Тоқсан бірдің «жыры» қашан аяқталады, кім біледі?
Бүгін бір қызылордалық Иглз қыз дайрект арқылы хабарласты. Концерт Қызылорда қаласында болмайтынын айтты. Оны қайдан шығардың десем, «ұйымдастырушылар билеттерді тапсырып, ақшаларыңды қайтарып алыңдар» деп, хабарлады дейді. Бұл ақпаратқа сенетін болсақ, онда Қызылорда қаласы Juz tour -дың жаңадан қарастырылып жатқан кестесіне де ілінбейтін сияқты. Оған басты тосқауыл - Қызылорда облысының әкімшілігі деген сыбыс жүр. Ал, енді, онда Батыс Қазақстан бойынша концерттік тур қалай өтпек?

Павлодар қаласы, 17-ші қазан
Негізі осы жағдай бойынша желідегі пікірлерді саралайтын болсақ, олардың ішінде бірнешеуіне тоқталуға болады. Бірі - бұның барлығы «қара пиар» деп сөйлеуде. Бірақ, Ерболат Беделхан сондай зұлым адам емес шығар, жігіттердің ата-аналарын қара уайымға салдырып қоятын. «Қара пиар» десек те, ұзаққа созылып кеткенге ұқсайды.
Енді біреулері бұл Тоқсан бір тобына қарсы қаржыландырылған науқан деп есептейді. Әйтпесе біздің заманда өздерінің еркілерімен митингке шығатын жастар табылады ма?

Павлодар қаласы, 17-ші қазан
Көп талқыға алынатын тағы бір мысал, ол әрбір қаладағы жергілікті той әртістерінің осы мәселеге көңілдерін аударып, оны өздерінің пайдаларына қарай шешуге тырысып, қызу араласып кетуі. Өздері сол қазақтардың тойларын жүргізіп жүріп, қонақтарды нешетүрлі бұзылғандыққа итермелейді, ал көрермендерін сапалы ән мен заманауи қойылымдармен қуантқысы келген жас, талантты жігіттерге олар қарсы. Бұны сайқалдық деп атайды. Жалпы адамзат екіжүзді емес па?! Дегенмен, жергілікті «өнер адамдары» осы үрдіске не себепті араласып кетті, қалай ойлайсыздар? Жә, ертең күнімізді көре алмаймыз деп шешкен шығар біреулері, бірақ Тоқсан бірдің жігіттері тойларға шығамыз деген шешім қабылдап, ол туралы жарияламады. Неден қорықты екен? «Жастарымызды бұзады, сырт келбеттері нағыз ер адамдарға сай емес» деген өтірік сылтау оқығаны бар, сауатты адамға сендірерлік аргумент емес. Бұзылатын жастар Интернетте отырып-ақ бұзылады.

Павлодар қаласы, 17-ші қазан
Сонымен, кейбір пікір қалдырушылардың ойынша бұл Ринат Заитовтың қалаған «жетістігі». Жуырдағы сұхбатында Ринат жастарды 91 тобына қарсы шақырған еді. Ол сұхбатты Вконтакте желісіндегі «Заманауи Қазақстан» деген парақшадан таба аласыздар. Содан бір үзінді келтірейін: «Жастар, сіздер қоғамның ең үлкен мүшесіздер. Тәуелсіздікті сіздер сияқты жастар алды. Депутат, министрлер алған жоқ оны. Ең бастысы айналаңыздағы бес адамды тәрбиелей біліңіз. Соның өзі үлкен жетістік. 91 концерт берсе үйде отырма, көрмеймін деп ... Жиырма бала болып, ең құрығанда соларға жұмыртқа лақтыр. Ол сол жердегі сеңді өзгертеді», - деп жазылған. Көпшілік ойланатындай сұхбат сияқты, ия?! Осындай адамдардан қорқу керек. Егер жігіттердің концерттері осы Ринаттың айтуымен, оның қалауымен өткіздірілмей жатса, сонда бұл адамның сөздері басқа жастардың санасына жетіп, өтіп тұр дегенді білдірмей ме? Ертең, құдай сақтасын, бұл айтыскер-ақынға елді басқарып отырған үкімет ұнамай қалса ше? Митингтердің көкесін сонда көреміз. Негізі осыдан бірер жылдар бұрын Ринат Зайтовты барлық теле экрандардан алып тастаған еді. Естеріңізде болса, сөз тигіздіруге болмайтын тұлғаларды сөз еткен еді. Сөйтіп, сол уақытта намысшыл қазақтардың қолдауына бөленген сияқты. Енді қазір оның сөзін екі етпей сасық кеуделілер айтқанын орындап жүргенге ұқсайды.

Павлодар қаласы, 17-ші қазан
Екінші, үшінші және төртінші мысалдар бір-бірімен әдемі ұштасып тұрған сияқты. Әкімшілікте отырғандардың бірі Зайтовтың жанкүйері мыс. Сонда ұзын қолды бір адам және қаржысы мол екінші адам айтыскер ақынның сөзімен әрекет етіп жүргендер шығар. Бұл әңгімеге шенеуніктер қашан қосылып кетті деп сұрасаңыздар, оған жауап бар. Әдетте жекеше концерттерге араласпайтын қаланың әкімшілігі осы Тоқсан бірдің концерттеріне үлкен зейін салып, аңдыйтын болыпты. Шынымен олар концертке келушілердің қауіпсіздігін алдын алу үшін қозғалып жүргендер болса, онда олар сол жерде концертке қарсымыз деп жиналған ниетшілерді полицияға тапсырулары керек еді. Өйткені олар қоғамның тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады.

Олар ақымақ па, әлде біздерді ақымақ санай ма, түсінсем бұйырмас.