Мазмұнға өту

Жаңа

«Адал жол-Честный путь» марафоны мәресіне жетті

А.ж. 9 желтоқсанында «Достар» мәдениет сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адал жол-Честный путь» форумын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, облыстың барлық өңірлерінде өткен «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының қорытындыларын шығару.

Марафонға қатысушылар өздерінің фотосуреттері мен игі тілектерін естелік ретінде қалдырған Кітап марафонның өзіндік символына айналды. Форум барысында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары А. Хамиев Марафон кітабын Департамент басшысы Б. Беспалиновке салтанатты түрде табыс етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі  үшін бірінші, екінші және үшінші орындар үшін құрмет грамоталарымен Астрахан, Жақсы, Ерейментау аудандарының белсенділері марапатталды. Марафонға белсенді қатысқандары үшін Степногорск қ., Бұланды және Шортанды аудандарының өкілдері «Бірегей шешім» «Әлеуметтік мәселеге заманауи көзқарас» және «Кері байланыс» номинациялары бойынша марапатталды. Сонымен қатар, «BBS-IT» талдау орталығы» ЖШС директорының орынбасары   Г. Әбілмәжінова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік мониторинг» номинациясы бойынша марапатталды.«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының өңірімізде а.ж. 1 сәуірінде бастау алғанын атап өткен жөн. Марафон өткізу аясында үш жүз сексеннен астам іс-шаралар өткізілді, солардың ішінде түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар, ақпараттық кеңістікке екі жүзден астам ақпарат жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін  қалыптастыруға бағытталған іс-шаралармен халықтың барлық топтары, атап айтқанда, мемлекеттік құрылымдардың, азаматтық сектордың, жастардың өкілдері, мектеп және мектепке дейінгі жастағы балалар қамтылды. Марафон аясында өткізілген іс-шараларға жалпы саны қырық жеті мыңнан астам адам қатысты.

Форумға облыстың барлық өңірлерінен үш жүз сексеннен астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
470

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы дөңгелек үстел

А.ж 8 желтоқсанда Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ филиалында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстелдерді өткізу аясында  ХҚКО қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы – мемлекеттік қызметшілер халықпен тығыз байланыста болатын жағдайдағы қоғамдық өмірдің бір ережесі ретінде ашу.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Департаменттің басшысы Б. Беспалинов, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ филиалы директорының м.а. Ш. Ерғалиев, Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов, «ХҚКО» департаментінің құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Құсайынов, Департаменттің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов пен «ХҚКО» департаментінің құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Құсайынов «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі мен тиімділігі» тақырыптарындағы баяндамалар оқыды.Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Департамент басшысы  Б. Беспалинов Ақмола облысы тұрғындарының барлық топтарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру жөніндегі  жүйелі жұмыс  жүргізіліп отырғанын және бұл бағытта оң нәтижелердің баршылығын,  дегенмен, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын туғызуға бағытталған жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Департамент госслужбы

0
0
583

Марафонның Зеренді ауданындағы аяқталу кезеңі

Зеренді ауданында а.ж. 23 қарашасында бастау алған «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның шешуші кезеңінде  салтанатты шара өтті, онда дәстүрлі облыстық мега-жобаның қорытындылары жасалды.

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданында 18 іс-шара өткізілді: Сандықтау ауданынан «эстафета алауын» салтанатты түрде қабылдау, 3 дөңгелек үстел, акция флеш-мобы, мемлекеттік қызметкерлер арасында 2 спорттық іс-шара, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері және оқушылары арасында балалар суретінің 2 конкурсы, балалар ертеңгіліктері, дебаттар, жастар форумы, дәрістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның 2 мәжілісі, ақпараттық сағат және марафонның аяқталуы бойынша салтанатты іс-шара.

Біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат мемлекеттің өркениетті және экономикалық дамуын қалыптастыру жағдайында ең маңызды міндеттерді шешу болып табылады. Себебі сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, қоғамда демократиялық жаңартулардың жүзеге асуын тоқтатады. Ең бастысы – адамдарда қоғамдық құндылықтарға, заң мен әділеттілікке деген сенімді жойдырады.

Азаматтық қоғамның дамуы құқықтық мемлекетті құрудың маңызды қадамы болып табылады. Және ағымдағы жылы марафон арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту үшін ауданда қоғамды және оның институттарын максималды түрде жұмылдыру болды, ол сыбайлас жемқорлықтың кез келген төзімсіздігіне «нөлдік» атмосфераны құру, сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарға білім беру және тәрбиелеу болып табылады.

Ол үшін екі апта ішінде әр түрлі жастар мен әлеуметтік топтардағы зеренділіктерді 2570 адамнан құрылған тұрғындарды жалпы қамтумен әр түрлі диалогтік алаңшалар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдеріне үйретті.
Департамент госслужбы

0
0
444

Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ

2016 жылдың 8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 9 желтоқсан  - Сыбайлас жемқорлықпен Халықаралық күрес күніне орай, «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Е.Төлепқалиев қатысып, 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықмен күрес күнінің тарихы туралы және мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларға тоқталды.

 
0
0
413

ҰБТ-ның жаңа форматы

Түлектер, ата-аналар және мұғалімдер, назар аударыңыздар! ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы брифингінде түлектердің қорытынды аттестациясының өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері туралы жаңа формат жарияланды. 2017 жылдан бастап түлектер мектептерде емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады.
Бұл өзгерістер оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің ҰБТ-ны ЖОО-ға түсу емтиханы деп қана қабылдайтындары үшін енгізілді. Сондай-ақ бұған түлектердің білімдерін сай бағалай алмайтынымыз, көптеген ата-ана мен мұғалімдердің ҰБТ жадыны жаттықтырғанымен, оқушылардың сапалы білімін анықтай алмайды деген ойлары түрткі болды. 
Қатысушылардың саны ешқашан жүз пайыз болмаған. Жыл сайын ҰБТ-ға қатыспайтындар үлесі 30 пайызға жеткен. Бұл ҰБТ қорытындылары бойынша еліміздегі орта білімнің сапасы туралы тұжырым жасауға болмайтынын білдіреді.

ЖОО-на түсуге ниетті оқушылар үшін

Мектептерде қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді: 
1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу); 
2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен (тест түрінде); 
3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан); 
4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша); 
5. Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тест тапсырылады.

Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды. 
Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді. Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» (2017 жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізілмек. 
Аттестацияның қорытындылары туралы барлық материалдарды Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына жеткізеді. Білім басқармалары, өз кезегінде, құжаттарды мектептерге дейін жеткізеді.

ҰБТ жаңа форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қорыта білу, салыстыра білу, т.б. «Қазақстан тарихы») бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен («Математика» + «Физика», «Математика» + «География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет + «Тарих», «География» + «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң», шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма.

Сауаттылық бойынша тапсырма оқу арқылы талапкердің жалпылау, салыстыру, тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге бағытталған. Сауаттылықты тексеруге арналған тапсырмалардың ҰБТ-ге енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, сол көздерден алынған ақпараттарды салыстыруға және тұжырымдауға тура келеді. Демек, бұл дағдылар мектеп түлегінің алдағы білім алу барысында өте қажет болады. 
Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар ұсынылған бес жауаптың ішінен тек жалғыз дұрыс жауабы бар 20 сұрақтан, сондай-ақ, көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан құралады. Бейінді пәндер бойынша тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендері анық көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып, немесе болжау арқылы беруге тосқауыл болады.

Жалпы 120 сұрақ қойылады. Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. ЖОО-на түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады. ҰБТ өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық. ҰБТ-ді ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі. ҰБТ барысында сыналатын барлық пәндер бойынша тапсырмалар үлгілері желтоқсан айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайттарында жарияланады.

«Алтын белгі» иегерлері, жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларының, сондай-ақ ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға бірдей негізде тапсырады. Алайда, тапсырған ест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды бөлу кезінде олар басымдыққа ие болады. Жалпы білімдік пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиадаларының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына ранайы гранттар бөлінеді.

