Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу

А.ж. 7 желтоқсанда  Департамент Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында  «Достық үйінде»   орталық мемлекеттік органдардың  аумақтық департаменттерінің қызметшілерімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел өткізудің  негізгі мақсаты – Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллин, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайтадайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығыныңдиректоры А. Баймағамбетов, Департаменттің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
252

Осы тақырып бойынша