – көпұлтты еліміз үшін үлкен жетістік, дейді мамандар.

Атап өтерлігі, осынау межелі мақсатқа жету жолында, яғни, тәуелсіз ел азаматтарының мемлекеттік тілді үйренуі үшін түрлі іс-шаралар үздіксіз жалғасын табуда. Қазіргі уақытта Қазақстанның түкпір-түкпірінде 88 мемлекеттік тіл оқыту орталықтары жұмыс істеуде. Мұнда қазақ тілін меңгеруге келген тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Яғни, осындай орталықтарға келушілер толығымен оқу-әдістемелік құралдары және сөздік кітаптармен қамтамасыз етілуде. Бұл ретте, елімізде мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы қалыптасқанын мақтанышпен атап өту керек. Жыл сайын том-том сөздік кітаптар, қазақша ертегілер мен балаларға арналған кітаптар, танымдық, ғылыми публицистикалық кітаптар, тіл үйренуге арналған басқа да оқу құралдарының көптеп жарыққа шығуы соның дәлеліндей. Сондай-ақ, елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында аудандық, облыстық және республикалық деңгейде түрлі сайыстар ұйымдастыру дәстүрге айналды.

Тілдерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асқаннан бері отандық  бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің үлесі де артып, бүгінде 60 пайызды құрап отыр. Атап айтар болсақ, «Қазақстан», «Балапан» республикалық телеарналары 100 пайыз, ал «Хабар», «Білім және Мәдениет», «Қазспорт ТВ» және басқа да бірқатар белді арналар бағдарламаларының 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде берілуде. Қуантарлығы, соңғы жылдары қазақ тілінде жарық көретін шығармашылық және авторлық бағдарламалар көбеюде. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушыларының мемлекеттік тілдегі үлесі артуда.

Аталмыш мемлекеттік бағдарламаның арқасында ұзақ жылдар бойы өзге тілде аталып келген қала, көше, нысандардың атаулары өзгертілді. Нақтырақ атап айтар болсақ, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері ономастикалық комиссия 6 қала, 1 348 ауыл, 7 811 көше және 1 мыңнан астам білім, мәдениет, спорт мекемелерінің атауларын өзгерткен. Аз уақыттың ішінде осындай ауқымды жұмыстардың атқарылуы – Тіл туралы Заң мен мемлекеттік бағдарламалардың табысты жүзеге асқанының кепілі екені сөзсіз.

Ерекше тоқтала кетерлігі, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, үш тұғырлы тіл жобасына басымдық берілуде. Ел тұрғындарының бірнеше тілді қатар меңгеріп, өркениет көшінен қалмауын көздеген тіл саясаты қазірдің өзінде оң нәтижесін бере бастады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы үш тілді меңгерген.  Тәуелсіздік алғанына небары ширек ғасыр ғана уақыт болған жас мемлекет үшін бұл – зор жетістік!

Ең бастысы, елімізде үш тілді оқытуға ерекше көңіл бөлінгенімен мемлекеттік тіл – егемен елдің айнасы, тірегі әрі күре тамыры болып қала бермек. Оған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды,. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», - деген сөзі дәлел.

Марат Серікбай

 
0
0
1093

Мақтаралдың намысын қорғаған Оңалбаевтар жанұясы 2-ші орынды иеленді

ОҚО орталығы Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Отан – отбасынан басталады» атты тақырыпта отбасылар арасында байқау болып өтті.

Адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – «Отбасы» екені бәрімізге мәлім. Осыны ескеріп аталмыш облыстық байқауға Мақтарал ауданынан барған Оңалбаевтар жанұясы жүлделі 2-ші орынды иеленді. Осылайша түрлі сайыстар бойынша өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсеткен Оңалбаевтар жанұясы әділ-қазылардың әділ шешіміне ие болды.

Айта кетейік, Оңалбаевтар жанұясындағы отағасы мен жұбайы Н.Оңдасынов мектебінде білікті ұстаздар. Ауданымыздың намысын қорғаған жанұяны Мақтарал ауданы әкімдігі тарапынан шын жүрекпен құттықтаймыз!

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
465

Мақтарал ауданының тұрғындары үйінде отырып-ақ өзіне қажетті құжаттарды дайындай алады

Бүгін «Мақтарал ауданында пилоттық жоба негізінде «Қазпочта» АҚ-ның аудандық бөлімшесі арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыруды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болып өтті.

