Мазмұнға өту

Жаңа

Демалушылардың назарына!

Демалыс және жұмыс сапарларын қиындықсыз өткізуге мүмкіндік беретін жаднама. Біріншіден, бұл респираторлық вирустық аурулар маусымы. Ең ауыр жағдай Оңтүстік Корея мен Жапонияда, онда аптасына 70 мыңға дейін «ішек» тұмауы эпидемиясы тіркелуде. Коронавирустар бойынша эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайлары Катарда, Біріккен Арап Әмірліктерінде, Сауд Арабиясында, Оңтүстік Кореяда (ауруханаішілік ауру жұқтыру жағдайлары) тіркелген. ДДҰ ақпаратына сәйкес ауру жұқтырудың зертханалық расталған жағдайларының 652 жағдайы өліммен аяқталған. Таиланд, Сингапур, Вьетнам, Үндістан, Филиппин елдеріне демалуға баратын адамдар бұл елдерде Денге қызбасы бойынша эпидемияның жалғасып жатқанын есте сақтауы қажет. Бразилияда Зика қызбасының эпидемиялық өршуі жалғасуд…

0
0
346

БҚО статистика департаментіндегі семинар

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2016 жылдың 28 желтоқсан күні БҚО статистика департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізді.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі  бойынша Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин ақпараттандырды.

Семинар барысында қатысушылардың сұрақтарына түсіндірме берді.

0
0
212

БҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіндегі семинар

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2016 жылдың 28 желтоқсан күні БҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізді.

Алдағы уақытта өткізілетін «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттау мәселелері бойынша, атестаттау кезеңдеріне, деңгейлеріне, өтетін қызметшілерінің санаттарына нақты тоқталып,  Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин ақпараттандырды.

Семинар барысында қатысушылардың сұрақтарына түсіндірме берді.

0
0
561

«Мұғалім мәртебесі» деген не?

"Мұғалім мәртебесі" тек жалақының мөлшерімен өлшенеді ме? "Мұғалім мәртебесі" туралы сөз болғанда біздің қоғамдағы басты адасушылық - бәрін жалақы мен әлеуметтік жәрдемге әкеліп тіреп қою. Айналайындар-ау! Мұғалімнің жалақысы министрге теңестіріле отырып, оны мұғалімнің функциясына жатпайтын міндеттерді атқаруға мәжбүрлеуді мәртебе көтеру деп айтуға болмайды. 1. Мәртебелі мамандық иесі - толып жатқан түрлі деңгейдегі сайлау, халық санағы, мерекелерде немесе жоғары мәртебелі лауазым иесі өңірге келгенде алаңдар мен стадиондарды толтыру секілді жұмыстарға жегілмейді. 2. Интернет дамыған заманда өзіне қажет болсын-болмасын түрлі газет-журналға мәжбүрлеп жаздырылып, әлдебіреудің бизнесін дамытуға жегілмейді. 3. Коммунистік қоғамнан қалған анахронизм - сенбіліктерге жегілмейді. Азаматтар сенбі…

0
0
2738

ҰБТ-ның жаңа форматы – дүниежүзілік тәжірибе

«Өзін-өзі тану - самопознание» журналына арнайы жазылған мақала (сайтымда жарияланды http://kushibaruly.kz ) Білім және ғылым министрлігі осы 2016 жылдың 10 қарашасында өткен брифингінде көпшілікті ұлттық бірыңғай тестің өзгертілген, яғни жаңа форматымен таныстырды. Келесі жылғы кезекті ҰБТ осы түрде өтетіні белгілі болды. Бұл өте бір өзекті жаңалық. Сондықтан, біз де өз пікірімізді білдіргенді жөн көрдік. Әрқашан жаңа нәрсе өзімен бірге жақсы жаңалықтар алып келеді емес пе, онда алдымызда мынадай сұрақ туындауы табиғи – «Жаңа ҰБТ – жаңа ма? Ол қандай жақсылықтар алып келеді?» Бұл сұраққа жауап алу үшін біз бұрынғы ҰБТ-ға көз жүгіртіп шықтық. Оның артық-кемін қысқа шолып өттік: Артықшылықтары 1) Бір-ақ күнде өтеді де кетеді! Сол бір күнде мектепті де бітіресің, «алтын белгі» де аласың, жо…