ЖОО-на түсетін Техникалық және кәсіби білім орындарын бітірушілерге 
Білімдерін ЖОО-да жалғастыру үшін техникалық және кәсіби білім орындарын бітірушілер тапсыратын ТКТ (талапкерлерді кешенді тестілеу) талаптары де өзгерді. Бұған дейін колледж түлектері тестті мектеп білімі негізінде тапсырса, ТКТ-дің жаңа форматында колледждерде алынған білім ескеріледі. Кешенді тестілеу барысында талапкерлер 60 сұраққа жауап береді: 20 тасырма – жалпы бейінді пән бойынша (бұл тапсырмалар арқылы базалық пән ойынша алынған академиялық білім деңгейі тексеріледі) және 40 тапсырма – бейінді пәндер бойынша (бұл тапсырмалар тереңдетілген академиялық білім дегейін, сондай-ақ, практикалық дағды мен ептіліктерін анықтауға бағытталған). 60 тапсырманы орындауға 100 минут уақыт бөлінеді.

Жалпы бейінді пән – белгілі бір мамандықтар тобына арналған жалпы пән. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар үшін жалпы бейінді пән – «Педагогика және психология негіздері», заңгерлік мамандықтар үшін – «Мемлекет және заң негіздері», ауыл шаруашылығы мамандықтары үшін – «Биология», т. с.с.
Бейінді пән – нақты мамандықты игеруге қажетті пән. Мысал үшін, болашақ математика мұғалимі үшін бейінді пән – «Математика», құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін – «Қылмыстық құқық», мал дәрігерлері үшін – «Жануарлардың анатомиясы және физиологиясы» т.с.с.

0
0
1236

Релиз видеоклипа NINETY ONE — «Қалай қарайсың?»

Вышел долгожданный клип самой популярной группы Казахстана Ninety One к песне «Қалай қарайсың?», которая была выбрана саундтреком к фильму «Glaмұр для дур» Аскара Узабаева. Фанаты группы Ninety One, то есть EagleZ ждали клип любимой группы, обещанный на 1 декабря, аж 12 дней.

За первые два часа клип уже набрал около 60 000 просмотров и 1500 комментариев. Некоторым клип понравился, а некоторые заявили, что ожидали большего. Но несмотря на это в чарте "TOP 10" канала Gakku TV данный клип всего за 5 часов поднялся с 50-го места на первое. Данный факт доказывает популярность группы не только среди её фанатов, но и всех слушателей музыкального канала, высоко оценивших творчество группы Ninety One.

Напомним, что премьера фильма «Glamұr для дур» прошла 1 декабря этого года во всех кинотеатрах Казахстана. Саундтреком этого фильма была выбрана песня из репертуара популярной Q-pop группы Ninety One «Қалай қарайсың?». На вопрос блогерши блог-платформы Yvision.kz @molya_shine - "Почему выбрали именно саундтреком песню группы Ninety One?" режиссер и продюсер фильма Аскар Узакбаев ответил так:

"Да, потому что они безумно популярные ребята и делают отличную музыку. Это ребята, те которые сейчас живут в ногу со временем, я считаю и говорю об этом, что наш зритель - это фанаты группы NinetyOne. Не стану сейчас так скрывать, все так и есть. Мне очень нравятся их треки. Перед началом съемок недели две в наушниках все это слушал и анализировал какую же песню взять. Хорошо, что мое какое-то чутье продюсера меня не подвело и я понимал, что песня "Қалай қарайсың" будет очередным хитом этих ребят."

Сам фильм о том, как Улжан Балжанова, привлекательная, обаятельная, девятнадцатилетняя молодая особа, которая всю свою жизнь прожила в маленьком ауле мгновенно решает уехать к своей сестре, которая живет в Алматы. Она с большой радостью примет к себе сестру, которая сбежала от своих родителей. Улжан думала, что у сестры ей будет намного лучше и комфортней, чем дома с родителями. Но не тут-то было…

Халықаралық бағдарлама бойынша 15 жастағы мектеп оқушыларының білім саласындағы жетістіктерін саралау аясында өткен PISA-2015 (Programme for International Student Assessment) байқауына Қазақстаннан қатысушылардың нәтижесі.

