Мазмұнға өту

Жаңа

Зеренді ауданы жастарының «Жастық! Жігер! Еңбек!» V форумы

А.ж. 30 қарашасында «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесіне орай,  Зеренді ауданының Мәдениет үйі ғимаратының салтанат залында,  жыл сайынғы Зеренді ауданы жастарының "Жастық! Жігер! Еңбек!" атты тақырыптағы V Форумы болып өтті. Осымен бесінші рет өткізіліп жатқан аталмыш шараның басты мақсаты еліміздің қалыптасып, күллі әлем мойындаған мемлекет болуындағы Елбасының айрықша рөлі мен көреген саясатын өскелең ұрпаққа үлгі ету. Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне қажетті мәселелерді талқылау болып табылады. Форумға Зеренді ауданының  әкімі Мұратұлы Асқар, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудандық маслихат депутаттары,  «Жұмыспен қамту 2020», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», бағдарламаларының қатысушылары, «Жасыл Ел» еңбек жасағының сарбаздары, халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО 2017» көрмесінің еріктілері, аудандық біріңғай М.Ғабдуллин атындағы жастар патриоттық клубының мүшелері, ауылдық округтерден келген жастар, студенттер мен оқушылар қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
521

V Форум молодежи Зерендинского района «Жастық! Жігер! Еңбек!»

30 ноября т.г.в честь Дня Первого Президента Республики Казахстан     состоялся V Форум молодежи Зерендинского района под названием «Жастық! Жігер! Еңбек!», в котором принимали участие аким Зерендинского района Муратулы Аскар, руководители районных ведомств, депутаты маслихата, делегация молодежи из 22 сельских округов Зерендинского района, участники  государственных программ «С дипломом в село», «Дорожная карта занятости 2020», «Молодежная практика», бойцы трудового отряда «Жасыл Ел», волонтеры международной специализированной выставки «ЭКСПО 2017», члены военно- патриотического клуба им. М. Габдуллина, студенты колледжа и лидеры школ.
Департамент госслужбы

0
0
322

«Жастар және жемқорлық: проблемалар мен аргументтер» пікірсайысы

А.ж. 30 қарашасында, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» атты марафоны аясында М.Ғабдуллин атындағы Зеренді қазақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен, Зеренді ауданының Достық орталығында «Жастар және жемқорлық: мәселелер мен аргументтер» тақырыбындағы пікірталас жиыны болып өтті. Шараға қатысушылар қазіргі таңда қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі болып саналатын жемқорлық туралы  өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар назарына жемқорлықтың адам өміріне тигізер зияны туралы баяндайтын видеороликтер көрсетіліп, олардың тәрбиелік мәні мен мағынасы талқыланды.

Департамент госслужбы

0
0
534

Астанада отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия елдеріндегі туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелерін талқылауда

Бүгін Астанада «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты жоғарғы деңгейдегі екінші аймақтық кездесу өтті. Екі күннің ішінде отандық және халықаралық сарапшылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріндегі туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелерін талқылайтын болады.

ҚР ДСӘДМ Туберкулез мәселелерінің ұлттық орталығы, Project HOPE, Туберкулез, безгек және ЖИТС-пен күрес Жаһандық қоры мен АҚШ-тың USAID халықаралық даму жөніндегі агенттігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Орталық Азия, Армения, Ресей және Украина елдерінің мемлекеттік органдарының, туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламалары және көші-қон органдарының өкілдері, сонымен бірге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ), «СТОП ТБ» Серіктестігінің, Көші-қон халықаралық ұйымының, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясының, Ратгерс (АҚШ) университеті Жаһандық туберкулез институтының және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Кездесу ҚР 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезді бақылау бойынша кешендік жоспарының және «Қазақстан Республикасы еңбек мигранттары арасындағы туберкулез/АИТВ, туберкулезді, кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулезді емдеу мен трансшекаралық бақылау бойынша шаралар» атты Project HOPE ұйымының жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Туберкулезбен аймақтық деңгейде бірлесе отырып күресу үшін біз екінші жыл жиналып отырмыз. Бұл кездесу аймақтық деңгейде – елдер арасында, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам арасындағы туберкулезбен күресудегі ынтымақтастықтың тиімділігін көрсетеді. Біз жыл бойы жүргізілген тиімді қарым-қатынастың нәтижесінде туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша екіжақты келісім жасауға нақты қадамдар жасалғанын атап айтқымыз келеді. Бұл туберкулезбен күресуде ұзақмерзімді тетіктерді енгізуге мүмкіндік береді», - деп айтты Project HOPE атқарушы вице-президенті Линда Хейтцман.

