Мазмұнға өту

Жаңа

Жамбыл облысында жылына 300 тоннаға дейін полиэтилен өнімі шығарылады

Индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 жылы Таразда полиэтилен пленкаларын шығаратын «Поллиэтилен Агро» зауыты іске қосылған болатын, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарлама арқылы бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша 40,6 млн. теңгеге – жол салу, газдандыру, электр желісі және су құбыры тартылды.

Серіктестігі бау бақша егетін шаруалардың қажеттілігін қамтып отыр. Серіктестік шығаратын тауар – пленкалар мен полиэтилен жіп. Мұндағы ені 10 метрлік пленкалар негізінен бау-бақшаға, яғни жылыжайларға арналып шығарылады. Сонымен қатар, пленкаларды азық-түлік өндірушілер тағамдардың тазалығын сақтау үшін өнімді қаптауға пайдаланады. Сол секілді полиэтилен жіптерін де көбіне ауыл шаруашылық бағытына қолданады екен.

Таза пленкаларды, азық-түлік қаптамаларын шығарғанда қалатын қалдық өнімдерді қайта өңдеп, құрылысқа қажетті материал дайындайды. Яғни, көлемді шығарылатын қоңырқай түсті пленкаларды құрылыста сыз өткізбейтін төсеніш ретінде қолданады. Серіктестікте өндіріс орнынан шыққан қалдықты пайдаға жарату көзделген.

Пленканы енін 10 метр етіп шығаратын құрылғыны Қытайдан әкелінді. Зауытымызды күллі әлемге бұрыннан мәлім Жібек жолының, бүгінгі үлкен күре жолдың бойына салынды. Себебі, бұл жол талай елді жалғап жатыр және оңтүстік өңірінің орталығы секілді. Яғни, тұтынушыларға да оңтайлы болуы қарастырылған. Ауыл шаруашылық тауарларының 80 пайызы оңтүстік аймақта өндірілетіндіктен зауыт осы аймаққа салынды. Жылына 300 тоннаға дейін өнім шығарылады. Алдымен тағамдар қаптамасына, ауыл шаруашылық бағытына қажетті таза, өте көлемді пленкаларды шығарылады. Одан шыққан қалдықтарды қайта өңдеп, полиэтилен жібін өндіріледі. Сол жіптерден қоңырқай түсті пленкалар шығарылады. Оны жол салғанда, ғимарат тұрғызғанда астына төсеуге қолданады. Өндіріс ешбір қалдықсыз.  Ал шикізат  Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдерінен алып келінеді.

Қазір 50 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік жұмыс қарқыны бәсеңдемей, өнім өрісі артса, өндірістің жұмысын кеңейтпек көрінеді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
450

Жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастры баспана ресімдеудегі кедергілерді азайтады

Астанада «Жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық есебінің өзекті мәселелері» атты халықаралақ конференциясы басталды.

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсіпорындардың және  Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердің ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде»  ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысуда. Конференция нәтижесінде қатысушылар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоймақ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжірибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

«Бұл шара біз үшін - тек қана бірегей диологтар алаңы емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасында  Біріңғай кадастрлық есеп жүйесін құру механизмі мен шешім қабылдауда бірыңғай түсіністікке келу мүмкіндігі болып табылады» - деді Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында біз жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгізген болатынбыз.  Бірыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелерді біріктіруді, жылжымайтын мүлікті ресімдеу барысында әкімшілік кедергілерді азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлікке құқықтарды есепке алу және тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді».

Бүгінгі күні мемлекеттік корпорацияда жер телімдерінің, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ – қабаттары, инженерлік коммунакациялармен, жол-көшелік желілер  және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрының мүмкіндіктері жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделі құрылыстар мен құрылыстарды үйлестіруді орындаған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
485

Шанхайдағы CITM-2016 көрмесінде Қазақстан өзінің туристік әлеуетін таныстырды

Биыл қарашаның 11 мен 13 аралығында Шанхайда Қытайдың China International Travel Market (CITM 2016) ірі туристік көрмесі өтті. Жалпы ауданы 65 кв.м. болатын «Shanghai New International Expo Centre» көрме кешенінде 400-ден аса халықаралық қатысушы, 600 делегация және 100-ден астам келуші болды, деп хабарлады ИДМ.

