ҰЭМ: Қазақстанның ЖІӨ-сі 2016 жылдың 8 айында 0,3% құрады
ҚР-да тамыз айында экономика 0,1 пайызға өсті, биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 0,3 пайызды құрады, деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
«Тамыз айында экономика 0,1 пайызға өсті, биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 0,3 пайызды құрады. Мусым айынан бастап экономика өсімі бойынша «Нұрлы жол» бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар іске қосылды. Экономикада тұрақсыз жағдай болса да, Қзаақстанның жағдайы өзге жақын елдерге қарағанды жақсы болып отыр», - деді министр.
Оның айтуынша, экономика өсімі құрылыстағы өсім (6,7%), көлік саласында (4,2%), ауыл шаруашылығында (4,9%), өңдеу өнеркәсібі (0,7%) қызмет көрсету саласында (0,4%) өсті.
Қ.Бишімбаев айтып өткендей, тау кен өңдеу саласында 4,8 пайызға артта қалу байқалып отыр. Бұл мұнай өндірудің азаюына (4,9%), көмір (6,5%), темір (15,8%).
«Табиғи газды өндіру көлемі артты және түрлі-түсті металдарды өндіру Бозшакөл мен Ақтоғай кен орындарының іске қосылуы арқылы өсті», - деді ол.
«2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 304,4 млрд теңге 769,6 млрд теңгеден игерілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының мақсатты трансферті бойынша игеру қаржыландыру жоспарына 97 пайызды құрады», - деді ол.
Көліктік – инфрақұрылымдық даму үшін 197,7 млрд теңге қарастырылған, игеру 99,7 млрд теңгені құрады.
Министрдің айтуынша, жылу мен сумен қамту жүйесін жаңғырту үшін 90 млрд теңге қарастырылған, 55,2 млрд теңге немесе 100 пайызы игерілді. Тұрғын үй мен инфрақұрылым құрылысына 329,7 млрд теңге, инфрақұрылымға 78,5 млрд теңге қарастырылған, оның 37,7 млрд теңгесі немесе 90,6 пайызы игерілді. 702 шақырым инженерлік желі салынды.
«Баспана құрылысына 251,2 млрд теңге бөлінді, бүгінде 178,3 млрд теңге келісімі бар. Білім беру нысанының құрылысына 60,9 млрд теңге құрады, ол 32,0 млрд теңге немесе 91,3 пайызы игерілді», - деді министр.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
