Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
А.ж. 7 қарашада Атбасар ауданының Орталықтандырылған аудандық кітапханасында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында кітаптардың ақпараттық көрмесі өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбымен ашылған көрмеге сыбайлас жемқорлық тарихын ашатын, онымен күресу жолдары туралы әртүрлі кітаптар, газет-журналдағы мақалалар, заңдар қойылды. Аталмыш көрмеге колледж студенттері қатысты. Кітапханашы «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қатысты сөзден сөз табу арқылы қызықты ойын ойнатылды.
Көрме соңында кітапхана қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы буклеттер таратты. Қамтылған – 40 адам.

