Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Желтоқсан жаңғырығы

«Қазақ үні» газетінің 12.12.16 санында жарық көрген «Желтоқсаннан жеткен хат» http://www.qazaquni.kz/2016/12/12/61849.html атты мақалада аты аталған қыздардың бірі Гүлшат Әуезованың әкесі Омар ағамен сол жылдары бір ұжымда жұмыс істедік.

Омар аға Әуезов "Южказагропромпроект" жобалау институтының бас архитекторы еді. Нағыз ұлтшыл азамат. Қалалық қазақ, орыс, кәрісі басым орыс тілді ұжым. Бірен-саран ауылдан шыққан қазақ жастары Омекеңнің қолдауын ылғи сезініп жүретінбіз..

Ленин ат. Орталық алаңдағы ғимараттар мен "Гүлжан" дүкенінің қабырғаларына "Долой Колбин!"-деп жазып шыққан қыздардың ерлігіне іштей сүйсінгенбіз.

Жобалау институтының қызметкерлері негізінен өте білімді, өрелері биік жандар еді. Омекеңнің қызының әрекетін тіпті өзге ұлт өкілдерінен де ешкім бетіне басқан жоқ.

Ал Омар ағаның қандай қысым көргенін бірнеше жылдан соң кітапханашы апайдан естідік.

- Арнайы қызметтің күн сайынғы шақыртуы, жұмыста жасаған жобаларын шұқшиып тексеруші комиссиялар жүйкесіне тисе керек.

Бірде кітапханаға кірді. Әлдебір СНиП-і сұрады да, кітап сөрелерін аралап кетті. Біраз уақыттан соң бір құжат алайын деп сөрелердің арасына өтсем, бір бұрышта көздерінен жас парлап, ойға шомып отырған ағайды көріп, аяғымның ұшымен кері қайттым! - деп еді, кітапханашы орыс әйелі.

Ал Омар аға архитектор ретінде облысымыз бен қаламызға бір кісідей ізі бар. Әлі де бақуат деп естиміз. Қаладағы ең белгілі жобасы Тәуке хан даңғылы мен Б. Момышұлы көшесі қиылысындағы "Қызғалдақ" субұрқағы.

 
0
0
1181

Осы тақырып бойынша

Желтоқсан жаңғырығы - Yvision.kz