2016 жылдың 30 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдарын түсіндіру семинар-кеңесі өткізілді.
Семинар-кеңесте Департамент қызметкері Е.Төлепқалиев тақырып бойынша баяндама жасап, жаңа өзгерсітарге тоқталса, Экология департаментінің басшысы Е.Қуанов профилактикалық шаралар үнемі жүргізіліп тұратындығын жеткізді.
Өз кезегінде Экология департаментінің ұжымымен аудандық инспекторлар мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларға қатысты сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, семинар барысында мемлекеттік қызметке келіп барлық тексерістерден өткен жас маман Е.Абекешовтің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткізілді.