Парламентке оқ-дәрі
Менің төрт періштем бар. Олар: Парламент, Мәжіліс, Депутаттар және Заң. Мен оларды тікелей көзбе-көз көрмесем де қиялымдағы көгілдір экран арқылы жиі көремін. Айтқан «ертегілерін» құлағыма, тіпті, миымның вирусталған аймақтарына дейін орнатып, улап қоямын. Себебі үкімет орындарына бара қалғанымда аталмыш улар керек болуы мүмкін ғой. Сәтсіздікте, алып-қашпа түлкібұлаңға салынатын небір «мысық, қасқырларды» атып түсіретін қаруым сол болуы ықтимал. Демек, басымдағы у – оқ-дәрі. Ал, оқ-дәрі дегеніміз – заң. Бастағы заң мықты болса, зардап шекпейтінім анық. Бірде жұмыстан шаршап келгенмін. Келе сала құс жастықты құшақтай қалың ұйқыға кеттім. Түсінде адам не көрмейді? Қызметі қара табалдырықтан басталатын қарапайым жұмысшылардан бастап лауазымы басындағы шашынан көп мемлекеттік шенеуніктерге де…