Қазақ үкіметі және қазақ тілі. Нәтиже көңіл қуантады!
Өткен айда Қазақстанда үкімет ауысты. Екі-жыл сайын орын алып жататын әдеттегі ауыс-түйіс. Ел тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңына дайындық деуге де болады. Алайда, бір нақты өзгерісті айтпай кетуге болмайды. Әдетте, үкімет жұмысы оның қызметінің соңында бағаланады. Бірақ, қоғам қайраткерлері, БАҚ тарапынан кез-келген уақытта сынға ұшырап, өткір талқыланатын мәселенің бірі - Үкіметте отырған шенділердің мемлекеттік тілде сөйлей білу деңгейі екендігі баршаға мәлім. Және де әрдайым елжанды азаматтарға үкіметтегі мемлекеттік тілдің қолдану аясы ашу туғызып келді. Аталған сыни ой-пікірлердің ақиқаттан ауылы алыс болмаса да, қазақ үкіметінің мүшесі ретінде тіршілік етіп жүрген «ақ қарғаның» қазақ тілін бағалаған отандастар сөздерінде ыза табы байқалып тұратын. Сондықтан, артық-ауыс көңіл-күй т…