Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ !

А.ж. 6 қарашада Атбасар қ. орталық әмбебап дүкенінде "Адал жол – Честный путь» марафон шеңберінде би флеш-мобы өтті.  Дүкеннің ішінде кенеттен бірдей футболкалар мен кепкалар  киген  жастар шыға келді.

Флеш-мобты жас бишілер тобы ұйымдастырды, олар  жұрт назарын өздерінің биімен қызықтырып, барлық қатысушыларды билетуге тырысты. Жас бишілер тобы біздің күнделікті өмірімізде  сыбайлас жемқорлыққа жол жоқтығын бидің қимылдарымен -ақ түсіндірді.

Биге 50 –ден астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
549

Қағазда бейнеленген сыбайластыққа наразылық

А.ж. 5 қарашада Атбасар ауданының орталық мәдениет үйінде«Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында . «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы плакаттар байқауы өткізілді.

Плакаттардағы суреттері арқылы  жасөспірімдер жемқорлықсыз, жарқын  келешекті, адал, әділетті  адамның қалыптасуына қолайлы ортаны бейнелеген.

Байқауға қатысушылардың салған суреттері жемқорлық жасаудың әдіс-тәсілдерінен, сыйлықтар мен парадан бас тартуға шақырады. «Ешқашан ешкімге ақша ұсынбау және ешқашан ешкімнен ақша алмау. Тек сонда ғана елімізде жемқорлыққа қатысты проблемалар болмайды», - деді байқауға қатысушы жастардың бірі.

Департамент госслужбы

0
0
339

Ақмола облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мәдениет қайртакерлерінің, кинематографиялық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбындағы диалогтық алаң өткізілді

А.ж. 4 қарашада Департамент  Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға  арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мәдениет қайртакерлерінің, кинематографиялық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі»  тақырыбындағы диалогтық алаң өткізді.

Іс-шараға Департаменттің басшысы, облыстық мәдениет және ішкі саясат басқармаларының басшылары,  мемлекеттік, азаматтық қызметшілер, мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Диалог алаңын Департамент басшысы Б. Беспалинов ашты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделі арқылы халықтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі», «Кинематографиялық ұйымдардың, мәдениет қайртакерлерінің   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі» тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үдерісі  көп жағдайда шынайы ақпаратқа және  бұл құбылыстардың бұқаралық ақпарат құралдарында объективті түрде бағалануына байланысты екенін атап өту керек. Әрине бұл кәсіби шеберлікті, әдеп нормаларының сақталуын, бірбеткейлікті, сонымен қатар, журналистердің жеке басының батылдығын талап етеді.Мемлекеттік органдардың, азаматтық институттардың көмегімен қазіргі таңда бұл тақырып кеңінен талқылануда, қоғам тарапынан бұл тақырыпқа қызығушылық пен айыптаушылық байқалады. Бұл фактор жемқорлық көрсеткіштерінің жалпы азаюына ықпал етеді.

Диалог алаңының қорытындылары бойынша бұдан әрі қарай бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыс жасау тетіктері айқындалды.

Департамент госслужбы

0
0
241

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

А.ж. 4 қарашада Атбасар қаласының орталық алаңында «Адал жол – Честный путь» марафоны шеңберінде  Атбасар қаласының жастары арасында Сыбайлас жемқорлыққа  "Жол жоқ!" флеш-мобы өтті.

Жүзден астам жастар  қала көшелерінде сыбайлас жемқорлыққа  қарсылық білдіріп шеруге шықты. Акцияға Атбасар ауданының мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты, сол арқылы болашақ  ұрпақтар қоғамдағы  сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарастарын білдірді.