Көрмеде Қазақстанның аймақтары мен ірі туроператорлық компаниялардың өкілдері біріккен ұлттық стенд аясында ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасы қазақстандық делегацияның аталмыш көрмеге қатысуын ұйымдастырды.

Қазақстандық компаниялар арасында «KazAllianceGroup», «Explore Central Asia LTD», «Sky Way Travel», «TuranAsia LLP», «Меруерт Саяхаты», «ABDI travel», «Touroperator Kompas», «Travel and MICE», «Uni tour», «Complete service»,  «Керуен», «Туроператор «Asia Discovery», «Арнай тур» Жауапкершілігі шектеулі серіктестері өздерінің туристік өнімдерін ұсынды.

CITM көрмесіне қатысқан қазақстандық туристік компаниялар мен аймақтар үшін Қытай нарығына шығудың бірқатар мүмкіндіктері берілді. Жалпы көрме қалыптасушы туртоптар мен ұсынылған жаңа бағыттарды ашатын Қытайдың жіберген туроператорларын тартады.

CITM көрмесі аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев ҚХР-ның туризм істері жөніндегі Мемлекеттік басқармасының өкілдерімен кездесу өткізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тәжірибелік ынтымақтастықты тереңдетуге, туристер үшін жасалатын жағдайларды жақсарту мен 2017 жылы ҚХР-дағы Қазақстан жылы мен Қазақстандағы ҚХР-ның жылын өткізу аясында ынтымақтастық алаңын кеңейте түсуге келісті.

Көрме барысында ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаменті Қытайдың және басқа елдердің туризм бойынша ұлттық және аймақтық  туроператорларымен және ұйымдарымен  екіжақты кездесулер өткізді.

Көрме аясында қытайдың туристік компаниялары мен туристері ЭКСПО-2017 көрмесіне үлкен қызығушылық танытты. Мәселен, олардың тарапынан билеттік операторларға қатысты, билет құны және бекітілген туристік бағыттар жайында сұрақтар қойылды.

«Әлемде қытайлық туристер үшін айтарлықтай күрес жүріп жатыр. Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір оныншы турист қытай. 2015 жылы шекара асқан қытайлардың саны 120 млн. адамға артқан. Ал, шетелдерде қытайлық туристердің жалпы жиынтық тұтыну көлемі 200 млрд. долларға артқан. Сондықтан, мұнда ең бай 25 млн халқы бар Қытай қаласының барлық ірі туристік бизнес ойыншылары келді. Қазақстанға деген қызығушылық өте үлкен. Ауқатты оңтүстік қытай аймағының туристері біздің ел жайында өте аз біледі. Сол үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті «Атамекен» ҰКП-ның басқаруымен туроператорлармен бірлесе республиканың туристік әлеуетін таныстырды. 2017 жылы Қытайдағы Қазақстан туризмі Жылын өткізу аясында Қазақстанды бұдан да тереңірек таныстыру бойынша өзге де мемлекеттік органдармен бірқатар шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев.

Анықтама: ҚХР-дағы Қазақстан Елшілігінің дерегі бойынша: 2015 жылы ҚХР азаматтарына 118 321 виза берілген. Оның ішінде 83 мың 358 виза, яғни 70%-дан астам Қытайда тұратын этникалық қазақтарға берілген. 19 мың виза іскерлерге, 10 мың жұмысшыларға, 4600 туристік және 173 оқу оқитындарға берілген.

2016 жылдың 9 айында 86 203 виза берілген. Оның 68%-ға жуығы ҚХР тұратын этникалық қазақтарға берілген. 15 мыңнан астам іскерлік, 6 мыңнан астам жұмысшыларға, 5 мың туристік және 299 оқу бойынша, 322 қызметтік, 23 инвесторлық және 56 транзиттік виза берілген.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
313

Ата-аналар комитеттерімен кездесу

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2016 жылға араналған кешенді жоспарды іске асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен  мектепке дейінгі мекемелердің, орта білім беру орындарының ата-аналар комитеттері өкілдерімен кездесулер өткізілуде.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлері отбасында, оның ішінде өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу және оны бойларына сіңіру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытында түсінік жұмыстарын жүргізуде.

