Мазмұнға өту
lion_lida

Еркежан Арын

@lion_lida

Сайтта 2016 ж. 29 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Күз мезгілінің 10 ерекшелігі

Алтайдан Атырауға дейін созылған кең даламызда жылдың төрт мезгілі де бар. Бұл еліміздің бір ерекше тұсы дер едім.Алматының төрт мезгілін тіпті ерекше деп атай аламын. Жазы аптаған ыстық, қысы үскірік аяз, көктемі шуақты, күзі нөсерлі де тұманды әрі күрең. Түсі суық, сұр бұлтты, нөсерлі күндер келді. Алқызыл, сары жапырақтар айналаны әсемдеп, жерге жұмсақ сары кілем төселгендей. Адамзат бұны «алтын күз» дейді. Нағыз тіршіліктің жандана бастаған уақыты – осы күзде. Қыбырлаған жәндік, жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының қыстың қамымен қарбаласуы, көкте жылы жаққа топ-топ ұшқан құстар да күздің исін білдіріп тұр. Табиғатына сай күз мезгілі өнім беруші, берекелі, түсімді арттыратын молшылық уақыты. Астролог ғалымдар да күз айында отбасы құрушылардың көп балалы, табысты отбасы болатынын на…

0
0
8743

Сата білу өнері

Көпшілік PR-мамандарын журналистермен шатастырып жатады. Алайда, бұл мамандық иелерінің атқаратын жұмыстары да, міндеттері де мүлдем бөлек. Беделді қалыптастыру, басқару ісімен дәл осы мамандар айналысады. Қазіргі кезде бұларды барлық министрліктер, мемлекеттік және жеке ірі компаниялар және бірқатар ірі тұлғалардың жанынан көруге болады. Олар министрліктің немесе мемлекеттік жеке компанияның баспасөз қызметінде, қоғаммен байланыс департаментінде, жарнама және маркетинг бөлімінде, БАҚ-пен байланыс бөілімнде немесе жеке PR агенттігінде жұмыс істеуі мүмкін. Шағын кәсіпорындарда маркетологтарға PR мен жарнамалық кампанияларды әзірлеу, немесе жарнама бойынша мамандарға маркетингтік зерттеу мен жоспарлауды жүзеге асыру сынды тапсырмалар міндететіледі. Шындығына келгенде, әр маман өз ісімен айн…

0
0
3792

Қазақы бренд – қымыз бен қазы ғана ма?

Ұлттық құндылық деп біз нені атаймыз?Ғаламторда бұл ұғымға мынадай түсінік берілген: «ұлттық құндылықтар дегеніміз – халқымыздың ұлттық бет-болмысын, ерекшелігін көрсететін мәдениеті, өнері, тілі. Мысалы: қазақ халқының ұлттық құндылықтарының қатарына домбыра іспеттес ұлттық аспаптары және қайталанбас бауырсақ сияқты ұлттық тағамдары, тағы да басқа заттар жатады», - делінген. Болашақ ұлт жанашырларын осы құндылықтарды қастерлеуге, мақтан тұтуға тәрбиелейміз. Осы ұлтты сақтап қалуға, әрі оған өзіндік үлесіңді қос деп насихат жасаймыз. Ал осы шараның барлығы қаншалықты дұрыс немесе қаншалықты өз деңдейінде өтіп жатыр? Қазақилықты жойып алмайық деп, біз салт-дәстүр, ұлттық тағам, ұлттық аспаптарды көп дәріптейміз. Осыған көп алаңдаймыз. Ұлттық құндылық – бұл бүкіл бір ұлтты танытатын брендке…

0
0
3186