«Оны әрбір адам білуі керек!» ақпараттық сағаты
А.ж. 7 желтоқсанда облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді аудандық кітапханасында «Оны әрбір адам білуі керек!» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А. Симакова, кітапханашы-өлкетанушы Г.Ғабдульманова тыңдаушылармен үгіттеушілік-ақпараттық жұмыстарды өткізді және сыбайлас жемқорлық тақырыбында буклеттер таратты. Аталған іс-шараға 20 адам қатысты.