 
0
0
310

Жоғарғы Сот Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстырды

Жоғарғы Сот судьялардың VII съезі қарсаңында Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстыру рәсімін өткізді.

Іс-шараға Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың өкілдері, судьялар мен құқықтанушы-ғалымдар қатысты.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығында осыдан бір жыл бұрын жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекске жария түрде қол қойды. «Президент ел өміріндегі зор маңызға ие жаңа Кодекске алғаш рет жариялы түрде  қол қойғанын атап өтті. Бұл тұрғындарға заңның мән-маңызын неғұрлым дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді», - деді таныстыру рәсіміне келген қатысушыларға сөйлеген құттықтау сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми. Мемлекет басшысы тарапынан берілген мұндай жоғары баға ақталды. Бүгінде жаңа Кодекс еліміздің құқықтық кеңістігін түбегейлі жақсартты деп нық сеніммен айтуға болады.

Жаңа Кодекс күшіне енгеннен кейін шығарылған сот актілеріне жүргізілген талдау азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзінің зор тиімділігін көрсетті. Егер де сот төрелігінің ескі жүйесінде істердің жекелеген санаттары бір жарым жылға дейін қаралса, бүгінде олар ең көп дегенде 8 айдың ішінде шешімін табуда. Азаматтық істердің 82 пайыздан астамы бір сот отырысында, ал 58 пайызы – жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралады. Дауды шешудің баламалы тәсілдерін қолдана отырып аяқталған істердің саны 70 пайызға артса, медиацияны қолдана отырып аяқталған істер саны 3 есе артты. Азаматтық процестік кодекске енгізілген нормалар электронды сот ісін жүргізуді жетілдіруге мүмкіндік берді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы ағымдағы жылы 600 мыңнан астам электронды құжат келіп түсті.

Қ.Мәми іс-шараға қатысушыларға Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа бекітілген барлық қадамдардың сәтті орындалғанын мәлімдеді.

Қ.Мәми ағымдағы жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша республикадағы барлық сот отырысы залдарының аудиобейнетіркеу жүйесімен 100 пайызға жарақтандырылғанын айрықша атап өтті. Бұл жұмыс барынша қысқа мерзімде әрі тиісті деңгейде жүргізілді. Бұл сот төрелігінің айқындығын арттырудың тікелей шаралары және Ұлт Жоспарының 20 қадамын орындаудың іс жүзінде аяқталғанын білдіреді.

Жүргізілген реформалар құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға, сондай-ақ тұрғындардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға барынша ықпал етеді. Нәтижесінде, неғұрлым маңызды халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның көрсеткіштері жақсарды. Мәселен, ағымдағы жылы Бүкіләлемдік банктің бизнесті жүргізу және инвестициялық ахуалды жақсарту рейтингісінде Қазақстан 190 елдің ішінде 9 орынды иеленді. Қазақстан Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексінде өз көрсеткішін 4 позицияға (72-ден 68-ге дейін) жақсартты. Бұл Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосудағы сот жүйесінің қомақты үлесі болып табылады.

Сот процесіне қатысушылар арасында Жоғарғы Сот жүргізген онлайн-сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 74,4 % соттар жұмысының сапасына қанағаттанушылық білдірді. Сауалнамаға барлығы 16,5 мың адам қатысты.

Осы тұрғыда Азаматтық процестік кодекс комментарийінің мән-маңызы зор. Ол қазіргі таңда өте өзекті құжат болып табылады.

Азаматтық процестік кодекс комментарийін таныстыра келе, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева аталған құжат судьялар мен тәжірибедегі заңгерлер үшін нақты әдістемелік құрал болатындығын, оларға сот төрелігін жүзеге асырудың әр алуан түйткілді мәселелері бойынша дұрыс бағыт таңдауға, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесін тиімді қорғауға көмектесетіндігін атап өтті.

Сенат депутаты Серік Ақылбай өз баяндамасында жаңа Азаматтық процестік кодексті әзірлеу 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын және республика судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау шеңберінде жүргізілгенін айтты.

