Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – честный путь» марафоны аясында өткен концерт
А.ж. 9 қарашада Атбасар аудандық Мәдениет үйінде «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында концерт өтті.
Атбасар ауданының күміс көмей әншілері мен мың бұралған бишілері өздерінің өнерлерін паш етіп, жемқорлыққа түбегейлі қарсы екендерін көрсетті. Концертті тамашалауға еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, ұстаздар, студенттер, оқушылар шақырылды.
Сахнада «Алтын күн», «Арай», «Молодость» би ансамблдері, «Айдана», «Ақ ниет» вокалдық топтары өз өнерлерін паш етіп, келген қауымды өнер сусынымен сусындатты.
Осы концерт «Адал жол –Четный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының қорытындысы болып табылды. Келесі эстафета Сандықтау ауданына тапсырылады.

