Дәнекерлеу полигоны және оның шебері.
Кәсіптік колледждерді көбісі, ескі замандағыдай, мектептегі оқуын жалғастыра алмағандар мен ЖОО-на түсе алмағандарға арналған деген жаңсақ ойда. Бүгінгі мақала колледждердегі білім беру реформасының дуалдық (теорияға қарағанда практикаға көп уақыт берілетін болады) оқыту жүйесіне көшу өзгерістері туралы баяндаймыз. Бұдан бөлек, жоғарғы оқу орындарына қарағанда колледждер жаңа құрылғылармен жабдықталған және оқытушылары мен шеберлері өздірінің тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға да мүмкіндік береді.

Бақбергенұлы Мәлік – Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің өндірістік дәнекерлеу және слесарь шебері. «Мектеп бітіргеннен кейін кез-келген ержеткен жігіт қалайтындай мен де жүргізуші куәлігін алғым келді. Бірақ, жасым 18-ге толмағандықтан тағы 2 жыл кәіптік колледжде оқуым керек болды»-дейді 10 жылдан астам газэлектрдәнекерлеушісі және 2 жылдық білім беру саласында тәжірибесі бар маман. – Сол жерде газэлектрдәнекерлеушісі дипломын алғанмен де, осы салада жұмыс жасауға кейінірек келдім. Сол арқылы тек тапсырыстарға баруды ғана емес, адамдарды осы кәсіпке үйреткім келетінін түсінді. Сапалы дәнекерлеу жұмысы қалай жүргізілетінін, оның жолдарын сабақ ретінде өткізбесем де үйреткім келді. Осылайша, 2 жыл бұрын колледжге келіп өндірістік білім беру шебері болдым.



Оқытушылар мен студенттер өз уақыттарының көбісін колледждегі жобаларына бөледі және өздері қалайтын спортпен жиі айналысып тұрады. Мысалы: Мәлік Бақбергенұлы бала кезінде спортпен айналысқан. Ұзақ үзілістен кейін жаттығуын қайта бастады. Аптасына үш рет өз әріптестерімін волейбол ойнап тұрады. «Биылғы жылы колледж құрамасында ұлттық спорт түрлерінен жарысқа қатыстым. Қатты ұнады! Колледжіміз 9-шы жыл қатарынан, жыл сайынғы сайыстан бірінші орын иеленіп келеді.»



Тағы бір жақсы көретін істерінің бірі студенттердің шығармашылығын дамыту. Энергетикалық колледжде студенттер 2 курстан бастап дәнекерлеу бойынша іс-тәжірибеден өтеді. Екі апта ішінде оқытушы болашақ мамандарға негізгі базаны ғана емес, олардың ой мен идеясын түсініп, жетіліріп сол арқылы, білімдерін тереңдету керек.

Бастапқыда студенттер қауіпсіздік техникасымен танысуға міндетті. Одан кейін компьютерлік үстелдерде отырып дәнекерлеу тренажерлерімен жатығады. Дәнекерлеу полигондарында электроттың көмегінсіз дәнекерлеу ісіне үйрететін 4 интеракивті тренажер бар. Бүкіл процесс интерактивті мониторлар мен электртіректерінің көмегі арқылы жүзеге асырылады. Тренажер доғалы дәнекерлеуді көрсетеді.


Мәлік Бақбергенұлы: «Студенттер электрод ұстағыштарын дұрыс қолданып үйренгенде мен оларға металл бөліктерін беремін. Олар металлды бөліп, жандырып үйренеді. Тек содан кейін ғана бөлшектерлі түрлендіруге үйренеді»–дейді. –Біз студенттерге жол көрсетеміз. Металлдан олар өздері таңдап әкелген суреттегідей бөлшектерді қалай істеуді үйретеміз. Жұмысты әрі қарай жандандыру олардың өз қолдарында. Мысалы: бір студентіміз металлдан шаян жасап, бояп әкесіне тарту жасады.

Шебер жас мамандардың шығармашылығын қолдайды және олардың сұрақтарына жауап берп, кеңесімен бөлісуге әрқашанда дайын. «Ең алдымен мен металл бөлшегінен бұйым жасауды үйретемін. Бұдан кейін студенттер күрделлі заттарды жасауға көшеді. Мысалы: іс-тәжірибеден өткен кездерінде студеттердің мына жасаған үш дөңгелекті сәндік велосипеді. Студеттер бөлшектерді өздері тауып, біріктіріп, дәнекерлеп жасайды. Өте сәнді және қызықты. Оларды колледж аумағына орналастырып, үстіне гүлзар жасаймыз.»



Бұның барлығы 2014 жылы ашылған дәнекерлек полигонында жасалынады. Полигонда 7 дәнекерлеу посты бар (жұмыс орыны). Бір-бірімен байланысты техникалық құрылғылар мен тартқыштармен жабдықталған. Олардың әрқайсысы дәнекерлеудің 3 түріне арналған Олар: электрлі дәнекерлеу, аргонды дәнекерлеу және кемпинг. «Әр постта дыбысты бейнебақылау қойылған. Жұмыс орынымда әр студетті көріп бақылап отырамын. Олардың сұрақтарына да жауап беріп, жол керсетемін. Олардың әрқайсысы мені ести алады»–дейді Мәлік.