Азаматтық процестік кодекс пен оның Комментарийінің маңыздылығы туралы айта келе, БҰҰДБ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Алтангерел Мунхтуя жаңа АПК-ға сәйкес инвестициялық дауларды қарау бойынша мамандандыруды енгізу инвесторлардың қазақстандық сот төрелігіне деген сенімін арттыруға ықпал етті, бұл өз кезегінде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасап, мемлекет экономикасын жаңғыртудың сенімді кепілі бола отырып, еліміздің инвестициялық ахуалын түбегейлі жақсартқанын мәлімдеді.

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, адвокатура өкілі Балгүл Раисова, Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры, профессор Исидор Борчашвили, Бас прокуратураның Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаменті бастығының орынбасары Марат Әбішев  Комментарийдің құқық қолдану тәжірибесіндегі рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар ұсынылып отырған құрал Кодекстің барлық негізгі жаңашылдықтарын неғұрлым тиімді іске асыруға мүмкіндік беретінін, отандық құқықтық тәжірибені әлемдегі үздік стандарттарға сәйкестендіретінін тағы бір рет атап өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-azamattyk-procestik-kodekstin-kommentariyin-tanystyrdy

0
0
828

Алматыда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың қатысуымен брифинг өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Әділет департаменті, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірлесіп көрсетілетін қызметтердің сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ету шараларына байланысы тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Департамент басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Әміртаева бүгінгі таңда басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 31 түрі көрсетіледі, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 13 және басқармамен 18. Сонымен бірге, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында стандарттармен регламенттерді жетілдіру жұмыстарды атқарылып жатқанын айтты.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірәсілова мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері туралы айтып, ағымдағы жылдың 9 айында басқармамен 5 млн. астам қызмет соның бір бөлігі «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілгені туралы айтып өтті.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуы бойынша басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 20 түрін көсетеді, соның ішінде мүгедектерге шипажайлық-курорттық емделуге жолдама беру. Сонымен бірге, Мәслихат шешіміне сәйкес үстіміздегі жылы Алматы қаласы мүгедектерінің барлығы шипажайлық-курорттық емделуге жолдама алатынын айтты.

Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Самамбетов пен Әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы және азаматтарға қызмет көрсету аясында енгізілген өзгерістер туралы айтты.

Брифинг сұрақ-жауап форматында өтті.

 
0
0
789

Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары қызметіне 2016 жылдың 9 айының қорытындысы негізінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша кеңейтілген жиын өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясы төрағаларының қатысуымен тәртіптік комиссия қызметіне 2016 жылдың 9 айының қорытындысы  бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесі жөніндекеңейтілген жиын өткізілді.

Жиында Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының атқарған жұмыстарының нәтижелері қарастырылып,Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының талаптарын бұзған жергілікті және аумақтық органдардың тәртіптік комиссиялары төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Өткізілген жиынның қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесіне қатысты заңнамалардың жеке ережелері бойынша түсініктемелер беріліп, қолданыстағы заңнама нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Жиын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы - Камалов Бахтияр Камалұлының төрағалығымен өткізілді.

 
0
0
495

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті — мемлекет экономикасының табысты негізі

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы «Көзқарас» клубы жобасының аясында  ҚМЭБИ университетінде «Жастардың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, қаланың жоғары оқу орындарының проректорлары мен студентері, профессорлық-оқытушылар құрамдары мен ғылыми-эксперттік қоғамның өкілдері қатысты.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен 5 институционалды реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіре отырып, «Мәңгілік ел» идеологиясы  контексіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен этика туралы,   ежелгі  заманнан бері халық дәстүрлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалыптасқан теріс пікірлер туралы және ежелгі грек философы Аристотельдің   дәйектемелеріне мысалдар келтірді.

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елнұр Бейсенбаев  мемлекетіміздің Еуродаққа және ДСҰ мүше болғаннан кейін студенттердің білімділігі мен жоғары мәдениеті қазіргі нарықтағы  күшті бәсекелестіктерге төтеп берудің  маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында жемқорлықтың еліміздегі қоғамдық институттарға тигізетін әсерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы шаралар, студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы шараларды жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Нархоз университетінің тәрбие жөніндегі директоры Валерий Козлов өз сөзінде университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ауқымды жұмыстар атқарылуда, оның ішінде оқу прцесстері автоматтандырылып, аудиторияларға бейне камералар орнатылған және профессорлық-оқытушылар құрамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге өз еріктерімен үлестерін қосуда,   сонымен қатар,  университете болып жатқан басқа да жаңалықтарға тоқталды.

