Мазмұнға өту

Жаңа

«Жастар.Павлодар.kz» жастар форумы өтті

2016 жылдың 3 қазанында, Павлодар облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық «Жастар.Павлодар.kz»жастар Форумы өтті. Форумға студенттер, жұмысшы жастар, жас мұғалімдер, дәрігерлер, полицейлер, спортшылар, елордамыз бен еліміздің басқа облыстарынан келген қонақтар, барлығы 900-дей адам қатысты. Форум аясында облысымыздың дамуына үлес қосқан 32 дарынды, белсенді жастар марапатталды. Іс-шараға «Молодежь» консалтингтік басқармасының басшысы Людмила Георгиевна Бурлаченко, «Нұр сұңқар» сыйлығының «Ең үздік блогер» номинациясының жеңімпазы, блогер, медиажаттықтырушы Яков Иванович Федоров, «Зерде» жобалар холдингінің басшысы, Жастар кадірлік резервінің түлегі Қуат Нұрланбекұлы Сағадиев, «Қазақстан Скауттері қозғалысы ұйымы» ҚҰ-ның президенті Ильдар Загедере…

0
0
750

Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

А.ж. 3 қазан күні Мемлекеттік қызмет істері Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының қызметкері Е. Сүлейменов Ақмола облыстық жердi пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі аспектілері туралы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Дәріс барысында Е. Сүлейменов Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттары айқындалғанын, қызметтен тыс уақыттағы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленгені туралы, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта жалпы қабылда…

0
0
480

Құрманғазы күйлерін орындаудың бірыңғай күні

Қазақ халқы – ән мен күйге бай халық. Орыс этнографы және саяхатшы Потанин айтқандай, қазақта қанша түс болса, сонша ән мен күй бар. Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Құрманғазы күйлерін орындаудың бірыңғай күні» музыкалық флеш-мобы өтті. Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» ұйымдастыруымен өткен бүгінгі флеш-мобқа музыкалық мектептер, №1 мектеп оқушылары және музыкалық колледж студенттері қатысты. Қазан төңкерісіне дейін біздің халқымыз еркіндік, бақыт, бейбіт әрі жасампаз еңбек жайлы армандады. Халық ол арманды ән түрінде көрсетті. Ол жарқын болашақ үшін, бақытты өмір үшін күресті жырлаған, музыкалық шығармаларды дүниеге әкелген ұлдары мен қыздарын әрдайым мақтан тұтты. Құрманғазы…

0
0
983

«Жас Отан» ЖҚ Павлодар облыстық филиалының белсенділері және Универсиада 2017 еріктілері қарттар күні мерекесі аясында ардагерлерге барып қайтты

Жасотандықтар мен Универсиада 2017 еріктілері ардагерлерді құттықтай отыра, үй шаруасы бойынша көмек көрсетті. Айта кетерлігі, "ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы шеңберінде белсенділер мен еріктілер әр жұма сайын Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне, тыл қызметкерлеріне және қарапайым қарттарға барып қайтуда. Жас көмекшілер үй жинастырып, есік алдын артық шөптен тазалап, дүкенге барып, қолдан келгенше көмектесуде. "біз ардагерлерге өз еркімізбен барамыз, себебі, олар жас буынның қамқорлығын көру үшін талай еңбек сіңірді. Біз барған әр ардагердің жүзінен күлкі жалындарын байқаймын. Олар бізді әрдайым құшақ жая қарсы алады. Біз көп әңгімелесеміз, ардагерлер бастан өткізген қызықты жағдайларымен бөліседі. Ардагерлерге көмектесетін еріктілердің саны әлде қайда көбірек болғанын қалаймын"деді,…

1
0
482

Сұлулық сыры

Әйел адамзаты үшін сұлулық қашан да маңызды. Ал сұлу болудың сыры күтімде. Материалдық және психологиялық жағдайларға, жас пен дәрежеге қарамастан ол осыны ұмытпауы керек. Күтімге барлығы кіреді: сырт келбет, дене бітімінің және жан дүниенің күтімі. Осылардың ішінде жан дүние күтімін ерекше атау қажет. Өзіңізді рухани тоқыраудан сақтаңыз. Ол үшін мұражайға, театрға жиі барыңыз, күнделікті кітап оқыңыз, жаныңызға жақын, сүйікті ісіңізбен(би, аспапта ойнау, ән айту, мәнерлеп оқу, сурет салу, т.б.) айналысыңыз. Осы аталғандар сіз үшін рухани азық болатын құнды дүниелер. Жан дүниеңіз жадырап, нұрланып тұрса, сіз де айналаңызға жылулық пен махаббатты сыйлайтын боласыз. Дегенмен адаммен танысып, сөйлеспейінше , оның жан дүниесін білмейсіз. Демек, оның сырт келбеті, дене бітімі, киіну стилі сізг…

