Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – қоғамның мақсаты

2016 ж. 5 қазанда Қазақстан Республикасы АШМ «Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақмола облыстық инспекциясы» меммлекеттік мекемесінің  ұжымында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты.

Семинар барысында Департаменттің өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, оның алдағы он жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жүргізу тәртібімен таныстырды.

Кездесу соңында А.Жаналинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іс шараға 30 шақты адам қатысты.

0
0
250

Алматыда ТМД елдерінің педиатрлары Қазақстандағы балалардың денсаулығын қорғауды жетілдіру мәселелерін талқылауда

Алматыда аймақтардағы педиатрлардың, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс қызметкерлерінің, Қазақстан, Ресей және өзге де ТМД елдерінің әртүрлі салаларындағы жетекші мамандардың қатысуымен ҚР балалар дәрігерлерінің VIII съезі басталды.

Шараны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен Қазақстан педиатрларының одағы ұйымдастырып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, форум қатысушыларының алдында сөз сөйлеген ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті басшысының орынбасары Роза Қуанышбекова Съезд өткізілгеннен бері 4 жылда Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғау деңгейін арттыру бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атап айтты. Диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялы, заманауи тәсілдері енгізіліп, педиатрлық және т.б. бағыттағы медициналық кадрларын дайындау процесі жетілдірілді.

«Мемлекет басшысы  өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланы қорғау – жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі екенін мәлімдеген болатын. Аталған бағыттарды іске асыру ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті әрі қарай аймақтандыруға, балаларға кешенді медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге негізделген босандыру мен балалар қызметтерінің біріктірілген үлгісін енгізу арқылы жүзеге асырылады», - деді Роза Қуанышбекова.

Ол аталған бағытта көрсетілетін медициналық көмектің өз бағдары аясында барлық деңгейде тиімділік пен сапаны қамтамасыз ету, бақылау бойынша республикалық емханалардың, ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының жауапкершілігі күшейтілгенін атап айтты.

«Сонымен қатар, ҒЗИ ғалымдары да аймақтардағы медициналық қызметкерлерге халықпен жұмыс істеуде (тіпті аудан деңгейінде) қажетті консультативтік, әдістемелік, және практикалық көмек көрсетеді», - деп хабарлады ҚР ДСӘДМ өкілі.

Пленарлық отырыста бала және нәресте өлімін әрі қарай төмендету; перинаталды патологияларды емдеу мен оның диагностикасы, профилактикасы; алғашқы медициналық-санитарлық медициналық көмек деңгейіндегі балаларға көрсетілетін медициналық көмектің нәтижелілігі мен сабақтастығын, сапасын арттыру; хирургиялық патологиялары бар балаларға көрсетілетін медициналық көмектің жоғары технологиялық жаңа түрлерін енгізу; педиатриялық ғылымды дамыту және балалар мен репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығын қорғау қызметіне инновациялық технологияларды енгізу, еліміздің ЖОО-да педиатриялық кадрларды даярлау және т.б.

7 қазанда панельдік секцияларда балалар гемотологиясы, онкологиясы мен иммунологиясының, ревмотология, кардиология мен балалар хирургиясының, тыныс алу мүшелері мен зат алмасудың туабітті патологиясы мәселелері қарастырылатын болады.

Съезд аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Камал Ормантаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтау жоспарланып отыр. Ол тек балалар хирургиясына ғана емес, еліміздің барлық педиатриялық қызметіне баға жетпес үлес қосты.

Сонымен бірге, заманауи дәрілік заттар мен балалар тағамының, медициналық мақсаттағы бұйымдар, жаңа ақпараттық және медициналық технологиялар жәрмеңкесі өткізіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
450

Н.Назарбаев: «Дін терроризмге қарсы» конференциясы саяси және діни қайраткерлердің байланысына серпін береді

Мәскеудегі Ресей халықтар достығы университетінде «Дін терроризмге қарсы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін  Президент Әкімшілігі жетекшісінің  орынбасары Бағлан Майлыбаев оқып берді.

«Халықаралық терроризм жаңа әдістерге ие болды. Террорлық акт  барша адамзатқа қарсы кектің қаруына айналды.

Бұл зұлымдықпен күрес  - әлемдік қауымдастықтың міндеті. Терроризмге қарсы тұрудың жауапкершілігін ең алдымен қоғамның, діннің, парламентарилердің   көрнекті өкілдері алуы керек.

Өкінішке қарай, аталмыш мәселеден шығу  жолы әлі де жоқ. Сондықтан жауапқа бару жолын бірлесіп іздеуіміз керек. «Дін терроризмге қарсы» конференциясы саяси және діни қайраткерлердің   байланысына серпін береді», - деді ҚР Президенті.

