Мазмұнға өту

Жаңа

«Нұрлы жол» аясында транзиттік әлеуетті жетілдіру үшін 95,2 млрд теңге бөлінді – ҰЭМ

«Нұрлы жол» аясында транзиттік әлеуетті жетілдіру үшін 95,2 млрд теңге бөлінді, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында.

«Транзиттік әлеуетті көтеру үшін 2020 жылдан бастап  жылына 25 млн тоннадан  88 млн тоннаға жеткізіп, өткізу қуаттылығын  3-тен 7,6 млн адамға арттыру үшін бағдарлама аясында  95,2 млрд теңге қарастырылған,  2015 жылы  48,8 млрд теңге,  2016 жылы  46,4 млрд теңгені Боржақты-Ерсай, Алматы-Шу бағытындағы  автожол құрылысына бағыттау қарастырылған», - деді ол.

Министр айтып өткендей, биыл бөлінген қаражат  толық көлемде  квазисектор компанияларының құзыретіне тиесілі,  олар  34 млрд теңгені игерген болатын. Қалған қаржы жыл соңына дейін игеріледі.

«Макроөңірлерде өндірісті дамыту үшін  мемлекеттік бағдарлама  арнайы экономикалық аймақтардың құрылысын жүргізуді қарастырған.  Оның ішінде Атырау облысындағы Ұлттық индустриялды  мұнай және химия технопаркі бар», - деді ол.

« «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ  бойынша экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін  18 млрд теңгенің  7 жобасы мақұлданды, оның ішінде  3 жоба  4,6 млрд теңгеге қаржыландырылды. Сондай-ақ,  қосымша қарауда  22,4 млрд теңгенің 9 жобасы бар. Бұл қаражат кәсіпорындарды экспорт алдындағы қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді министр.

Министр айтып өткендей,  Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның  45 млрд теңге   қаражаты 145 млрд теңгенің  жылдық экспортын қамтамасыз етеді. Бұл қаражат  32,5 мың жұмыс орны бар  17 кәсіпорынды  қолдауға мүмкіндік береді. Аталмыш қаржы жыл соңына дейін толық игеріледі.

«Жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге қаржыландыру бойынша  2015-2016 жылдары 20,3 млрд теңге бөлінді, оның ішінде  2015 жылы 8 млрд теңге,  2016 жылы  12,3 млрд теңге. Аталмыш қаражат  ХҚҰ бірге асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруға бағытталды. Оның ішінде ТКШ жаңғырту, қалалық көлік,  қоршаған ортаны  қалпына келтіру бойынша  шараларды қолға алу,  суландыру және су сіңіру жұмыстары қамту жатсады», - деді Қ.Бишімбаев.

«2015-2016 жылдары 77 мектеп пен 19 балабақша салуға 77,3 млрд теңге бөлiндi. Бұл мақсатқа биылғы жылы қарастырылған 57,9 млрд теңгенiң 38 млрд теңгесi жергiлiктi атқарушы билiкке берiлдi. Бұл қаражаттың 96 пайызы игерiлдi», - дедi Қ.Бишiмбаев.

Министр Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, ОҚО және Алматы қаласы қаражатты толық игергенiн атап өттi. Ал ШҚО қаражаттың 80, Астана қаласы 70 пайызын ғана жаратқан.

Бұл мемлекеттiк тапсырыс бойынша қаржыны үнемдеу мен құрылыс жұмыстарының кешiгуiне байланысты. Бұдан бөлек, Атырау облысында орта мектеп пен ШҚО-да балабақша уақытында тапсырылмады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
516

Маскатта Қазақстан мен Оман арасында саяси консультациялар өтті

Маскат қаласында Қазақстан Республикасының және Оман сұлтандығының Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.

Қазақстандық делегацияны – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов, ал омандық тарапты Оман Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммад Аль-Хассан басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Тараптар консультациялар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастық мәселелерінің ауқымды топтамасын, сондай-ақ Оман СІМ басшысы Юсуф бен Алауидің Қазақстанға ресми сапарына дайындық барысын талқылады.

Өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша, соның ішінде Қазақстан мен Оманның халықаралық терроризмге қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Осыған орай, тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар мен құрылымдар шеңберінде екі елдің позицияларын үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

«Тараптар Оманның Қазақстан бастамасы бойынша құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылуы бойынша жұмысты жалғастыру туралы келісті», - деп айтылды хабарламада.

Екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жолдарын қарау кезінде болашақ бағыттар ретінде энергетика, ауыл шаруашылығы, ислам банкингі, тараптардың транзиттік-көлік әлеуеті сияқты т.б. салалар атап көрсетілген. Екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жолдарын қарау кезінде болашақ бағыттар ретінде энергетика, ауыл шаруашылығы, ислам банкингі, тараптардың транзиттік-көлік әлеуеті сияқты т.б. салалар атап көрсетілген.Осы салалардағы бірлескен жобаларды пысықтау, өзара инвестицияларды көтермелеу, Қазақстан мен Оманның жеке меншік секторлары өкілдерінің екі елде өткізілетін халықаралық көрмелерге қатысуын ұйымдастыру туралы келісушілікке қол жеткізілді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Үкіметаралық комиссия құру, сондай-ақ екі жақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту қажеттілігі атап өтілді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
537

Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін 6,7 мың км автожол салынады

Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін 6,7 мың км автожол салынады, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Астананы өңірлермен байланыстыратын  тиімді өңіраралық жол желісін құру үшін  2015 жылдан 2020 жылға дейін  мемлекеттік бағдарлама аясында  6,7 мың жол қайта жөнделіп, төселеді», - деді Қ.Бишімбаев.

2015-2016 жылдары автожолдарды  қайта жөндеу үшін  329,3 млрд теңге бөлінді.

«2015 жылғы қаражат толық игерілді.  Ол 456 шақырым жолды жөндеуге мүмкіндік берді. Биыл 151 млрд теңге бөлінді, оның 96 млрд теңгесі  толық геріліп, жол-құрылыс жұмыстарымен 1 мың км автожол қамтылды. Жыл соына дейін  920 км автожолда құрылыс аяқталмақ», - деді министр.

Биыл «Ақтау-Бейнеу» учаскесінің барлық бөлігінде қозғалыс ашылады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына 2400 адам тартылған, оның 59-ы шетелдік маман. Құрылыс материалдарының 85% Қазақстанда шығарылған. Атап айтқанда, битумды - «Каспи Битум» ЖШС-і (Маңғыстау облысы), цементті – «Каспи Цемент» ЖШС-і (Маңғыстау облысы) өндіреді. Ал темір-бетон бұйымдары Ақтөбе мен Алматыда жасалған.

Республикалық маңызы бар А-33 «Атырау–Актау» автокөлік жолы  Маңғыстау облысының теңіз портын еліміздің басқа аймақтарымен байланыстыратын жалғыз автокөлік бағыты болып табылады. Сонымен бірге, ОААЭЫ (Орталықазиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық) дәлізінің негізгі учаскесі ретінде үлкен транзиттік әлеуетке ие.

« «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы  экономика мен жұмыспен қамтудың негізгі қозғаушы күшіне айналды. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру  2015 жылы 1,3 пайыздық пунктіні құрады. Биыл 1,2 п.п. көрсеткішінде бағаланып отыр.  2016 жылы  «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін  Ұлттық қордан  769,6 млрд теңге қарастырылған,  оның ішінде  503,4 млрд теңге  мақсатты трансферт ретінде республикалық бюджетке және  266,2 млрд теңгесі  облигациялық қарыз арқылы ұлттық холдингтерге бағытталады», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрліктің мәліметі бойынша, мақсатты трансфер бойынша  қаржыландыру  жоспары бойынша 331 млрд теңге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен  324 млрд теңге игерілді.

«Облигациялық қарыз  2016 жылғы 266,2 млрд теңге  бойынша  210,7 млрд теңгенің келісімі орнатылып,  84 млрд теңге игерілді. Бағдарлама бойынша 409 млрд теңге игерілді», - деді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
542

Қазақстанның орталығынан 4,7 мың шақырымға сәулелік автожолдар созылады

«Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс» және «Орталық-Батыс» жобалары бойынша жалпы алғанда 4,7 мың шақырым жолды қайта құру мен салу жоспарлануда, олардың көп бөлігі 2016 жылдың соңына дейін тапсырылады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметі отырысының барысында.

«Ұзындығы 1 288 шм және құны 863 млрд. теңге тұратын «Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша (Астана-Алматы) жұмыстар 2013 жылдан бастап Астана-Теміртау (171 шм) және Алматы-Қапшағай (104 шм) учаскелерінде басталған. Бүгінгі таңда 12 шм Астана-Теміртау учаскесі және 72 шм Алматы-Қапшағай учаскесі пайдалануға берілген», - деп баяндады министр.

