Ақмола облысында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы суреттер көрмесі өтті
А.ж. қазан айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстың орта оқу орындарының 5-8 сынып оқушыларының арасында өткізілген «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбындағы суреттер байқауының қорытындыларын шығарды.
Басты мақсаттары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қоғау, әкімшілік кедергілерді төмендету, Агенттік пен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігін күшейту, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайту арқылы барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру, азаматтық қоғамды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға тарту болып табылатын Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімнің Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде а.ж. 7-11 қараша аралығында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында, Ш. Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында, Көкшетау қ. тарихы музейінде, Мәлік Ғабдуллин музейінде, сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану музейінде байқауға қатыстырылған суреттердің көрмесі өткізілді.
Көрмелерді өткізудің мақсаты - өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек, адалдық және сатылмаушылық идеяларын мінез-құлық нормасы болуы қажет деп түсінуін тарату.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Ашық келісімді жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және және қоғаммен ынтымақтастық бойынша, Ақмола облысының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және оның кез-келген түріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғандығын атап өту керек.