Жас атбасарлықтар сап түзеп,  "Адал Жол" сөзін жазды. Осылайша, балалар жастарды сыбайлас жемқорларға – парақорлар мен алаяқтарға қарсы тұруға шақырды, әрбір нақты жағдайда бұл жамандықтың алдын ала отырып, жеңуге  болатынын дәлелдей келе, адам кез-келген жағдайда өзінің адамгершілігін жоғалтпай, қылмысқа жол бермеуі қажет!
Еліміздің болашағы жастардың қолында болғандықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары олардың қолында. Тақырыптың маңыздылығына қарамастан іс-шара өте жарқын және көңілді өтті. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері атап өткендей, жастар арасында көптеген балалардың  ел және облыс, аудан болашағына бей-жай қарамайтыны  басым екендігін атап өтті.

Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
647

Енді өзгертпесе болмас: Qazaqstan?!

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында ел атауын ағылшын тілінде Kazakhstan емес, "q" әріпімен Qazaqstan деп жазу туралы ұсынысы бұрын да біраз талқыға салынған бұл мәселеге тағы да қоғам назарын аудартты.

Мемлекеттің аты шет тілінде дұрыс жазылу керектігіне ешкім күмән келтірмес, алайда бұл мәселенің дәл осы кезеңде тағы да "жаңалық" бола қалғанын мен түсінбедім.

Ел атын басқа тілде дұрыс жазсақ, еліміздің ұлттық негізі дұрыс көрсетіледі, болашығымыз жарқын болады және т.с.с. дәйектерді де сөзсіз қабылдауға асықпадым.

Мен үшін ең маңыздысы - еліміз атын ең алдымен қазақ тілінде дұрыс жазу, жалпы елдің тарихы мен бүгінгісіне, мәдениетіне, саясатына және басқа да салаларына қатысты барлық мәтіндердің бізді қоршаған ақпараттық кеңістікте қатесіз жазылуы, айтылуы, кеңінен қолданылуы.

О баста дұрыс жазылмады, тіл мамандарының ақыл-кеңесіне жүгінбедік, содан 25 жыл бойы мемлекетіміздің атын ағылшынша дұрыс жазылуы мәселесін егжей-тегжей талдап, дұрыс нұсқаны енгізуді осы 2016 жылы ұсынбасқа болмайды, Kazakhstan деп жазу нұсқасын бұдан былай қолдануға болмайды деп санаймыз, өйткені...дегендей болмады ғой.

Керісінше, еш жағымсыз салдары жоқ, есесіне тек жақсылықтың нышаны деген сипаттағы ұсыныс болған сияқты.

Осыған байланысты төмендегідей мысалдар мен естеліктер еріксіз ойыма келді:

- бұрын Англияда оқыған бір әріптесім және Жапония университетінде сабақ берген басқа бір әріптесім сол аталған елдерде оқитын қытайлық студенттердің өздеріне жиі батыстық үлгідегі жаңа аттар таңдап алатын әдетін, ал кейбір қыздардың өз аттарын бір емес, бірнеше рет ауыстыратынын (мәселен бүгін Элис болса, ертең өзін Джейн деп атауды өтінетінін) айтып еді.

Бұл басқа елдердегі қытайлық жастар арасында да кең тараған үрдіс екен. Бір жағынан ағылшын тілділердің дәстүрлі қытайлық аттарды есте сақтап, дауыстап айтуда қиналмауы үшін, ал екінші жағынан батыстық қоғам өміріне тезірек үйреніп кірігу, сондай-ақ қарапайым еліктеу мақсатында жасалады екен;

- орыс және ағылшын тілдеріне синхронды аударма ісінің шебері, белгілі американдық аудармашы А.Фалалеевтің айтуынша, аударма жасаған іс-шараға үндіс тайпаларының немесе Украинаның өкілдері қатысқан кезде тиісті ел/жер атауларын дұрыс аудару-аудармау төңірегінде келіспеушілік пен даулы жағдайлардың туындау мүмкіндігі арта түседі. Солтүстік Американың байырғы халықтары болып табылатын үндіс тайпаларына қатысты ағылшын тілінде уақыт өте келе бірнеше рет өзгертілген түрлі атаулар қолданылады екен, алдын ала оқып-біліп алмаса, аудармашының жаңылысып қалып, үндістердің наразылығын тудыруы ғажап емес.