Мақтарал ауданы әкімі аппаратының мамандары, ауылдық округ әкімдіктердің өкілдері, АХАЖ бөлімінің басшылары, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысқан жиында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдетуге арналған пилоттық жобаның мазмұны толықтай талқыланды. Жалпы жобаның идеясы бойынша «Қазпочта» АҚ қызметкерлері арқылы халық үйінде отырып-ақ өзіне қажетті құжаттарды дайындай алады. 28 мемлекеттік қызметтердің қайсысы енгізілуі керек мәселесі 13-қыркүйекке дейін талқыланып, шешілетін болады.

Жиынға қатысушылардың ұсынысымен Мақтарал ауданы бойынша «Достық», «Қызылқұм», «Атамекен» ауылдық округтеріне жоба енгізіліп, сынақтан өткізіледі. Егер, жұмыс нәтиже беріп, халықтың көңілінен шығатын болса басқа да ауылдық округтерге енгізіледі.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
504

Ақмола облысының Әділет департаментіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмысы

А.ж. 8 қыркүйекте  ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері  Қ. Уажанов Ақмола облысының Әділет департаментінде  өткізілген диалог алаңына қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдықтары, сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының новеллалары  туралы әңгіме өрбіді.

Департамент қызметкері жиналғандарды Стратегияның негізгі бағыттарымен таныстырды, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі шаралары жөнінде түсініктеме берді,  а.ж. 1-жартыжылдығында Әділет департаментінің қызметіндегі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындылары жарияланды,  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге неғұрлым  бейімделген салалар аталды.

Кездесудің соңында Әділет департаментінің қызметкерлері өздерін қызықтырған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға қатысты қойылған  сауалдарына  толық жауап алды.

Іс-шараға 40 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
341

Мемлекеттік қызметшілердің аттестаттауы Мемлекеттік кірістер департамент мамандарының қызығушылығын туғызды

А. ж. 8 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері Г.Евниева Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен «Мемлекеттік қызметтің қалыптасу кезеңдері» тақырыбынды кездесу өткізді.

Іс-шара өткізу барысында басқарма мамандарына бос лауазымдарға конкурстарды өткізу, жаңа біліктілік талаптары, тағылымдама, тәлімгерлік мәселелері бойынша түсініктеме берілді.

Кездесуді өткізу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берілді. Іс-шараға 64 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
465

Сен менің

Сен менің...

Сен менің - күнімсің,

Көгімде жарқыраған.

Бүлінсе бүкіл әлем бүлінсін

Сен күлші Алтын Адам.

 

Сен менің жүрегімсің

Мың мәрте тілімденген.

Тәңірден тілерімсің

Тәңірім берер ме екен?..

 
2
0
982

Жаңа оқу жылына –жаңа жоспарлармен!

Бүгін облысымыздың білім басқармасының ұйымдастыруымен «Павлодар облысының білім беру мекемелерінде«Поколение+» мәдени-білім беру жобасын іске асыру» семинары өтті.

Семинарға қатысқан ұстаздар, оқушылар, ТжКО ұйымдарының директорлар орынбасарлары  облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанынан құрылған «Жас шебер» және «Жас археолог» үйірмелерінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. «Поколение+» жобасының іске асырылуында  технологиялық колледж студенттерінің тәжірибесі қызығушылық туғызды.Сонымен қатар олар өңіріміздегі Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуының негізгі бағыттары жайлы, Жастар бастамаларын дамыту орталығының клубтары және жоспарланған іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат алды.

Барлық сөз алғандардың арасындағы негізгі ойы еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығын жас ұрпақ шығармашыл, креативті әрі жоғары ұйымдастырушылық және идеологиялық деңгейде қарсы алуға дайын екендігі жайлы болды.

0
0
450

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадрлық саясатын түсіндіру жөніндегі семинар

А.ж. 6-9 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрлігі Ақмола облысы департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкерлері  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадрлық саясаты» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинарына  қатысты. Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев «Мемлекеттік қызметтің халықаралық модельдері» тақырыбында дәріс оқыды. Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р. Братаева Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі туралы баяндады. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ. Сұлтанғазиев Этикалық кодекс нормаларының бұзғандықтары үшін мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту  тәжірибесі туралы  түсіндірді.

«Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау» тақырыбындағы практикалық сабақты Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А. Исаев өткізді.

Іс-шараларға 42 мемлекеттік қызметші қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
447