Оның айтуы бойынша, осы жоба бойынша 2016 жылғы бюджет – 63 млрд теңге. Бөлінген қаражат есебінен жұмыстар жоғарыда көрсетілген учаскелерде жүргізіліп жатыр, олар жыл қорытындылары бойынша толығымен аяқталады: Астана-Теміртау – 159 шм, Алматы-Қапшағай – 32 шм). 59 % - 36,9 млрд теңге игерілген.

«Ұзындығы 1 018 шм және құны 407 млрд. теңге тұратын «Орталық-Шығыс» жобасы бойынша (Астана-Өскемен) жұмыстар 2013 жылдан бастап Астана-Павлодар (441 шм) және Павлодар-Семей-Қалбатау (473 шм) учаскелерінде жүргізілуде. Бүгінгі таңда 218 шм пайдалануға берілген, соның ішінде Астана-Павлодар – 47 шм, Павлодар-Семей-Қалбатау – 171 шм», — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Министрдің баяндамасына сәйкес, осы жоба бойынша 2016 жылғы бюджет 60,5 млрд теңгені құраған. Бөлінген қаражат есебінен жұмыстар 516 шм-да жүргізілуде: Астана-Павлодар – 394 шм, Павлодар-Семей-Қалбатау – 122 шм. Бүгінгі күні бөлінген қаражаттың 69%-ы - 41,5 млрд теңгесі игерілген. Жыл қорытындылары бойынша 20 шм Астана-Павлодар учаскесі бойынша бір бағытта жол жүруді ашу және Ертіс өзені арқылы 12 шақырымдық көпір өткелінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

« «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  жобасы бойынша  2787 км  ішінен  2452 автожол қайта жөнделуге жатады, оның  құны  825 млрд теңгені құрады. Жобаны жүзеге асырудан бастап  2 028 км жолда жұмыстар аяқталды,  Шымкенттен Ресей Федерациясына дейін және Тараз-Алматы бағытында қозғалыс ашылды», - деді Ж.Қасымбек.

Оның айтуынша,  2016 жылдың бюджеті  134,2 млрд теңгені құрап,  56 пайызы – 76,8 млрд теңгесі игерілді. Қазіргі таңда Алматы-Қорғас, Шымкет-Ташкент, Шымкент – Жамбыл облысы учаскелерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда,  жыл қорытындысында  қозғалысты ашу жоспарланған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
460

ҰҚК: Қазақстанда лаңкестiкке дайындалған 7 радикалды топтың жол кесілді

Қазақстанда лаңкестiк акт дайындаған 7 радикалды топ пен 4 адамның жолы кесiлдi. Бұл туралы бүгiн ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында мәлiмдедi.

«Ақтөбе мен Алматыда орын алған соңғы жағдайлар осы саладағы заңдық негiздерге өзгерiстер мен толықтырулар қажеттiлiгiн туындатқан индикаторларға айналды. Сол себептен Мемлекет басшысы 10 маусым күнi Қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысында экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы заңнаманы жетiлдiруге қатысты шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын», - дейдi М.Қалқабаев.

Оның айтуынша, бүгiнгi таңда қақтығыс аумағынан тыс жерлерде терроризм кең етек ала бастады. Интернетте терроризм идеяларын насихаттаумен қатар, түрлi елдерде азаматтарды лаңкестiк актi жасауға үгiттей бастағандар бар.

«Әр зорлық-зомбылық азаматтарымыздың радикалдану процесiне жол ашады. Мысалы, Ақтөбедегi оқиғадан кейiн лаңкестiк акт дайындаған 7 радикалды топ пен 4 азаматтың жолы кесiлдi. Сондықтан, жаңа заң жобасында террористiк және экстремистiк қылмыстар үшiн жаза күшейтiлмек», - дедi М.Қалқабаев.

Заң жобасының қабылдануы  экстремизм мен терроризмге қарсы күрес  саласындағы заңнаманы жетілдіруге және  қару айналымы мен көші-қонды реттеуге бағытталған.

«Сiздердiң қарауыңызға ұсынылған заң жобасын дайындауға елiмiзде және әлемде болып жатқан террорлық қылмыстар ықпал еттi. Оған қарсы күрестiң оң практикасы ескерiлдi. Құзырлы мемлекеттiк органдар экстремизм мен терроризмге қарсы жүйенi дамыту бойынша тұрақты жұмыс атқарып келеді», - деді М.Қалқабаев.