Украинаға келетін болсақ, кезінде бұл елдің атын ағылшын тілінде жазғанда оның алдына the артиклін қою керек пе, әлде керек емес пе деген (Ukraine/the Ukraine) сұраққа қатысты біраз пікірталас болған, ал орыс тілінде ел атауы алдына қойылатын көмекші сөздер (в Украину/на Украину) турасындағы «ескі дауды» өздеріңіз де жақсы білетін шығарсыз. Қазақстан да аудармашылар ерекше сақтық танытатын осындай атаулардың біріне айналып кетпесе екен ғой;

- Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұңғыш елшісі болған Ақмарал Арыстанбекова өзінің "Біріккен Ұлттар және Қазақстан" атты еңбегінде шетелдіктердің одан мемлекетіңіздің ағылшынша атауынан алдымен "һ" әріпін алып тастап, кейін неге қайта қостыңыздар деген сұрақтарына мардымды жауап бере алмағаны туралы естелігімен бөліседі: Қазақстан 1992 жылы БҰҰ мүшелігіне қабылданғанда ел аты ағылшынша Kazakhstan деп жазылған, ал үш жылдан соң республикалық ономастикалық комиссия "һ" әріпін тастап кетіп, мемлекет атын енді Kazakstan деп жазу туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді сонда елдің қазақша аталуындағы "қ" әріпін беруге деген ұмтылыспен түсіндірген екен ("қ" дыбысы ағылшын тілінде "q" әріпімен таңбаланатынын білген-білмегені, тиісті мамандармен ақылдасқан-ақылдаспағаны белгісіз).

Мемлекеттің атына "һ" әріпінің қайтадан қосылып жазылатынын біздің БҰҰ-дағы елші Сыртқы істер министрлігінен емес, 1997 жылы аталған ұйымның арнайы сессиясына қатысу үшін Н.Назарбаев бастап келген делегация мүшелерінен естіген. Сессия басталатын күні қазақстандық делегация отыратын үстелге жаңадан Kazakhstan деген жазуы бар тақтайшаны жасатып орнату үшін БҰҰ-дағы дипломаттарымыз біраз әбігер болған екен. Сөйтіп, 1990-шы жылдары мемлекетіміздің аты екі рет өзгертілген, мұндай жағдай орын алған кезде үстелге орнатылатын тақтайшаға ғана емес, сонымен қатар БҰҰ жүйесінде ресми пайдаланылатын атластар мен карталарға да тиісті өзгертулерді бірнеше рет енгізуге тура келеді.

Елдің ағылшын тіліндегі аты осымен үшінші рет өзгере ме екен...

0
0
617

Өнер және мәдениет туындылары негізінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін жағдай жасау

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға  арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау аясында, Департаменттің бастамасымен Ақмола облысының мәдениет басқармасы мәдени құндылықтарды енгізу және өнер және әдебиет, мәдениет туындылары негізінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін жағдай жасау мақсатында а.ж.3 қарашада Көкшетау қ. Орыс драма театрында Е.Л. Шварцтың туындыларының желісімен «Айдаһар» пьесасының қойылымын жасады.

Департамент тарапынан көрермен ретінде  басшының орынбасарлары Е.Жайықбаев, Д. Хайруллин, сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас мамандары М. Ахметқалиев пен А. Амангелдина қатысты.

Пьесаның кейіпкерлері айдаһардың қоластында өтіп жатқан өмірге әбден  үйреніп кеткен; қаталдық пен қысымшылыққа еттері үйренген, әрқайсысы бұдан бетер жаманшылық  болмайды деп үміттенеді. Пьесаның басты кейіпкері адамдарға бостандық беру үшін айдаһардың көзін құрту жеткіліксіз екеніне көзін жеткізеді.

