Мазмұнға өту

Жаңа

Тіл таным — Иран тілінен енген сөздер

Аспан Аспан ашық, күн тымық, Күредік қарды құлшынып. Осы аспан сөзі де, Біздің тілге кезінде. Кіріпті Иран тілінен, Мағынасы “әуе” екен. Осыны бүгін білдім мен. Арай Ғасырлар бойы сандаған, Көнеріп, ұмыт қалмаған. Көп сөздің бірі Арай-ды, Тамсандырған талайды, Қосады ақын жырына, Білгенің жөн мұны да. Осы сөз қазақ қырына, Жетіпті Иран жерінен. Шұғыласын төгіп тұр бүгін, Тілімнің асқақ төрінен. Ас «Ас адамның арқауы, Сабырлық керек затында». Бұл мақал Алтай, Арқаға, Бейтаныс емес затында. Тағам ғой асқа балама, “Ас” сөзін жат санама. Аруақ ырза болсын деп, Ас берді ел Бабаға. Алау Алаулап жанған оттайын, Жалындап біраз тоқтайын. Жылылық жұртқа тарасын, Қызуы қайтпас шоқтайын. Астана «Астана» Басқа да, Сөздердей. Тіліме өң берген, Шыққанын қай тілден. Білуді жөн көргем, Іздедім сөздіктен,…

0
0
1339

Араб тілінен енген сөздер

Алла


Осы сөзбен бесігіңде таныстың,

Ер жеткен соң мәңгілікке табыстың.

Мейіріміне бөленген сан мұсылман,

Аллаға сен  дей алмайсың, алыспын.

Алла, сірә, басты сөзі Арабтың,

Әлимсақтан әжетіңе жараттың.

Әміріне бір Алланың бойсұнып,

Жазираға ілімін де тараттың.

Осы өлең өріміне өрілген,

Біршама сөз.

Бізде қырға керілген.

Арабтардан

Тарағаны дау тудырмас тегінде,

Деген ойға

Ертелі- кеш берілем.

 

Амал

«Амал айы» өткен соң,

Күн жылынып, ерір тоң.

Дегенде үлкен кісілер,

Наурызды еске түсірер.

Мұнан да басқа «амалдың»

Омонимі  бар таласпа.

Күйретіп жаудың қамалын,

Әдісін біліп жол тауып.

Әперген жеңіс Алашқа,

Қолбасшы біліп «амалын».

Сөз мәнін білсе артық па,

Тіл таныр жасқа саналы.

 

Сүлеймен Баязитов

1
0
1777

Дұрыстап оқы

Ит сабалады,

Жаңбыр абалады.

***

Кеме балтырға өрмеледі,

Кене теңізде тербеледі.

***

Жылан көктен құлады,

Қыран інде тұрады.

***

Инемен киім пішіп,

Қайшымен тіктім ішік.

***

Қоян қойды жаралады,

Қасқыр жымды паналады.

***

Кесе, кесе суға түстім,

Көлге барып, айран іштім.

 

Сүлеймен Баязитов

1
0
468

Шымкентте мектеп оқушыларын тегін тасымалдау үшін 19 автобус ұсынылды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қарсы Шымкентте оқушыларды тасып отыру үшін 10 мектепке 19 автобус берілді. Мектеп директорларына жаңа автобустар кілтін ұсына отырып, облыс әкімі Жансеит Түймебаев барлық қатысушыларды ерекше мәні бар мерекесімен құттықтады. «Қымбатты оқушылар! Бұл автобустар сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін ұсынылады, сіздер үлгілі оқушылар болады деп сенемін. Онымен қоса, бұл автобустармен тарихи және мәдени ескерткіштерге баруға болады. Біздің Мемлекет басшысының болашақ ұрпақ тағдыры туралы әрдайым қамқорлығы сезіледі. Енді, меншікті автобустар қала мектептеріне шамамен 3 мың оқушыларды тегін жеткізіп отырады», - деді аудан басшысы. Бұрында, келісім шарт негізінде балаларды тасымалдаумен «Абад ЮГ» ЖШС және «Төле би автобус паркі» ЖШС компаниялары айналысқан. Бұл автоб…

0
0
865

ҚР Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев TIMSS халықаралық зерттеудің нәтижелерімен құттықтады

ҚР Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев оқушылар мен мұғалімдерді математика және жаратылыстану бағытында өткен TIMSS халықаралық зерттеудің нәтижелерімен құттықтады. Біздің оқушылар жаратылыстану-математикалық сауаттылығы бойынша Ресейлік құрдастарының нәтижелеріне ұқсас көрсеткіштерге қол жеткізіп, АҚШ, Англия, Германия, Канада, Автралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және бірқатар басқа мемлекеттерде тұратын құрдастарынан озып шықты. TIMSS – (Trends in Mathematics and Science Study) – жаратылыстану-математикалық білім беру сапасын бағалайтын халықаралық зерттеу. TIMSS аясында 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымдары мен математикалық сауаттылығының мониторингі жүргізіледі. Бұл жобаның ерекшелігі – 4 жыл сайын өткізілетін…