2016 жылдың 6 желтоқсанында Экономикалық серіктестік және даму ұйымы халықаралық зерттеу жүргізе отырып, PISA-2015 бойынша 15 жастағы оқушылардың жетістіктерін халыққа жариялады. PISA-2015-ке әлемнің 72 елінен 500 000 он бес жастағы оқушы қатысты. Ал Қазақстан атынан 5 780 оқушы мен студент (189 мектеп, 27 колледж) қатысты. Экономикалық серіктестік және даму ұйымы алған балл бойынша елдерді бөлмейді. ОЭСР негізгі мақсаты – оқыту жүйесіндегі прогресті көрсету. Біздің қатысушылар PISA-2012-мен салыстырғанда әртүрлі бағыттағы зерттеу нәтижесінде прогресс бар екендігін көрсетті. Математика бойынша өсім -28, жаратылыстану бойынша өсім -31 болды. Математикалық және жаратылыстану бойынша прогресс жоғары деңгейін сақтап отыр. 2009 бен 2012 жылды салыстырғандағы прогресс 17 және 25 балл болатын. PISA-2015-те оқушыларымыз сауатты оқу бойынша ең жоғары баллды иеленді (+34).

Бұл жетістіктер Елбасының тапсырмасымен жасалған «Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудағы Ұлт жоспары» бойынша және мектеп бағдарламасындағы өзгертулер шарасының арқасында мүмкін болып отыр. Осылайша, білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты орындалды. Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға математика бойынша 440 балл (факт 460), жаратылыстану бойынша 430 балл (факт 456), сауатты оқу бойынша 400 балл (факт 427). PISA-2015-ке алғаш рет 15 жастағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да қатысты (2061 адам). НЗМ оқитын оқушылар мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімдері сараланды. НЗМ мектебінде оқитын оқушылардың математика бойынша көрсеткіштері білім жүйесі дамыған бірқатар мемлекетпен тең түсті (Сингапур, Гонконг, Макао, қытайлық Тайбэй, Жапония т.б.). Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары математикадан 523 балл, жаратылыстанудан 517, сауатты оқудан 492 балл жинады. PISA-2015 бойынша Қазақстан нәтижелері жасырын сақталуда. Нақты қорытындылар және ұсыныстар толық әрі терең анализ жасалынып біткен соң 2017 жылғы Ұлттық есеп беру кезінде жарияланады.

Анықтамалық: негізгі айырмашылықтары TIMSS және PISA зерттеу мен таңдау 
TIMSS-ке 4 және 8 сынып оқушылары қатысады. PISA-ға 15 жасар (7-12 сынып) мектеп және колледж оқушылары қатысады. 
TIMSS академиялық білімді (Не? Қайда? Қашан?) тексереді, 80% сұрақ білімді тыңдауға арналған.

PISA функционалды компетенцияны тексереді. Білімді әр түрлі өмірлік жағдайларда логикалық түрде тиімді қолдану және негізі бар қорытынды жасау, ақпараттық графикалар мен диаграммаларды қолдану (Неге? Не үшін? Қалай?). 70% сұрақ білімді қолдануға бағытталған.

   

0
0
1334

Павлодарда домбырашылардың флэшмобы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күндер аясында «Ұлы дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспарындағы 73-тармаққа сәйкес 12-желтоқсанда еліміздің барлық аймақтарындағы Ойын-сауық кешендерінде «Сарыарқа» күйін орындауымен домбырашылардың флэшмобын өткізу көрсетілген болатын.

Осыған орай, Павлодар  облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық Жастар бастмаларын дамыту орталығының  ұйымдастыруымен 12 желтоқсан күні  қаламыздағы  «Batyr mall» сауда үйінде  Павлодар музыкалық колледжінің  25 домбырашылары бір мезетте «Сарыарқа» күйі орындалған үлкен мерекелік флэшмоб өткізілді.

Құрманғазының алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті, үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі. Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең байтақ даланы көз алдына келтіреді. Құрманғазы күйлері тыңдаушысын бай сазымен, кербез нақышымен, жігерлі қуатымен борандатып, ұшқыр екпінімен баурап əкетеді.

 
0
0
809

«Бірлігіміз жарасқан — Мәңгілік Ел» Шымкентте.

Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде Шымкентте «Бірлігіміз жарасқан - Мәңгілік Ел» атты ақындардың сайысы өтті. Екі күнге созылған конкурс  әсерлі және көріністі болды. Оңтүстік-Қазақстан айтыскерлерінен басқа,  өз шеберліктерін көрсетуге Астана мен Алматының өкілдері келді. Нәтижесінде ең үздік бес жұп финалға шықты - Қажымұқан Абзалов (ОҚО) және Қанат Мырзахан (Жамбыл облысы), Жандарбек Наушабеков (ОҚО) және Арзыгуль Кайымбекқызы (Қытай), Анар Жаппаркулова (ОҚО) және Сырым Ауесхан (Астана), Нурлыбек Мейирманов (ОҚО) және Турар Тилеулиев (ОҚО), Біржан Байтуов (ОҚО) және Жандарбек Булгаков (Астана).

