Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада 48 жерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған белгілер мен тұрақтар белгіленген

«Тең мүмкіндіктер жолы» атты республикалық акциясы аясында қала орталығында көше-жол тораптарында орналасқан медициналық мекемелер, сауда орталықтарына, вокзалдарға, әуежайларға және тағы басқа да мүмкіндігі шектеулі адамның жаппай баратын 48 жерге 5.15 - «Тұрақ орны» және 7.17 - «Мүгедектер» жол белгілері мен тұрақ орындары белгіленіп және ғимараттар пандустармен қамтылған.

Мүгедектердің қозғалысы үшін қауіпсіз жол жағдайларын, зағип жаяу жүргіншілер үшін бағдаршам нысанын синхронды дыбыс сигналдары және кері санау таймерлерімен қамтамасыз етілді.

Қала орталығында орналасқан ғимараттардың алдына мүмкіндіктері шектеулі жандардың еркін кіріп-шығуына (көтеріліп-түсуіне) ыңғайлы пандустармен қамтуға, ғимараттарға қарасты автотұрақтарды мүгедектер үшін арнайы көлік қоятын орындармен жабдықтауға ұсыныстар берілді.

Осы іс-шара кезінде Облыстық наркологиялық диспансері мен  ЖИТС (СПИД) орталығына, 5.15 - «Тұрақ орны» және 7.17 - «Мүгедектер» жол белгілері және тұрақ орындары турникеттермен белгіленіп орнатылды.

Қала орталығында қалаішілік қоғамдық автокөліктердің жаңадан пайдалануға берілген үлкен сыйымдылықтағы 112 автобус мүгедектерге арналған арнайы пандуспен қамтылып, орындар қарастырылған.

Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жабдықталған 2 автокөлік бар.

Қызылорда облыстық зағип жандар қоғамы 5 жеңіл автокөлікпен қамтылған.

Жоғары спорт шебері мектебінде арнайы жабдықталған 1 автокөлік бар.

Талсуат елді мекенінде орналасқан Оңалту орталығында 1 автобус автокөлігі бар.

 

Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасы

 
0
0
650

Осы тақырып бойынша

Қызылордада 48 жерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған белгілер мен тұрақтар белгіленген - Yvision.kz