Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жастар және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлердің рөлі.
2016 жылдың 11 қараша күні қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жастар және жастар ұйымдарының, ғылыми және педагогикалық қызметкерлердің рөлі» тақырыбындағы диалогтық алаң өткізілді.
Шараға Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш пен бас маманы Е.Тулепкалиев, «Батыс Қазақстан облысытық Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті А.Салиева қатынасып, баяндама жасады.
Диалог алаңына қатысқандар жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуын және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне шыдамау ахуалын қалыптастыру, білім мекемелерінде, сонымен қатар ғылыми зерттеу ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және тәрбиелеу мәселелері талқыланды.