Өз кезегінде, Б.Майлыбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің халықаралық терроризмге қарсы  күресуде діннің рөлі атты бірлескен бастамалары өте өзекті мәселе болып табылатынын айтып өтті.

«Жанжалдар мен даулар ешқандай пайда әкелмейді және мағынасыз болып табылады.Ал «Дін терроризмге қарсы» деп аталатын конференция Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде белгіленген халықаралық терроризмге қарсы тұру бастамаларын жүзеге асыру үшін қосымша алаң қызметін атқарады», - деді Б.Майлыбаев.

«Бір өкініштісі – әзірге бұл проблеманы шешудің біртұтас және ауқымды тәсілі жоқ. Сол себепті, ғаламдық қауіпке айналған бұл мәселені шешу жолын бірлесіп қарастырған жөн. «Дін терроризмге қарсы» конференциясы саяси және діни қайраткерлердің диалогының өрби түсуіне ерекше қарқын береді деп сенемін», - дейді Б.Майлыбаев.

Ресей Президенті В.Путиннің атынан үндеуді  РФ Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Магомедсалам Магамедов оқып берді.

Конференцияға Ресейдегі Қазақстанның Өкілетті және Төтенше елшісі Марат Тәжин, Қазақстан мен Ресей министрліктері мен ведомстволарының өкілдері,  РФ Мемлекеттік Дума депутаттары және екі елдің қоғам қайраткерлері қатысты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
350

Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштарды өндіретін жаңа кешен салынады

Әлемдегі жетекші агрохимиялық компаниялардың бірі саналатын EuroChem Group AG (ары қарай «ЕуроХим» немесе «Топ») өзінің Қазақстандағы «ЕуроХим-Қаратау» еншілес кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы әкімдігімен бірге Өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес ЕуроХим минералды тыңайтқыштарды өндіретін жаңа кешен құрылысына, сондай-ақ, жергілікті әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция құятын болады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Аталған кешен компанияның Жамбыл облысындағы фосфорит кенін шығаратын өндірісінің жанында орналасады. Өз кезегінде Қазақстан билігі ЕуроХим өз жобасын кідіріссіз жүзеге асыруы үшін оңтайлы құқықтық және бизнес ортаны қамтамасыз етпек. Осыған орай «ЕуроХим» бас директоры Дмитрий Стрежнев келесідей түсініктеме берді: «Меморандумға қол қою біздің стратегиялық жобаларымыздың бірін жүзеге асыру жолындағы маңызды әрі бірізді қадам болып табылады.

Қызметімізге қолдау көрсетіп отырғаны үшін Қазақстан билігіне алғысымызды білдіреміз, және де арадағы ынтымақтастығымызды нығайтуға біз қашанда қуаныштымыз. Бүгінгі іс-шара жобамызды жүзеге асыру жөнінде, сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жақсарту жөнінде біз өз міндеттемелерімізді орындауды жалғастырып, мемлекеттік-жеке әріптестіктің ауқымын кеңейтіп жатқанымызды айғақтайды». ЕуроХим - 2013 жылдан бастап Жамбыл облысында фосфорит кенін өндіру және минералды тыңайтқыштарды шығару бойынша жобасын жүзеге асырып келе жатқан Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі.

Биылғы жылдың басында жобаның бірінші кезеңі табысты аяқталып, қазір ол жылына 640 мың тонна фосфорит кенін өндіре алатын жобалық қуаттылығына жетіп отыр. Сондай-ақ, ЕуроХим аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция құюды жалғастырып келеді және де қазірдің өзінде осы мақсатқа 18 млн. АҚШ долларын бағыттаған.

Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде ЕуроХим жылына өндірілетін фосфорит кенінің көлемін 1,5 млн. тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр, бұл компанияның аймақта минералды тыңайтқыштарды өндіретін кешенді салу бойынша жоспарымен байланысты.

Аталған кешеннің өндірістік қуаттылығы негізгі өнім түрлері бойынша (калий сульфаты және дикальцийфосфат) жылына 1 млн. тоннадан аспақ, сондай-ақ, ілеспелі өнімдер бойынша жылына шамамен 1 млн. тоннаны құрамақ. EuroChem Group AG «ЕуроХим» негізінен азоттық және фосфорлық тыңайтқыштарды, сондай-ақ, органикалық жолмен синтезделген өнімдерді және темір кенін өндіретін әлемдегі жетекші агрохимиялық компания болып табылады.

