PR заман талабына сай мамандық
Адам өмірде екі нәрсені таңдаудан қателеспеу керек деген ұстаным бар. Бірі асыл жарын таңдау болса, бірі табысқа жетелер, бағын аша мамандығы. Әр пенде ес біліп, етек жия бастаған сәттен бастап қандай мамандық таңдаймын? Кім боламын? Халқыма қалай пайдам тиеді? деген сұрақтар толғандырып жүрері анық. Әсіресе, нарықтық заманда қоғамда сұранысқа ие мамандықты таңдау мәселесі мектеп бітіруші түлектерге өте қиын. Солардың бірі қазіргі заманға сай, қоғамда халықтың ықыласына бөленіп үлгерген саланың бірі "Қоғаммен байланыс". Яғни, PR мамандығы. Көпшілік PR мамандарын журналистермен шатастырып жатады. Алайда, бұл мамандық иелерінің атқаратын жұмыстары да, міндеттері де мүлдем бөлек. Мұнда продюсер, баспасөз хатшысы, пресс-аташе, имиджмейкер, pr-менеджер, секілді мамандықтар оқытылады. Осыған қо…