Заң жобасына енгізілетін түзетулер қару-жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізуге, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, оның ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердің айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын  кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін жүзеге асыруға бағытталған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
578

Брюссельде «ЕО – Орталық Азия» министрлік конференциясы өтті

Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Ынтымақтастық кеңесінің 15-отырысы өтті, деп хабарлады СІМ.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ал Еуропалық Одақтың делегациясын Словакия Сыртқы істер министрі (қазіргі кезде ЕО-ға төрағалық етуші ел) Мирослав Лайчак басқарды.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтың өзара іс-қимыл жасауға жаңа мүмкіндіктер беретін жаңа Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) уақытша қолдана басталғаннан кейін алғаш рет осы іс-шараның өткені ағымдағы Ынтымақтастық кеңесінің ерекшелігі болып табылды.

Ынтымақтастық кеңесінің қатысушылары сауда мен өзара инвестицияның, энергетика мен көлікті дамытудың, қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар саяси ынтымақтастық, оның ішінде ішкі реформалар, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі мен тиімді басқару, сондай-ақ жаңа қауіптерге қарсы тұру туралы мәселелері бойынша пікір алмасты.

Күн тәртібіндегі ЕО елдеріне баруға ниет білдірген ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Тараптар 2016 жылдың 1 мамырынан бастап КӘЫК-нің жеке тармақтарын уақытша қолданылу жағдайында оны іске асыруды барысын талқылады.

Кездесудің қатысушылары тек сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың мәселелері ғана талқыланатын кездесулер шеңберінде Ынтымақтастық кеңесінің жаңадан құрылған «сауда» конфигурациясының оң мәнін атап өтті. Сонымен қатар, Келісім кеден істері жөніндегі ынтымақтастықтың жаңа кіші комитетін құруды қарастырып отыр.

«Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетті әлі толық ашылған жоқ. Құрылып жатқан құрылымдардың негізгі мақсаты осы әлеуетті одан әрі дамыту мен ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру үшін бүкіләлемдік жәрдем ету болуы тиіс», – деп атап өтті Е. Ыдырысов.

Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдардың, оның ішінде ұлттық экономика, инвестициялар және даму, энергетика, әділет министрліктерінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Адам құқықтары жөніндегі орталықтың бірқатар өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді сындарлы талқылауды жалғастыруға берік ниетін растады және тығыз жұмыс байланыстарын қолдау туралы уағдаласты.

Сол күні Қазақстан Республикасының Сыртқы саясат ведомствосының басшысы «Еуропалық одақ – Орталық Азия» министрлік кездесуге қатысты.

Орталық Азиядағы бес елдің сыртқы істер министрі және Еуропалық одақтың сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини 2007 жылы басталған және 2015 жылы жаңартылған Орталық Азия жөніндегі ЕО Стратегиясын іске асыру аясында өңірдегі елдер мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың ахуалын талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ энергетика, қоршаған орта, су ресурстарын қолдану, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткі тасымалына қарсы күрес салаларында өзара өңірлік іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Ауғанстан, Иран, Украинадағы жағдайлар және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзара қызығушылық тудыратын басқа да тақырыптар туралы пікір алмасты.

Осы тақырыптардың шеңберінде  ЕО өкілдері есірткі саудасы, терроризм, экстремизм, сондай-ақ Ауғанстанды қалпына келтіру сияқты қауіпсіздіктің ортақ қауіптері мен сын-қатерлеріне қарсы тұруда Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылатынын атады.

Өңіраралық кездесудің қатысушылар Орталық Азия елдерінде адам құқықтары, заң үстемдігі және азаматтық қоғамды одан әрі нығайту мәселелерінде сындарлы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қоршаған орта мен энергетика мәселелерін талқылау барысында тараптар  су, гидроэнергетика, отын ресурстарын ұтымды, тиімді және орнықты пайдалану, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау салаларында ынтымақтастықтың маңыздылығын атады және озық тәжірибені қолдану барысында әрдем көрсетуге дайын екенін айтты.

Брюссельдегі министрлік кездесуі Орталық Азия мен ЕО елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы тағы бір маңызды қадам болды. Тараптар талқыланған тақырыптар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығын растады.

Аталған кездесулер шеңберінде Е. Ыдырысов талқылынған мәселелер Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшесі ретінде жұмысының және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу түпмәтініндегі басымдарына толығымен сәйкес келетіндігін ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
445

Германияда Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары бағаланды

Брюссель қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен «ЕО – Орталық Азия энергетикалық диалогы» тақырыбына Берлин Еуразиялық Клубының (БЕК) 18-ші отырысы өтті.