Топ құрылымы тігінен ықпалдастырылған және оның қызмет шеңберіне пайдалы қазбалар мен көмірсутекті өндіруден бастап, тыңайтқышарды өндіру, логистикасы және дистрибуциясына дейінгі қызмет түрлері кіреді.

Қазіргі таңда Топ «ЕуроХим-ВолгаКалий» және Усол калий комбинаты жобалары шеңберінде Ресейдегі екі ірі калий тұзы кенорнын игеруде. Топтың бас кеңсесі Швейцариядағы Цуг қаласында, ал өндірістік кәсіпорындары мен дистрибуция желісі Бельгия, Қытай, Қазақстан, Литва, АҚШ және Ресейде орналасқан.
Компанияның қызметкерлер саны бүкіл әлем бойынша 23 400 адамнан асады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
488

ҰЭМ: Бәсекелестік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулер төрт әлеуметтік саланың бағасын реттейді

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі Сенат комитетінің мүшелерімен бәсекелестік мәселелері бойынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұсыныстарына сәйкес әзірленген заңнамалық түзетулерді талқылады.

«Қазақстанның 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап баға реттеуден бас тартты. Өзінің нарықтағы жағдайын теріс пайдаланатын субъектілерге қатал қаржылық салдары бар икемді құрал» - деп атап өтті Бишімбаев.

Оның деректері бойынша 47 астам тауар нарығына талдау жасалды, ол әлеуметтік наразылық және бағаның күрт көтерілуі мүмкін аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді.

«Қорытындысында реттеуді 4 салада, атап айтқанда теміржол көлігі, электр энергетикасы, газбен жабдықтау және әуежай қызметінде сақтап қалу ұсынылады» - деп хабардар етті Бишімбаев.

Аталған тауар нарықтары бойынша оларды қоғамдық тұрғыдан маңыздылығын белгілей отырып, шамамен 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін баға реттеуді сақтап қалу ұсынылады.

Бұдан басқа, Заңнамаға табиғи монополия саласында мемлекеттік реттеу тәсілдерін өзгертуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізіледі. «Біз табиғи монополия субъектілері қызметін реттеудің ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес ынталандыру әдістерін кезең-кезеңмен енгізуді ұсындық. Бұл - табиғи монополия субъектілері жұмысының тиімділігін арттырады» - деп хабарлады министр сенаторларға.

Министр, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыра отырып, құжатта Монополияға қарсы қызметтің міндетін, мәртебесі мен  жұмыс тәртібін, сондай-ақ басқа елдердің құқық қорғау органдарымен және монополияға қарсы ведомстволарымен өзара іс-қимыл тетіктерін айқындау ұсынылғанын атап өтті.Заң жобасында, егер келісімдер бәсекелестікке қарсы сипатта және бәсекелестікке қауіп төндіруі мүмкін болса зияткерлік меншікке айрықша құқыққа қатысты  алып қоюларды  жою көзделген, бұл, қазақстандық кәсіпкерлерді шетелдік тауар өндірушінің нақты өкілімен келісім жасауға мәжбүрлеген жағдайларда ден қоюға мүмкіндік береді.

Сенаторлар министрліктің өкілдеріне монополияға қарсы реттеу және жекелеген тауар түрлеріне бағаны реттеу саласында құқықтық нормаларды өзгертуге қатысты сұрақтар қойды.

Пікірталас барысында депутаттар талқыланып жатқан заң жобасының мазмұны бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.Кездесуді аяқтай отырып, Қ.Бишімбаев келесі жылы парламенттің қарауына «Табиғи монополиялар туралы» жаңа заң жобасы ұсынылатынын хабарлай отырып, Сенат депутаттарының монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысқа қатысуға қызығушылық  танытқанын атап өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
573

ТМД қатысушы-мемлекеттері Мәдени ынтымақтастықтың өзара байланысын меңгерді

ТМД қатысушы-мемлекеттері Мәдени ынтымақтастықтың өзара байланысын меңгерді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Түркменістан өкілдері Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі мәдени өзара әрекеттесу мәселелерін талқылау үшін жиналды. ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мәдени ынтымақтастық бойынша кеңесінің ХХХІ отырысының ашылу рәсімі бүгін Қазақстан Республикасының елордасында өтті.