Бұл ретте, баршамыз қоғамман бірлесіп белсенді азаматтық ұстаным қағидасын қалыптастырмайынша, қандай болсын нормативті-құқықтық актілерді қабылдағанмен,  олардың пайдасы болмайтындығын атап өту керек. Қойылымды 230 көрермен тамашалады.

Департамент госслужбы

0
0
478

Тәттімбет Жұмағұлов — Университет пен бизнес арасындағы көпір

Тәттімбет Жұмағұлов  – Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы

Инновацияның дамуы – мемлекеттің дамуы. Бұл ретте ғылым мен кәсіпкерлік қабілеттіліктердің өзара ұштасу керектігін ұмытпағанымыз жөн. Соңғы жылдары әлемдегі инновациялық даму мен мықты идеялар айтулы университеттерден бастау алуда. Демек, олардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі зор әрі соны қарқын алу үстінде екенін айқын аңғарамыз.

Картинки по запросу инновация

Әлемдік тәжірибеде жоғарғы білім орындары мен экономикалық дамуды байланыстыратын көптеген факторлар бар. Атап өтетін болсақ:

-       көптеген мемлекеттерде жоғарғы білім орындары арқылы технологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытатын идеялар туындайды;

-       жоғарғы білім орындары қолданбалы бағыттағы (прикладная) зерттеулер жүргізіп, олар кәсіпорындарда кеңінен қолданыс табады;

-       жоғарғы білім орындарында жасалатын зерттеулер білікті мамандардың дайындалуына үлесін қосады;

-       заманауи талаптағы сапалы жоғарғы білім орындарының көп болуы сол мемлекетке деген қызығушылықты арттырып, өзге ел өкілдерінің келуіне ықпалы зор болмақ (Кембридж – Ұлыбритания, Стэнфорд – АҚШ, Левен – Бельгия т.б.).

Қазіргі кезеңде бұл шешім зерттеу университеттері көрінісінде шешім тапқан. Өйткені университет пен кәсіпкерлер арасындағы қарым қатынас жақсы дамыған. Мәселен, Германия, АҚШ және Жапония мемлекеттерінің қарқынды дамуы осының бірден бір дәлелі. Қазіргі таңда АҚШ-та 260, Германияда 56, Ұлыбританияда 73, Испанияда 41-ге жуық зерттеу университеттері бар. Әлемнің алдыңғы қатарлы 10 инновациялық университетінің көрсеткішіне назар аударалық.

Картинки по запросу вуз

№

Университет атауы

Орналасқан жері

Ұсынылған патенттер саны (2009-2014 жж.)

Берілген патенттер саны (2009-2014 жж.)

Атақты түлектері

1

Стэнфорд университеті

АҚШ

612

38,6%

Google негізін құраушылардың бірі – Ларри Пейдж

2

Массачусетс технология институты

АҚШ

1 289

43,8%

CIT Group алдыңғы басшысы – Джон Тейн

3

Гарвард университеті

АҚШ

824

24%

Microsoft алдыңғы басшысы – Стив Балмер

4

Техас университеті

АҚШ

941

36,3%

Dell бастығы – Майкл Дэлл

5

Вашингтон университеті

АҚШ

457

37,2%

NASA астронавты – Бонни Данбар

6

Корей перспективалық ғылыми зерттеу және технология университеті (KAIST)

Корея

911

83,5%

Оңтүстік Кореяның тұңғыш астронавті – Ли Со Ен

7

Мичиган университеті

АҚШ

528

46,4%

Berkshire Hathaway вице-төрағасы Чарли Мангер

8

Пенсильван университеті

АҚШ

517

33,5%

саясаткер – Дональд Трамп

9

Левен университеті

Бельгия

301

37,2%

Nestle басшысы – Пол Бюльке

10

Солтүстік-батыс университеті

АҚШ

295

45,45%

Чикаго мэрі – Рэм Эмануель

АҚШ тәжірибесі көрсеткендей, атақты Гугл, Майкрасофт, Дэлл, Нестле, Хьюлетт-Паккард, Поляроид сынды инновациялық компаниялардың пайда болуы, олардың негізін қалаушыларының студент кезінен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, өзінің ойлау қабілеттілігін арттыруынан туындаған. Осындай білікті адамдардың зерттеумен, ізденумен айналыспағанда атақты кәсіпорындардың пайда болуы екіталай еді.