Сахнада айтылған әзілдер көрермендерді  рақаттана күлдіріп қана қоймай, сонымен қатар көптеген маңызды проблемалар жөнінде ойландырды.

Облыс әкімі  Жансеит Туймебаев конкурстың жеңімпаздарын құттықтап,  халық өнерінің жеке тұлғаның, сондай-ақ бүкіл қоғамның мәдени және рухани дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Бірінші  (Жандарбек Булгаков Астана)  және екінші (Турар Тилеулиев ОҚО) орындарды иеленген жүлдегерлер автокөлік түрінде жүлделер алды. Үшінші орын алған Қажымұқан Абзалов 1,5 миллион теңге көлемінде ақшалай жүлде алды.

Іс-шара Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналды.

 
0
0
532

Апалы-сіңлілі Арайлым мен Ақеркені асырап алған Фарида Oспаеваның оқиғасы

Сұрақ: Өзіңіз және отбасыңыз туралы айтып берсеңіз...

Ф: Менің аты-жөнім: Оспаева Фарида Дүйсенбекқызы. Жолдасым – Оспаев Мұрат Абулбашарұлы. Семей қаласындағы әскери бөлімшелердің бірінде қойма меңгерушісі болып (азаматтық қызметкер ретінде) жұмыс істеймін. Жұбайым ҚТЖ тепловозында машинист. Некеде тұрғанымызға 10 жылдан асты. Бірақ, кеш үйленген соң, өз балаларымыз болмады...

Сұрақ: Сол себептен де бала асырап алуға шешім қабылдадыңыздар ма?

Ф: Біз 4-5 жыл бойы бала асырап алу туралы ойланып жүрдік. 2014 жылдың желтоқсан айында біз Семей қаласының қамқорлық ұйымдарына барып, патронаттық ата-ана болу үшін қандай құжаттар қажет екендігін білдік. 2015 жылдың ақпан айында Өскемен қаласына барып, құжаттарды тапсырып, бала асырап алу үшін кезекке тұрдық. Сол кездің өзінде біз Семей қаласының балалар үйіне жолдама алдық.

Сұрақ: Осы процесті орындау барысында жетім балаларға арналған деректер базасының көмегі тиді ме (http://www.bala-kkk.kz/ru/node/578)? Бала асырап алушыларға арналған кеңестер қызметін пайдаландыңыз ба (еліміз бойынша бірыңғай call-орталық нөмірі: 1422)?

Ф: Бастапқыда біз асырап алу ісінде үйреншікті қателік жасағанымызды енді түсініп жатырмыз. Ата-аналар 3 жасқа дейінгі баланы асырап алғылары келеді. Бірақ ондай бала жоқ. Сондықтан біз де 3 жасқа дейінгі баланы асырап алуды жоспарладық. Ересек баланы асырап алуға жүрексіндік.

2016 жылдың шілдесінде мен «Ана үйі» жобасы туралы естідім. Ол жайында балалар үйінен бала асырап алуды жоспарлап жүрген әріптестерімнен білдім. Олар жоба үйлестірушісі – Ибраева Роза Сәдуқызының телефонын берді. Онымен хабарласқанымда, ол Семей қаласындағы кеңес берушінің – Айнагүлдің телефон нөмірін берді. Біз хабарласқан күннің ертесіне кездестік. Бұл 2016 жылдың 20 шілдесі болатын. Айнагүл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың дерекқорлары туралы айтып берді. Өкінішке қарай, біз ол база туралы естіген жоқпыз. Біз 2015 жылдан бастап Семей қаласында кезекте тұрдық. Кезек жылжымады, бала жоқ деп айтты. Бізге күтуден басқа амал қалмады. Дәл біздер секілді қаншама адам кезекте тұрғанын елестете беріңіз. Олардың осы деректер қоры туралы біле бермейтініне сенімдімін.