Каспий университетінің академиялық мәселелері жөніндегі проректоры Оксана Киричок сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие отбасынан, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен басталу керек, өкінішке орай бүгінгі таңда білікті мамандардың аз екендігін атап өтті.

ҚМЭБИ университетінің құқық мектебінің деканы университете сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіліп жатқандарына тоқталды.

 
0
0
3142

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі  Департамент) Алматы қаласы әкім аппаратымен бірлесіп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына Алматы қаласы әкім аппаратының өкілдері, мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастығының басшылары, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы мен Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасының деңгейі жоғарлауымен бірге азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімі өсетіні туралы ескертіп, Алматы қаласының 81 мемлекеттік органдарының 49 мемлекеттік қызметтерді көрсететінін айтып өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында 8 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер көсетілді және Департамент тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жою мақсатында және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылады деп айтты.

Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Бижанов көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған әдісті айта отырып, осы бағыттағы жұмыстар шағын және орта бизнес субъектілерімен тығыз байланыста іске асырылатынын айтты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті директорының орынбасары Оразхан Өксікбаев соңғы бірнеше жылда мемлекеттік қызмет көрсету саласында үлкен өзгерістер енгізілгенін айтты. Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік қызметтің 530 түрін көрсетеді, ал жақында мемлекеттік қызметтің тағы 53 түрі қосылуға жоспарлануда.

Дөңгелек үстел отырысының барысында Алматы қаласы Білім басқармасының құқықтық және құжаттамалық қатамасыз ету бөлімінің басшысы - Ербол Қанатбекұлы, Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы - Михаил Новоселов, Алматы қаласы Әділет департаментінің басқарма басшысы - Ербол Мынқожаев баяндамалар жасады. Талқылау барысында «Ақпараттық ресурстық орталығы» ҚҚ басшысы Алтынай Көбеева, Қазақстан кеден брокерлар ассоциациясының басшысы Геннадий Шестаков, Еуразиялық франчайзинг ассоциациясының басшысы - Бекнұр Кисиков көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған конструктивті ұсыныстар енгізді.

 
0
0
524

Қазақстанда шылым шегуден бас тарту онкүндігі басталды

2016 жылғы 14 және 23 қараша аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде  Шылым шегуден бас тарту халықаралық күніне арналған онкүндік өтеді.

Оның мақсаты – халықтың темекі бұйымдарының ағзаға әсері туралы хабардарлығын арттыру, шылым шегудің таратылуын азайту, дәрігерлер мен тұрғындардың шылым тәуелділігіне қарсы күрес белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Онкүндік шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (бұдан әрі - МСАҚ) медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, психологтар үшін халыққа профилактикалық көмек көрсету мәселелері бойынша семинар – тренингтер өткізу;   темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартқысы келетін тұлғаларға қолдау көрсету мақсатында МСАҚ, темекіге қарсы орталықтар/кабинеттер және жастар денсаулық орталықтары мамадарының кеңестерін ұйымдастыру жоспарлануда. Денсаулық мектептерінде мінез-құлық факторларының қауіп-қатерін алдын алу бойынша жұмыс жандандырылады.

Шылым шегу белсенді, сондай-ақ пассивті темекі тартушылардың денсаулығына зиян келтіреді. Темекі түтіні жүрек қан тамырлары және респираторлық, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруына, өкпе обырына  және т.б. ауруларға әкеліп соғады. Емшек еметін нәрестелерді аяқ астынан өлім-жітімге әкелуі ықтимал. Темекі түтінінен жүкті әйелдер салмағы аз сәби босанады.

2006 жылы Қазақстан шылым шегудің таратылу деңгейін төмендету және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған ДДҰ Негіздемелік конвенциясын ратификациялады.

Шылым шегуден бас тарту халықаралық күні 1977 жылдан бері қараша айының үшінші бейсенбісінде  ДДҰ-ның қолдауымен Америкалық онкологиялық қоғамының ұсынысымен өткізілетінін естеріңізге саламыз.

 
0
0
558