0
0
1058

«Біз білмейтін» тұңғыш президент

Кеше ғана «бүкіл ел болып» Тұңғыш Президент күнін атап өттік. Теледидардан да «президент» сөзі әдеттегіден жиі естіліп тұрды. Мемлекетіміз үшін президенттік билік институтының басқа елдермен салыстырғанда едәуір жас екендігі белгілі, соған қарамастан Қазақстанда «президенттер» көп-ақ. Есіңізге түсіріп көріңізші, достарыңыз бен әріптестеріңіздің арасында нағыз президенттер бар шығар; мүмкін өзіңіз де президент қызметін атқарып жүргендердің біреуі боларсыз ?! Бізде президенттер жетекшілік ететін университеттер, компаниялар, акционерлік қоғамдар мен басқа да түрлі ұйымдар бар емес пе... Осы ретте Беларусь басшысы А.Лукашенконың кезінде елде «президент» сөзін тек мемлекет басшысы лауазымына қатысты пайдалану туралы бастамасы еске түсті. Бұған қоса, әлемдегі ең алғашқы президент кім болған дег…

0
0
1024

Шымкентте Қазақстан Республикасының президенттік институтына арнап мерекелі шаралар өткізілуде.

Облыс орталығында, «Түркістан сарайы» Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелі шаралар өткізілді. Оған қатысқан облыс әкімі Жансеит Түймебаев аудан тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады және бұл мерекенің біздің мемлекетіміз үшін маңыздылығын баса айтты. «Қазақстан – ерекше мемлекет! Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын дамытуға ерекше және зор үлесін қосты. Сыртқы саясатты анықтап алып, шет мемлекеттермен достық қатынастарды нығайта алды. Жан-жақты ішкі және сыртқы саясат арқылы мемлекет ірі саяси және әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтардан құтыла алды және ауыспалы кезеңде қиыншылық жағдайды ойдағыдай жеңіп шықты. Дағдарыс уақытында тоқтамай, біз гүлдену және өрлеу жолымен жүрдік», - деді ауд…

0
0
313

Шымкентте Тұңғыш Президент күнін тойлауда.

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты акция аясында Шымкентте Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар өткізілуде.

Көрме орталығында мемлекет басшысының Оңтүстік аймаққа сапарының әртүрлі сәттері түсіріп алынған шамамен 100  жуық фотосуреттері ұсынылған көрме өтті. Қала тұрғындарымен кездесу, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық объектілеріне бару, мәдени, саяси және экономикалық шараларды өткізу – осының бәрі бүкіл мемлекет тарихының бөлінбес бөлігі болып кетті.

Тәуелсіздіктің 25 жыл бойы президент Назарбаев ОҚО  50 аса келіп кетті. Президенттің бұйрықтарын және тапсырмаларын орындау нәтижесінде Шымкент пен ОҚО экономикасы мен өнеркәсібі дамыды, 25 жыл бойы облыс бюджеті 54 миллиард теңгеден 560 миллиард теңгеге дейін өсті.

0
0
193

Сұлулық әлемді құтқарады

ХІХ ғасырда орыс жазушысы әрі ойшылы Ф.Достоевский «Идиот» (нақұрыс) романында 18 жасар кейіпкерінің атынан «Әлемді құтқаратын – сұлулық» деген болатын. Түпнұсқада «Мир спасет красота» делінген. Бірақ біздің қазақ тілінде «сұлулық» пен «әдемілік» синоним болса да, екі түрлі мәнге ие. «Әдемі гүлге» «сұлу гүл» деп атау таға алмаймыз ғой. Қыздың келбетін сипаттағанда да бұл екі сөз екі түрлі мағына береді екен. Әдемілік – барлық қыздың бойынан табылатын қасиет. Ал «сұлу қыз» дегенде, әдебиеттегі «хас сұлу» деген тіркестегідей көркіне сөз жетпейтін сұлулықты айтады. Бұл ретте сұлулықтың әлемді неден құтқаратыны туралы ой еріксіз санаңа оралады. Бұл тіркестер есте тез сақталады әрі жағымды естіледі. Мүмкін содан болар, оның түпкі мағынасына үңіліп жатқан адам көп емес. Алдымен, «сұлулық» деп б…

0
0
14316

Республиканский форум «Ұланымыз ұлы елдің» для активистов и лидеров детско-юношеского движения «Жас Ұлан» и «Жас Қыран»

18-19 ноября 2016 года городе Астана в Кобыз Сарайы в течение 2-х дней проходил Республиканский форум «Ұланымыз ұлы елдің» для активистов и лидеров детско-юношеского движения «Жас Ұлан» и «Жас Қыран». Целью форума является повышение роли и статуса детских общественных организаций, активизация детских социальных инициатив по участию детей в жизни государства и общества Казахстан. На Республиканский форум «Ұланымыз ұлы елдің» прибыли делегации со всех областей Казахстана, как с городских, так и с районных школ. В первый день Форума после регистрации участники приняли участие в мастер-классах, разделившись предварительно на 4 команды. В течение двух дней лидеры и активисты детско-юношеского движения прошли четыре мастер-класса у ведущих психологов и тренеров по темам «Эффективность лидерства…

0
0
977