Сонымен, біз ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің сайтына кірдік. Деректер базасын сол жерден көрдік. Басқа да қалаларда балалардың көп екенін көрдік. Сонымен қатар, Айнагүл 3 жастан асқан балаларды да асырап алуға болатындығын айтты. «Ана үйі» атты бала асырап алушыларға арналған мектеп бар. Ол жерде 12 сабақтан өту керек. Ал біз әлі бітірмедік. Негізі мен Талдықорған қаласындамын, ал жұбайым сабаққа қатысып жүр. Егер бұл сабақ болмағанда жасы үлкендеу баланы асырап алуға болатындығын білмес те едім.

Мәліметтер базасынан Арайлым және Ақерке есімді 5-6 жастағы апалы-сіңлілі екі қызды көрдік. Олардың жанымызға жақын екенін бірден түсіндік. Балалар бізді қабылдамай қоя ма деп қатты қорықтық. Бірақ бізге бала асырап алушыларға арналған мектеп берген дәрістің көп көмегі тиді. Жоба психологтарына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар – Зухра мен Салтанат. Қазір де туындаған кез келген мәселе бойынша хабарласып, кеңесіп тұрамыз.

«Ана үйіндегі» Ақбота есімді психологтың да бізге көп көмегі тиді. Ол бізге балалар қабылдамай қоя ма деген іштегі қорқынышты жеңуге көмектесті. Балалармен жолыққанда не туралы сөйлесуіміз керек екендігін түсіндірді. «Ана үйінің» қызметкерлері заң жағынан да, психологиялық жағынан да ешқандай ақысыз, тегін көмек көрсетті. Біздің жасымызда көпті көргенбіз деп ойлаймыз. Алайда, өз балаңды тәрбиелеу бір бөлек те, балалар үйінен бала асырап алу қиын екен.

Заң бойынша, мен 14 күн балалармен бiрге болуым керек. Сондықтан жұмыстан 25 күнге демалыс алып, екi апта қыздармен бiрге болуға шешiм қабылдадым. 14 күн бойы сағат 12-ге дейiн балалар үйiнде болдым. Қыздармен бiрге ойнап, сурет салып, жақынырақ сөйлестiк. Балалар әкелерiмен телефон арқылы сөйлесiп тұрды. Себебi, жұбайым екеумiз бiрдей ақысы төленбейтiн демалыс ала алмадықтан. Сондықтан оның Семейде қалуына тура келдi.

Бұдан кейiн мен балалар үйiнен талдау қорытындысын алдым. Қорытынды оң нәтиже көрсеттi. Сол себептi қалған құжаттарды рәсiмдеуге Қарасай ауданына бардым. Бұл кезде жұбайым да Талдықорғанға келдi. Айта кететiнi, қыздар әкелерi келетiн күндi тағатсыздана күттi. Осылайша, біз Семейге екi керемет қыздың ата-анасы болып оралдық. Бізге, әрине, асырап алу процесінен өту керек (қыздардың биологиялық ата-анасы олардан бас тартып, бұл нотариуспен расталғанымен, олар әлі ата-аналық құқықтан айырылған жоқ), қазірден-ақ Арайлым мен Ақеркені туғанымыздай көреміз.

Сұрақ: Бала асырап алуды жоспарлап жүрген қазақстандықтар үшін қандай кеңес бере аласыз?

Ф: Мен, ең алдымен, бала асырап алу үшін кезекте тұрғандарға кеңес бергім келеді. Балалар үйіне келгенде бірден кезекте тұрған адамдардың көп екенін айтып, сізге тізімдер мен құжаттарын көрсетеді. Оларға берер кеңесім, бірден «Ана үйіне» барып, олардың көмегіне жүгіну. Олардан күн не түн болғанына қарамастан көмек сұрауға болады. Мысалы, біз әлі күнге дейін олардан кеңес сұраймыз.

Сонымен қатар, әлеуеті жоғары ата-аналарға http://www.bala-kkk.kz/ru/node/578 сайтына кіруге кеңес беремін. Онда балалардың анкетасын көруге болады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап сайтқа балалардың анық суреттерін жариялаулары керек. Бұл деректер базасының көмегімен асырап алғыңыз келетін баланы таба аласыз. Егер бала асырап алғысы келген азамат осы сайтты қарап, мамандардың пікіріне құлақ асатын болса, оларда бәрі де жақсы болады.

0
0
1227