Шараға қатысушылар 2015 жылғы қарашада Астанада өткізген бірінші жоғарғы деңгейдегі аймақтық кездесуде қабылданған 12 айға арналған Жол картасы/Іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың нәтижелерін талқылайды. Сонымен қатар, туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша екіжақты келісімді түбегейлі аяқтау және оны қол қоюға дайындау мақсатында келесі жылға арналған Жол картасы/Іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылатын болады. Құжатты жүзеге асыру – Орталық Азия елдерінің аурумен күресудегі туберкулезге қарсы бағдарламаларының күшін біріктіруге, әсіресе, еңбек ететін мигранттардың өз еліне оралған соң туберкулезге қарсы ем шараларын қадағалау мен олардың өзге елге аттануына дайындығына ықпал ететін болады.

Кездесудің нәтижесінде мигранттар арасындағы туберкулезді емдеудегі пациентке негізделген тәсілді енгізудің ерекшеліктері бойынша ұсынымдарды жинақтайтын қарар қабылданады.

Ағымдағы жылдың 10 айының нәтижесі бойынша туберкулезбен ауыратын адамдардың ұлттық регистріне мигранттар арасында аурудың 177 жағдайы тіркелген. Тіркелген мигранттардың саны бойынша Маңғыстау (40), Алматы (20), Оңтүстік Қазақстан (14) және Солтүстік Қазақстан (11) облыстары, Алматы (18) мен Астана (19) қалалары алдыңғы қатарда. Тіркелген мигранттардың арасында Өзбекстан (51,9%), Ресей Федерациясы (17,9%), Түркменстан (8%), Қырғызстан (8%) мен Әзербайжан (4,9%) азаматтары басым. 2016 жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мн тубдиспансрлерге 753 сырттан келген мигранттар қаралып, тексеруден өтті (2015 ж. - 157).

0
0
290

326

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Бүгін, яғни 6 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-иновациалық даму, Мемлекеттік сатып алу және Жер қатынастары басқармаларының ұйымдастыруымен 9 - желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері Ерік Төлепқалиев бұл күн – мереке емес жершары халықтарының «Сыбайлас жемқорлықтың дамуға кедергі жасауына жол бермейміз!» деген ұранмен жанайқайын білдіретін айтулы күн екендігін тоқталып, 2003 жылдың 9 желтоқсанында БҰҰ қабылдаған  Конвенциясына қол қойған мемлекеттер парақорлықты, бюджет қаржысын жымқыруды, заңсыз жолмен табылған табыстарды кәдеге асыруды қылмыс деп жариялауға міндеттейтіндігін айтты.

Сонымен қатар, әр басқарманың жауапты мамандары тақырып бойынша баяндама жасап, шара соңында қатысушылар сауалнамалар толтырды.

0
0
1272

Қазақстандық судьялар делегациясы Бүкілресейлік судьялардың IX съезіне қатысты

Үстіміздегі жылдың 6-8 желтоқсаны аралығында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық судьялар делегациясы Бүкілресейлік судьялардың IX съезіне қатысты.

Форум Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің қатысуымен Мәскеу қаласындағы Одақтар үйінің Колонна залында өтті. Съезд төрт жылда бір рет өткізіледі және Ресей Федерациясының барлық субъектілерінен судьялар қоғамдастығының өкілдерін жинайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы съездің ашылуында құттықтау сөз сөйледі. Ол іс-шараға қатысушыларды съезд жұмысының басталуымен құттықтап, форумның Ресейдің сот жүйесін және жалпы мемлекетті дамытудағы ерекше маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, жақында Қазақстанда республика судьяларының VII съезі өткені атап өтілді.