Биылғы Отырыс аталмыш ұйымның 25-жылдығына орайластырылып ұйымдастырылды. Ширек ғасыр бойғы қызметінде ТМД өзін теңқұқылы тәуелсіз мемлекеттердің ынтымақтастық формасы, қызметінің негізгі бағыттарының бірі гуманитарлық әріптестік болып табылатын беделді аймақтық мемлекетаралық ұйым ретінде көрсете білді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова министр Арыстанбек Мұхамедиұлының шара қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау хатын оқыды. Министр хатында  ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың арқасында ТМД көптеген бастамалары өз жалғасын тауып, елдер арасындағы көпжақты байланыстарды белсендете түсуде өз үлесін қосқандығына ерекше тоқталып өтті.

«Жалпы, достастық мүшелерінің барлық мәдени жобалары өркениеттің ортақ мұрасын, рухани және материалды мәдениет ескерткіштерін, ТМД қатысушы-мемлекеттердің барлық халықтарының ұлттық жетістіктерін сақтап қалу мен пайдалану, олардың ұлттық және діни дәстүрлерін сыйлауға бағытталған негізгі қағидаларымен біріктірілген», - деп жазды министр.

Қазақстандық ведомствоның өкілі А.Райымқұлова айтып кеткендей, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мәдени ынтымақтастық бойынша кеңесі аясындағы Қазақстанның негізгі мақсаты көпұлтты мемлекеттің бірегей мәдени мұрасын сақтау мен арттыру, қазақ халқының тарихи тамырларын қалпына келтіру болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі ЕурАзЭҚ, ЮНЕСКО, ШЫҰ, ТМД, ТҮРКСОЙ шеңберінде мәдени халықаралық саясат пен жобаларды жасақтау мен жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді.

Атқарушы комитетінің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары Қонысбек Жүсіпбеков, отырыстың жүргізушісі – Армения Республикасы мәдениет министрінің орынбасары Артур Погосян шара қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау сөз сөйледі.

Екі күнге созылатын Отырыс жұмысының негізгі бағыттары мәдени ынтымақтастықтың даму жағдайы мен болашағы, мәдени байланыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың өзара әрекеттесуі, Достастық шеңберінде мәдениет дамуының үрдістері мен ерекшеліктерін зерттеу және т.б. қамтиды.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Ресей Федерациясының өкілдері, сонымен қатар ТМД Атқарушы комитеті мен Халықаралық Дельфи комитетінің өкілдері қатысуда.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
570

Қазақстанда 700-ден астам адам пробация органдарынан әлеуметтік-құқықтық көмек алды

Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде пробация қызметінің жәрдемдесуімен бас бостандығынан айыру орындарындағы 731 адамға көмек көрсетілді. Олар көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек аясында жұмысқа орналасу, оқудан өту, құжаттарын қалпына келтіру, медициналық және психологиялық қызметтердің қажетті кешенін алу мүмкіндігін алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Айгүл Табергенова «Үкімет ашық сұхбатта» дөңгелек үстелі барысында айтты.

«Арнаулы қызметтер туралы заңға сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қиын өмірлік жағдайдағы адамдар ретінде танылады. Егер адам зейнеткер болса немесе оның мүгедектігі бар болса, әлеуметтік қорғау жүйесінде осы адамдарды қолданыстағы медициналық-әлеуметтік ұйымдар арқылы оңалту моделі құрылған», - деді А. Табергенова.

Осылайша, ағымдағы жылғы сегіз ай ішінде пробация органдары медициналық-әлеуметтік ұйымдарға 394 адамды жіберген.

Сарапшы Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарының адамдары жұмысқа орналастыруда бірінші кезектегі құқығы бар нысаналы топ болып табылатынын атап өтті.

«Осы негіздердің барлығы қабылданып жатқан пробация және тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заңда көрініс тапты, оларды қабылдағаннан кейін пробация жүйесі анағұрлым тиімді болады, барлық мүдделі органдар тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасы артады деп ойлаймыз», - деп қорытты А. Табергенова.

Еске сала кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігі «Пробация туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Ұлт жоспарының 33-қадамын орындау шеңберінде әзірлеген болатын. Заң жобаларының мақсаты – қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру, оны әлемдік стандарттарға, соның ішінде кінәлі адамдарға қайта әлеуметтендіру әсерін арттыру арқылы жақындату.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
659

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім берудің ортасы кеңейе түседі

Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы түзету мектептерінің қызметкерлеріне арналған халықаралық конференцияда екі күн бойынша Көкшетау қаласында өтпек. Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Қазіргі уақытта әлемде де біздің елімізде де инклюзивті білім беру дамуда. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың да жалпы білім беру мектептерінің білім беру процесіне қосылуына мүмкіндік береді.

Қазақстанның білім және ғылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі инклюзивті білім беру жүйесін дамыту болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша Ақмола облысының білім басқармасы Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен бірлесіп Көкшетау қаласының есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған №4арнайы түзету мектеп-интернатында халықаралық конференция өткізуде.

