Көкшетау қаласының әкімдігіндегі дөңгелек үстел
А.ж 5 желтоқсанда Көкшетау қ. әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстелдерді өткізу аясында Көкшетау қ. жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелдің жұмысына Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б. Сыздықов, Көкшетау қ. Әкімінің орынбасары И. Юрченко, қалалық мәслихаттың депутаттары, Көкшетау қ. мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда іске асырылып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін, оларды жетілдіру мәселелерін талқылау, шет елдердің сыбайлас жемқорлықты жүзеге асыру және осы мәселенің әлемдік тәжірибеде ойдағыдай қолданылып жүрген басқа аспектілері жөніндегі тәжірибесін талқылау болып табылды.Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиев «Ақмола облысындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі аспектілері» тақырыбында баяндама оқыды. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Подгурский «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының Көкшетау қаласында өткізілгендігі туралы баяндады. Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы Е. Тушанов Көкшетау қ.сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жөнінде айтты.Б.Сыздықов дөңгелек үстелге қатысушыларға алғыс білдіріп, өткізіліп отырған іс-шаралардың басты мақсаты Ақмола облысының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруекенін атап өтті.Талқылау барысында кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын қолдайтындықтарын білдірді.

