Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейін арттыру
2016 жылдың 7 қарашасында Есіл қаласындағы аудандық мәдениет үйінде Ақмола облысының әкімдігімен әрекеттесу мен ынтымақтастық шенберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә.Қ. Мұхамеджановтың қатысуымен ХҚКО департаменті – Мемлекеттік корпорация филиалы мен жұртшылық өкілдерінің, Есіл, Жарқайың, Есіл аудандарының басшылары үшін «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейін арттыру» тақырыбына аймақтық семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелер, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің негізгі аспектілері, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен тұрғындардың қанағаттанушылығы сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде аз мобильді топтар үшін қажетті шаралар жасау мәселелері талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушілер алдында әкімшілік барьерлердің алдын алу мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас тәуекелдерге жол бермеу мен әдептілікті сақтау сонымен қатар аз мобильді топтар үшін қажетті шаралар жасау арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.
Осындай іс-шаралардың өткізілуі Астрахан, Целиноград аудандарында және Степногорск қаласында жоспарланды.