Аталған шараға Ресей және Қазақстан арнайы түзету мектептерінің қызметкерлері, университет оқытушылары, сонымен қатар түзету кабинеттерінің, инклюзивті мектептер мен медициналық, психологиялық және медициналық консультация қызметкерлері қатысты.

Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова өңірде 4370 мүмкіндігі шектеулі балалардың тізімде тұрғанын әрі кездесу барысында қарастырылатын мәселелердің шын мәнінде аса маңызды екендігін атап өтті.

Балалардың психологиялық, медициналық және педаагогикалық тексеру, оларды оқыту, түзету және оңалту түрін анықтау, сонымен қатар Ақмола облысының мүмкіндігі шектеулі балаларынының ата-аналарына кеңес беру мақсатында 4 психологиялық, медициналық және педагогикалық консультацияылар, 12 психологиялық, медициналық және педагогикалық түзету кабинеттері, балабақшалар жанындағы ұйымдастырылмаған балаларға арналған инклюзивті және түзетудің 2 кабинеті мен 4 арнайы түзету мектеп интернаттары мен 1 аралас балалар үй жұмыс істеуде.

Балым Ізбасарованың айтуынша бүгінгі таңда есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларды оқыту және тәрбилеу процесі инклюзивтенген жалпы білім беру мекемелерінде кеңейтіліп келеді. Сөйлей алатын бірақ дыбысты сәл дұрыс айта алмайтын оқушылар жалпы білім бекру мектептерінде оқып жатыр.

Ақмола облысында есту қабілеттері бұзылған балаларды әріқарай оқыту мәселелеріне аса маңызды орын берілген. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесі бұл білім берудің ерекше білім алу қажеттіліктері бар жасөспірімдер олардың қоғамда одан әрі әлеуметтенуіне қажетті білімдерін алатын білім саласы.

Сонымен өңірде тірек-қимыл жүйесі, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған балаларды оқытуға екі колледжде жағдай жасалған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
921

Мұнай бағасы қанша құбылса да Қашаған мемлекетке пайда әкеледі

2016 жылдың 5 қазан 14:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қашаған» кен орны мұнай қандай бағамен сатылса да, мемлекет үшін кірісті жоба. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев баспасөз мәслихатында айтты.

«Бүгінде Қашағанда іске қосу, ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазан айының үшінші онкүндігінде біз коммерциялық өндіріске жетеміз бе деп отыр. Ол шамамен  тәулігіне 75 мың баррель. Болашақта бұл көрсеткішті көтеретін боламыз. Мемлекет үшін бұл жоба кез келген жағдайда да кіріс рентабельді. Себебі, роялти (иелік - автор) салық аламыз, сондықтан мұнай қандай бағада болса да бұл жоба бізге тиімді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар, ол құбырларға қатысты шығын мәселесіне де тоқталып өтті.

«Ол шығынды мердігерлер өтеді», - деді ол.

Қашаған - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны. Ол Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Қашаған 75 км x 45 км аумақты алып жатыр. Қашаған соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны болды. Кен орнының коллекторы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр.

Соңғы зерттеу деректеріне сәйкес, кен орынның мұнай қоры 913 миллиард баррель мұнайды құрайды.

Көзі: http://kazinform.kz/kz/kashagan-munay-bagasy-kanshadan-satylsa-da-memleketke-payda-akeledi_a2956276

0
0
575

Ақмола облысында астық кептіруге қосымша дизель отыны бөлінді

Естеріңізде болса, бұған дейін аймақтың кейбір диқандары біздің арна тілшілеріне жанармайдан таршылық көріп жатқанын айтқан еді. Алайда, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұл шағымды негізсіз дейді. Себебі, егін орағына деп Үкіметтен арнайы бөлінген 75 мың тонна сұйық отын аудан, ауылдарға уақытында үлестірілген. Айта кетейік, бүгінге дейін өңір диқандары сары алтынның 98%-ын жинап үлгерді. Соңғы күндердің жаңбырлы болуына байланысты мемлекет тарапынан астықты кептіру үшін тағы 28 мың тонна дизель отыны бөлінген.

Максим Гатцанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі

- Егін орағына деп бөлінген 75 мың тонна дизель отынының бүгінде 96%-ы аймақ диқандарына үлестірілді. Бағасы литріне 95 жарым теңге. Бұл жанармай құю бекеттеріндегі бағадан әлдеқайда арзан. Сондықтан, бізде сұйық отынмен проблема жоқ.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/141381-y-b-lindi

0
0
388