Түркістан шаһары түркі әлемінің мәдени астанасы атанды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласы 2017 жылғы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деген атқа ие болды деп хабарлайды "АПА" жаңалықтар порталы. Бұл жайлы Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің XXXIV отырысында жарияланды. Алқалы жиынға Түркі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі Академиясының өкілдері қатысты. Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің экс-депутаты – Кемал Челик: Түркістанды білмейтін түрік кем де кем. Өйткені біз Қазақстанды атажұртымыз, ал Түркістан қаласын барлық түркі халықтарының мәдени және рухани орталығы ретінде ерекше қастерлейміз. Тарихи шаһарды ТҮРКСОЙ түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялады. Бұл жаңалыққа шын жүрегіммен қуанғанымды жасырмаймын. Себебі мұ…



