ru
Default banner
Разное
426 298 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Шымкентте бизнес-идея байқауының грант жеңімпазы анықталды

Шымкент қаласында «Даму» Қоры жүзеге асыратын «Жаңа бизнес ашуды қолдау» оқыту жобасы шеңберінде іс бастаушы кәсіпкерлер арасында бизнес-идея байқауының жеңімпазы анықталды.

Қыркүйек айында Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) іс бастаушы стартапшылар үшін жасалған арнайы бағдарлама бастау алды.

Бағдарлама start-up жобаны ұйымдастырудағы менеджмент және маркетинг, бизнесті бағалау, кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері тақырыптары және басқа да өзекті тақырыптарды қамтитын кәсіпкерлікті жүргізу мен дамытуға 3-күндік белсенді оқуға негізделген. Бағдарламаға болашағы зор бизнес-идеясы бар 18 жастан асқан барлық үміткерлер қатыса алады.

 

Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар бизнес-идеяның таныстыру рәсімін дайындап, қазыларға таныстырады. Оқу аяқталғаннан байқау жеңімпазы анықталғанша барлық үрдісте қатысушыларды «Даму» Қоры КҚКО-ның кеңес берушілері олардың жобаларын жүзеге асырудың тәжірибелі сұрақтары бойынша сүйемелдейді.

Шымкент қаласында барлығы 30-дан аса жас бағдарламаға қатысудан дәмелі болды. Қазылар қатысуға ниет білдірген 30 аадамның ішінен 22 өтініш берушіні іріктеліп алды. Олар бағдарлама шеңберінде оқытылды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, 22 қатысушы оқу соңында өздерінің бизнес-идеяларын ұсынды және қазылар екінші кезең үшін 10 үздік бизнес-идеяны іріктеп алды. Іріктеу негізінен жобаның өміршеңдігі, жүзеге асырылуы, сонымен қатар жобаның өзін-өзі ақтауы және әлеуметтік маңыздылығы талаптарына негізделді.

Бағдарламаның екінші кезеңіне өткен жастар «Бизнес-идеялар марафоны» байқауына кірісті. Бұл кезеңде барлық балалармен Тәлімгерлер жұмыс істеді. Кәсіпкер – қатысушылар үшін арнайы таңдалған, қаланың табысты жандары.

Осылайша Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының КҚКО-да «Brooklyn» әдеби кафе ашу» бизнес-идеясымен Худайбергенова Мөлдір мен Ділдабекова Айсұлудың тобы жеңімпаз атанды.

Грант сомасы – 150 мың теңгені құрады. Қалған финалға қатысушылар өзін-өзі дамыту бойынша кітап түрінде бағалы заттар алды.

Сонымен бірге, оқу қорытындысы бойынша үш қатысушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, және өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға ниетті.