Іс-шараға неміс тарапынан Германия экономикасы жөніндегі Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс, Еуропалық одақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің өкілі Михаэль Флюггер, ГФР бұрынғы экономика министрі Михаэль Глос, ГФР ІІМ бұрынғы статс-хатшысы Аугуст Ханнинг, Еуропалық комиссияның Энергетика жөніндегі бағдарламалық директоры Ханс Райн, жетекші неміс саясаткерлері Александр Рар және Матиас Дорнфельдт, сондай-ақ дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін өндірумен және тасымалдаумен айналысатын жетекші еуропалық компаниялардың елуден астам өкілдері қатысты.

Е. Ыдырысов өз сөзінде отырыс қатысушыларына Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен ЕО-мен ынтымақтастықтың басымдықтары, оның ішінде энергетика салысындағы ынтымақтастық аясында елдің өзекті әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде қолданылатын жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Еуропалық одақпен сауда-экономикалық және энергетикалық диалогты нығайту қажеттілігін ескере отырып, министр 2015 жылы 21 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жылдам  ратификациялаудың маңыздылығын атап өтті. Оның жеке баптары 2016 жылдың 1 мамырдан бастап қолданылып келеді.

М. Флюгер өз сөзінде Қазақстанның осы мақсаттар үшін Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік бағыттарын әртараптандыру бойынша қолданып жатқан шараларын жоғары бағалады. Неміс дипломаты барлық салалардағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға арналған  ЕО мен Қазақстан арасында бекітілген екінші буын шартын  құптады.

М. Хармс өз кезегінде «жасыл экономиканы» дамытуда неміс және қазақ саясатының ұқсастығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл сала негізгі құралдары Қазақстан экономикасын одан әрі жаңғырту мен неміс-қазақ шикізат және технологиялық әріптестікті тәжірибе жүзінде іске асыруда неміс бизнесінің кең ауқымды қатысуы болып табылатын ынтымақтастық басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Германия экономикасы Шығыс комитетінің директоры Орталық Азия үшін жаңартылған ЕО Стратегиясын әзірлеуде Қазақстанның белсенді және сындарлы қатысуын жоғары бағалады.

БЕК-тің құрылу бастауында тұрған ГФР-дің бұрынғы экономика министрі М. Глос  ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Германияға 2012 жылы жасаған сапары барысында оның бастамашылығымен құрылған Клубтың Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты үйлестірудегі және ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудегі рөлін атап өтті.

Іс-шарада жан-жақты қамтылған баяндамаларымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, неміс және қазақстандық талдау орталықтарының және энергетика саласындағы компаниялардың өкілдері қатысты.

Брюссельдегі БЕК кездесуіне қатысушылардың жалпы айтуынша қазақстандық-еуропалық энергетикалық ынтымақтастықтың болашағы тек қазып алынатын энергия тасымалдаушылар жеткізілімдерімен шектеліп қана қоймай, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуда белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайтын болады, бұл үшін Қазақстанда барлық қажетті құқықтық базасы құрылған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
649

Жас қызметкерлер! Бұл біздер үшін! Рабочая молодежь? Это про нас!

Жас қызметкерлер! Бұл біздер үшін!

Колос мәдениет үйінде 28 қыркүйек күні   өз мамандығының үздіктері марапатталды. Қалалық деңгейдегі бәсекелестік бір айға созылды. 29 жасқа дейінгі жас мамандар, өтініш хаттарына өзі жайлы ғана айтып қоймай, сонымен қатар  күделікті  жұмыс үрдісін бейне-карта арқылы көрсете алады. Бағалау комитетінің шешімімен, 27 қыркүйек қарсаңында үздіктер таңдалды.

ҚҚ «Дені сау ұлт»  марапаттау рәсімі Павлодар әкімдігі мен ұйымдастырушылар өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде өтті.

Барлығымыз білетіндей, 2013 жылдың  26 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің соңғы жексенбісінде, Еңбек күнін тойлау туралы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» жарлығына қосымша келісім қол қойды. Демек, Мемлекеттіміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл және Еңбек күніне арналған байқау  бір күнде өтті.

Жас мамандарға номинациялар бойынша жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармарапатталды. Қалалық  «Жас жұмысшылар арасында мамандығы бойынша үздіктері»  байқауында  назардан тыс  ешкім қалған жоқ, оларға белсене қатысқаны үшін грамоталармен марапаттады.