1
0
4700

Нағыз патриот

 

Франциялық журналистер "Телевизия монстры" деп баға берген Гүлмира апай қандай сұлу. Бірақ бүгін айтайын дегенім - бұл емес. Гүлмира апай - бар қазақ қызына үлгі боларлықтай-ақ тұлға. Өзім осы кісіні үлгі тұтамын. Осы кісінің инстаграмм желісіне тіркелгенмін.Бір байқағаным - әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, қазақ оюымен өрнектелген көйлегін үстінен тастамайды. Нағыз патриот. Қазақ елін танытудың әдемі жолын тапқан. Еріксіз риза боласың.

0
0
442

Еуропалықтардан қазақ әйелі 40 есе бақытты

 

Әйелдің бақытты болуы үшін 40 түрлі себеп керек. Біз қазақ әйелдері бақытты болуымыз үшін бақытты жар болу жеткіліксіз. Біздің бақытымыздың өзі конфлекті болуы керек. Біз ана ретінде де, жар ретінде де, келін ретінде де, әпке ретінде де, сіңлі ретінде де, жеңге, нағашы ретінде де, жиен ретінде де, құдағай ретінде де, әже ретінде де, құдаша ретінде де, тағысын тағы толып жатқан туыстық байланыстардың бәрінде бақытты образында болуымыз керек. Тура Ләйлә Сұлтанқызының қолындағы қолшатыр сияқты түрлі-түсті бақыттың басы қосылғанда ғана біз бақытты бола аламыз. Қазақ әйелі қырық шырақты ғана емес, еуропалық әйелдерге қарағанда қырық есе бақытты.

1
0
939

Ақтөбе облысының 12 аудан орталығы жыл соңына дейін газдандырылады

2016 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысының 12 аудан орталығы көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Назарбаев Университетінде білім алып жатқан ақтөбелік студенттермен кездесу барысында мәлімдеді. Облыс әкімі студенттерге өңірдің экономикалық, мәдени және әлеуметтік саласындағы жетістіктерін жеткізіп, Тәуелсіздік жылдары алынған белестерді алға тартты. Атап айтсақ, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы өңірдің экономикалық ахуалы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы, әлеуметтік-қоғамдық жағдай мен жаңа өндірістердің құрылыстары тілге тиек болды. Өңір тұрғындарын су, жылу, газ, электрмен қамту мәселесі бойынша Бердібек Сапарбаев жақын айларда Ырғыз және Уіл ауылдары газбан қамтылады, 2016 жылдың соңына қарай облыстың…

0
0
809

Г.Әбдіқалықова: Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерінің бірі – мемлекеттік қызметшілерді даярлау жүйесін қалыптастыруы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстанның саяси мемлекеттік қызметі: қалыптасу және даму кезеңдері» атты форумға қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (ҰЖМБМ) алғашқы түлектерінің 20 жылдығына арналған форумды ұйымдастыруға ҰЖМБМ түлектері қауымдастығы, Мемлекеттік қызметтің өңірлік хабы, Францияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Астана қаласы әкімдігі және өзге де ұйымдар атсалысты. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан қоғамының бірлігін қамтамасыз ету және тәуелсіз мемлекеттің дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін елдің саяси мемлекеттік қызметін жетілдірудің жаһандық трендтері мен жолдарын талқылау. Форум жұмысына мемлекеттік органдард…

0
0
399

Халықаралық бейбітшілік бюросының Конгресіне қатысушылар ҚР-ның ядроға қарсы саясатын қолдады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерболат Сембаев Берлиндегі «Бейбітшілік пен табиғатты сақтау үшін қарусыздандыру» тақырыбына өткен Халықаралық бейбітшілік бюросының (IPB) Дүниежүзілік конгресінің жұмысына қатысты», деп хабарлады ҚР СІМ. Пленарлық сессия барысында Е. Сембаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық таратпау және қарусыздандыру саласындағы, соның ішінде әскери бюджеттердің 1%-ын тұрақты даму мақсаттарына бөлу жөніндегі бастамаларына арналған ҚР Сыртқы істер министрінің сәлемхатын оқыды. Кездесуге қатысушылар арасында SIPRI Дүниежүзі проблемалары Стокгольм халықаралық институтының осы мәселесі бойынша шолу баяндамасы таратылды. Сондай-ақ, ведомствоның ақпараты бойынша, конгресс алаңдарында қазақстандық дипломат IP…

0
0
864