Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жастар және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлердің рөлі

А.ж. 11 қарашада Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жастар және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлердің  рөлі» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуын және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне шыдамау ахуалын қалыптастыру, білім мекемелерінде, сонымен қатар ғылыми зерттеу ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және тәрбиелеу бойынша қызметті жандандыру.

Диалог алаңына Департамент басшысының орынбасары, облыстық  білім басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, өңірлік ЖОО-лардың ұйымдастыру-тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлары, мемлекеттік қызметшілер, жастар ұйымдарының өкілдері, облыс орталығының колледждері мен орта мектептерінің директорлары, ғылыми және педагог қызметкерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп отырған жұмыс  туралы «Ақмола облысының білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданатын шаралар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жастар және жастар ұйымдарының рөлі», «Студент жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды.

Департамент азаматтардың құқықтық сауатын арттыру бойынша олардың жас, кәсіби және басқа ерекшеліктерін ескере отырып,  тұрғындар арасында ауқымды түсіндіру жұмысы   жүргізілетінін атап өту керек.

Іс-шара барысында қатысушылар арасында  сындарлы сұхбат өрбіді. Диалог алаңының қорытындылары бойынша бұдан әрі қарай бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыс жасау тетіктері айқындалды.
Департамент госслужбы

0
0
357

Осы тақырып бойынша