АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»
Қарашаның 3-і сағат 16:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізіледі.
Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыс барысында 3 заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру көзделген:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші –ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі)
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі)
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі).
Ведомствоаралық отырысқа барша БАҚ өкілдері шақырылады.
Өткізу орны: Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 1 қабат, мәжіліс-зал (№ 1050).
Журналистерді тіркеу 3 қараша сағат 12.00-ге дейін жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
