Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық басқармалардың өкілдерімен өткізілген дөңгелек үстел

А.ж 6 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша  департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында  Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілерімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел өткізудің  негізгі мақсаты – Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Дөңгелек үстелдің жұмысына  Департамент басшысының орынбасары Д.Хайруллин, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б. Сыздықов, облыстық басқармалардың өкілдері, Департаменттің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының директоры Ә. Баймағамбетов пен Департаменттіңсыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиев «Мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық және оның салдары» және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбындағы баяндамалар оқыды.

Кездесудің соңында қатысушылар бірегей шешім қабылдап, сол шешімнің негізінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттілігі жөніндегі пікірлерімен бөлісті.

Департамент госслужбы

0
0
246

Осы тақырып бойынша