Инновациялық даму кезеңінде мемлекеттік маңызы бар тапсырмадағы әлеуметтік басқарудың тағы шешімі – жобалық басқару екендігін ескергеніміз жөн. Себебі жобалық басқару мамандар әлеуеті және қаржылық басқаруды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибеден байқағанымыздай, ХХІ ғасырдағы «білім – ғылыми-зерттеу – бизнес» түріндегі триада (үштаған) сипатындағы жаңа университет моделін жүзеге асыру Қазақстан жоғары оқу орындарында да барынша кең өріс алуда. Отандық университеттердің ғылыми әлеуетін арттыруда материалдық-техникалық базасын заманауи технологиялармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Азат елдің еркін ойлы білікті жастарына жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетсек әрі технократтық элита қалыптастыруға бастайтын тың идеяларын практика жүзінде жүзеге асыруына жағдай жасасақ жоғарыда аталған әлемнің мықты университеттерінің қатарынан табыларымыз хақ. Қазақстандық брэнд қалыптастыруда отандық жоғары оқу орындарына мол жауапкершілік жүктелген. Сондықтан да озық елдердің технологиялық дамуды іскерлік пен кіріс көзіне айналдырудағы тәжірбиелерін елімізде нақты жүзеге асыру қазіргі жастардың басты міндеті болмақ.

http://jasqazaq.kz/wp-content/uploads/2016/11/46-pdf.pdf

 
1
0
1084

Атбасар ауданында «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында мемлекеттік сатып алу бойынша семинар өтті

А.ж. 31 қазанда Атбасар аудандық  кітапханасында  «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ ұйымдастыруымен     сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны  аясында мемлекеттік сатып алу туралы семинар өтті. Семинарды   «Атбасар ауданының  экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары  Николайцева Шолпан Болатқызы ашты. «Атбасар ауданының  экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маманы Жұмабаев Болат Беголынұлы баяндама жасады, ол  өз сөзінде мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарт жасау тәртібі туралы айтып өтті.

Одан әрі мемлекеттік сатып алу туралы  Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Семинарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі, Атбасар ауданының кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерінің мамандары  (бухгалтерлері) қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында туындайтын сұрақтарды қарастырып,  оны талқыға салды.

Семинар соңында  буклеттер мен мемлекеттік сатып алу жүргізудің негізгі рәсімдері сипатталған материалдар таратылды.
Департамент госслужбы

0
0
453

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңның сақталуы

А.ж. 2 қарашада «Адал жол-Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының жаңартылуы туралы түсіндіру жұмыстары өтті.

Мемлекеттік - құқық қызметі бөлімінің жетекшісі – Н. Рахимов заңға енгізілген жаңартулар  туралы ақпарат берді. Өз сөзінде Н.Рахимов сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керектігі жайлы тоқталып өтті. Қызметкерлерді басқару қызметінің жетекшісі М. Омарова қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпараттық буклеттер таратты. Дәріске қатысушылар – Атбасар ауданының мемлекеттік қызметкерлері.

Департамент госслужбы

0
0
297

2016 жылғы қарашаның 04-інен бастап 10-ын қоса алғандағы кезең ішінде

  1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 185 нормативтік құқықтық акті тіркелді;
  2. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 117 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды;
  3. Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 4352 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;
  4. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесіне 500 нормативтік құқықтық акті енгізілді.
 
0
0
295