Сандықтау ауданына «Адал жол — Честный путь» эстафетасын табыстау
А.ж. 9 қарашасында Сандықтау ауданына «Адал жол - Честный путь» эстафетасын табыстау рәсімі өтті. Іс-шара басталар алдында марафонға қатысушылар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Жайықбаевпен бейнебайланысқа шықты .
Марафонға Атбасар ауданының әкімі А.Никишов, Атбасар аудандық мәслихат хатшысы Б. Борұмбаев, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г.Қадырова, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары К. Тажденова қатысты.
Сыбайлас жемқорлық кез-келген жаста, кез-келген мамандықта көрінеді. Эстафетаны беру рәсіміне Ж. Т. Рыскелдин (64 жаста), Ж. А. Сулейменов (30 жаста), Р. Сексенбаев (25 жаста), Б. Жұмабаев (26 жаста), С. Исин (10 жаста) шақырылды. Марафонға қатысушылар «Адал жол - Честный путь» фотоальбомын бір-біріне табыс етті. Ең кішкентай қатысушы Исин Рахат фотоальбомды Атбасар ауданының әкімі А. Н. Никишовқа табыстады. Өз кезегінде аудан басшысы эстафетаны Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г. Е.Қадырова табыс етті.
Марафон соңында қатысушылар «Атамекен» әнін орындады.