«Географиялық жағынан көршілестігіміз және Ресей тарихының өткенімен ортақтастығымыз біз үшін халықаралық ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша басты серіктестік пен одастастықтың негізі болып саналады. Біздің ресейлік әріптестерімізбен өте жақсы іскерлік және достық қарым-қатынастарымыз қалыптасқан, бұл біздің елдеріміздің соттары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізеді», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.

Сонымен қатар, Қ. Мәми Қазақстан Ресейде жүргізіліп жатқан сот реформасына үлкен қызығушылық танытатынын, қазақстандық сот төрелігі жүйесін жетілдіру ісінде озық практиканы пайдалану мүмкіндігін қарастыру үшін ресейлік тәсілдемені зерделейтінін айтты. Сот жүйесіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту екіжақты деңгейде де, көптарапты форматта да ортақ тұрақтылыққа қол жеткізуге, екі елдің заңдылығы мен құқықтық тәртібін нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірілді.

Сөз соңында Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Бүкілресейлік судьялардың IX съезінің делегаттары мен форумға қатысушыларға белсенді және жемісті жұмыс, форумда алға қойылған сот төрелігін жетілдіру жөніндегі барлық міндеттің шешімін табуын тіледі.

Бұған қоса, ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда қазақстандық делегация Жоғары арбитраждық, шаруашылық, экономикалық және экономика (төрағалар кеңесі) саласы бойынша дауларды шешетін өзге соттар төрағалары Кеңесінің 13-отырысына қатысады.

Күн тәртібіне экономикалық даулар бойынша сот шешімдерін өзара тиімді орындау жөнінде Төрағалар Кеңесіне қатысушы-мемлекеттердің сот практикасын талдап қорыту туралы мәселелер, азаматтық және экономикалық істерді қарау бойынша бірыңғай процестік кодекс тұжырымдамасы туралы, сот арқылы заңды тұлғаларды мәжбүрлеп жоюдың кейбір мәселелері қойылған.

Төрағалар Кеңесінің құрамына 8 мемлекеттің: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Украинаның сот жүйесінің бірінші басшылары кіреді. Сондай-ақ, кеңесші дауыс беру құқығымен Кеңеске ТМД Экономикалық Сотының төрағасы мен Молдова Республикасы Жоғары сот палатасының төрағасы енген.

Кеңес 2002 жылы құрылған, жылына бір рет жиналады. Кеңесті құрудағы мақсат – мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және экономикалық даулар бойынша өзара тиімді құқықтық көмек аясын кеңейту. Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі – өзге аумақтағы бір мемлекеттің соттарының шешімін орындау бойынша күш біріктіру, шаруашылық заңдылық саласында және экономикалық дауларды шешу кезінде сот өнідірісінің нормалары бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kazakstandyk-sudyalar-delegaciyasy-bukilreseylik-sudyalardyn-ix-sezine-katysty

0
0
576

Спорт барлығына қол жетімді.

Шымкентте  мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық сайыстар өткізілді. 100 астам бойжеткендер мен бозбалалар волейбол, суда жүзу, садақ және пневматикалық мылтық ату, шағын футбол, белтемірге тартылу, кеудені жерден көтеру , спорттық эстафетадан сайысқа түсті. Шахмат, шашки, ұлттық үстел ойындары бойынша спорттық-зияткерлік сайыстар зор құлшыныспен өтті. Көру мен есту мүшелерінің кемістіктері бар мүгедектер арбасына таңылған жастар мықты ерік-жігері мен жеңіске деген талпынысын көрсете білді.

«Шынайы ер мінезге ешбір сынақ қорқынышты емес!» - дейді сайыс қатысушылары.

Іс-шараларды «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған және олар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған.

0
0
346

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз баяны

Бас прокуратурада прокуратура органдарың 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasy-prokuratura-organdarynyn-25-zhyldygyna-arnalgan-saltanatty

0
0
544