Павлодарлық әртістер жас қызметкерлерді Еңбек күнімен құттықтады. Жұмыс мамандықтарына қызығушылық танытқан  болашақ мамандарды аудиториядан көптеп байқауға болады. Техникалық колледж студенттері үшін іс-шара үлгісі оларға ынталандыру  ретінде өтті. Өйткені, бүгінгі күні басым мамандық  жоғары білікті жұмыс күшін талап етеді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше рет кәсіби үкімет пен жаңа кадрлық саясатын құруға ерекше назар аударып келеді. Неліктен ерекше көңіл, жұмыс кәсіптеріне аударылады. Осы жерде Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Кім жер қазады? - Жұмысшы адам. Олар маусымда бүкіл жыл бойынғы  табысын табады. Бүгінде бүкіл әлем еңбекқор адамның қолында. Мен қоғамдық жұмыспен айналысып, жұмысшы болуға шақырамын . Жас мамандарға мамандық таңдаудан қателеспеуін сұраймын. Қоғаммен бірге жұмыс істеп,жұмыскер адам болуға ынталансын дегім келеді.»  Іс-шараны ұйымдастырушылар мұндай жарыстар жұмысшы кәсіптерінің имиджін көтереді, сондай-ақ жас мамандарға серпін береді, ол тіпті өз мамандығында ең үздік болуына мүмкіндік барын, растайтынына сенімдіміз.

 

Рабочая молодежь? Это про нас!

28 сентября в ДК «Колос» прошло награждение лучших в своей профессии. Конкурс городского уровня, к слову, длился около месяца. Молодые специалисты, в возрасте до 29 лет, отправляли свои заявки в анкетной форме, где могли не только о себе рассказать, но и показать наглядно, к примеру, повседневный рабочий процесс в видео- визитке. Решением конкурсной комиссии, накануне, 27 сентября были выбраны лучшие из лучших.

Само награждение прошло в торжественной обстановке с участием представителей акимата г. Павлодара и самих организаторов, в лице ОФ «Здоровая нация».

Как нам всем известно, 26 ноября 2013 года Президент Республики Казахстан Н. Назарбаев подписал дополнение в Указ «О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан» о праздновании Дня труда в последнее воскресенье сентября. Отсюда и дата проведения конкурса, который был посвящен 25- летию Независимости государства и конечно, Дню труда.

Молодые специалисты, победители в своих номинациях получили дипломы и памятные подарки. НЕ остались без внимания и все остальные участники городского конкурса «Лучший по профессии среди рабочей молодежи», они были награждены дипломами за активное участие. С Днем труда рабочую молодежь поздравили известные павлодарские артисты. В зрительном зале можно было наблюдать заинтересованных будущих специалистов рабочих профессий. Для учащихся технических колледжей, данное мероприятие станет примером и стимулом. Ведь сегодня в приоритете именно рабочие профессии, высококвалифицированные кадры.

В своем послании народу Казахстана, Глава государства не раз уделял  особое внимание построению профессионального государства и новой кадровой политике.

Почему особое внимание уделяется именно рабочим профессиям. Здесь следует процитировать слова Президента РК Н.А.Назарбаева «Кто пашет землю? — Рабочий человек. Они за сезон зарабатывают на весь год себе. Сегодня весь мир держится на рабочем человеке. Я предлагаю молодежи никогда не чураться рабочей профессии. Призываю быть обществом труда, работать. »

Организаторы мероприятия уверены, что подобные конкурсы поднимают имидж рабочих профессий, а так же придают стимул молодым специалистам развиваться, идти только вперед, в очередной раз, доказывая, что он может и  даже должен быть лучшим в своей профессии.

           
0
0
428

4 октября 2016 года прошла встреча с ветеранами партии в рамках партийного проекта «Ардагерлерді ардақтайық»-«С заботой о старшем поколении»

Молодежное крыло «Жас Отан» провели встречу для активистов с представителями клуба ветеранов «Замандас» Кабидоллой Нурсеитовичем Шакаримовым и Василием Григорьевичем Рак. На встрече прошло, обсуждение по вопросам формирования казахстанского патриотизма, в рамках Патриотического акта «Мәңгілік ел».

- В нашем клубе созданы все условия для интересного время провождения. Есть читальные залы, зал настольных игр, также есть комната отдыха, где ветераны могут просто побеседовать. Мы часть играем в шашки, шахматы,- сказал Кабидолла нурсеитович.

Клуб «Замандас» могут посещать не только ветераны, но и подрастающее поколение, чтобы смотря на пример старших получать и впитывать их знания.

0
0
368