0
0
2321

Алғашқы пост

Бәріңе СӘЛЕМ!
БҰл менің алғашқы постым. Көптен бері ойлап жүрген едім, жақсы болды ғой. ҚОш келдім😊

0
0
470

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

2016 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) ММ басшысының орынбасары К.Б. Біржікеевке, Басқарманың табиғат қорғау бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Б. Қалабаевқа, Басқарманың қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Р.Е. Каухинге қатысты тәртіптік істер қаралды, олар орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде шешім әз…

0
0
249

Шымкентте дыбысты бағдаршамдар орнатылуда

Шымкентте жүрсеңіз, «Тәуке хан даңғылында бағдаршамның жасыл түсі жанды» деген хабарламаны естігенде таң қалмаңыз. Бұған дейін Шымқалада зағип жандарға арналған бірнеше дыбыстық бағдаршамдардың болғаны белгілі. Жақында қаланың орталық көшелерінде бағдаршамның жанған түсін хабарлап тұратын тағы бір қызмет түрі өз жұмысын бастады.

– Бағдаршамның жанған түсін хабарлап тұратын қызмет түріне жалпы 6 млн. 800 мың теңге қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін Шымкент қаласындағы көше қиылыстарында осы құрылғы 20 жерге орнатылуы тиіс болса, бүгінде соның 12-сі іске қосылды. Ал қалған 8-інің жұмысын желтоқсан айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, – дейді Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Жұматаев.

shymkent.gov.kz

0
0
445

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған дүбірлі айтыс көрерменге жол тартады!

Еліміздегі ең үздік айтыскерлер  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алтын домбыра» жыр сайысында бақ сынасты. Айтыс – қазақтың өзіне ғана тән, рухыңды қамшылайтын, жанды жадырататын ұлы өнер, тәрбие мектебі.

Биылғы «Алтын домбыра» үшін Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Серікзат Дүйсенғазы, Иранғайып Күзембаев, Айбек Қалиев, Нұрмат Манзұров, Еркебұлан Қайназаров, Нұрлан Есенқұлов, Әсем Ережеқызы, Рүстем Қайыртайұлы және т.б. арқалы ақындар тартысқа түсті.

Айтыс десе жүрегі ерекше соғатын иісі қазақтың барлығын жаңажылдық демалыс күндері, атап айтсақ, ескі жылдың 31 желтоқсаны мен жаңа жылдың 1, 2, 3 қаңтары күндері сағат 12.00-де теледидардың алдында күтеміз. Төл өнеріміз айтысты «Еуразия» бірінші арнасының эфирінен бірге тамашалайық!

0
0
496

Smitty-мен сұхбат. Қазақ рэпі әлі еңбектеп келеді

Сәлем, Қазақ Елі! Бүгін менің блогымнан оқитындарыңыз, еліміздің беделді бір азаматы Құмарбеков Алмас деген рэпер жігіттің өнері жайында болмақ. Бұл жігіт көбіне SMITTY лақап атымен танымал. Қысқаша айта кетсек, бұрын ASH QAZAQ PRO деген ұйымда болған. Сосын Paradox PRO ұйымын құрып, екі жыл шамасындай жұмыс жасаған. "Қазақпыз ғой" атты шулы тректердің авторы Жан Ахмадиевпен Заманауи жыраулар атты жобада жұмыс жасаған. Қазіргі таңда өзінің Мигель атты досымен бірлесіп шығарайын деп жатқан ФИТОТЕРАПИЯ альбомына дайындық үстінде. Яғни менің бұл сұхбатты алу да себебім осы Смиттидің жақсы жаңалығына байланысты. Ал, енді тексті оқып отырып қате тауып жатсаңыздар, айып етпеңіздер! Көздеріңізге сваркада киетін көзілдірікті киіп алыңыздар! :D Жаңа альбомың жайлы айтып кетсең Альбомның концепцияс…

0
0
2921