Мазмұнға өту

Жаңа

«Үздік жастар ресурстық орталығы-2016» байқауының жеңімпазы анықталды

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі бүгінгі күні Павлодар облысының қалалары мен аудандарындағы жастар орталықтарының жыл бойы жасаған жұмыстарын қортындылап, үздіктерді марапаттады. Жоғары нәтиженің артында үлкен команданың жұмысы тұратыны анық. Сол себепті Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Үздік жастар ресурыстық орталығы-2016» байқауын ұйымдастырды. Облыстағы қалалар мен аудандардағы жастардың ұйытқысы болған орталықтар білек сыбана кірісіп,жыл бойы бірталай жетістіктерді көрсетіп жатты. Өткізілген мерекелік іс-шара, шығармашылық есеп, бюджеттік есеп, шапшандылық, сауаттылық осылардың бәрі байқау шарттарына енді. Жастар бастамаларын дамыту орталығың бөлім жетекшісі Орақпаева Зарина Өмірзаққызы…

0
0
1601

Тимур Исраилов – ымдап тілдесудің майталманы

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі – бірегей оқу орны. Мұнда отыз жылдан астам уақыттан бері есту қабілеті төмен балалар табысты түрде оқытылып келеді. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту жүйесі «инклюзивті білім беру» деген атпен кеңінен белгілі болып отыр. Оны Қазақстанда кең көлемде енгізу 2012 жылы басталды. Инклюзия – бұл тек білім беру үдерісі ғана емес, ол әр адамның бойындағы мүмкіндігін жүзеге асыру мен әлеуметтендірудің тиімді құралы. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі ең маңызды міндеттердің бірі сурдоаудармашыға жүктеледі. Еңбегі еленіп, көзге түсе бермейтін бұл жандарсыз инклюзивтік білім берудің жүзеге асуы еш мүмкін емес, бұл істің өзегінде білімге айрықша мұқтаж оқушыларға қолайлы жағдай жасау идеологиясы жатыр. Біз Сіздерді Сервис және техн…

0
0
1471

Ынталыға жол ашық!

Бүгін біз Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің студенті Саламат Орынбай туралы айтатын боламыз. Саламат тек «элекр станциясы және желі электрқұрылғылары» мамандығының 3-курс студенті ғана емес, WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының «Электромонтаждау жұмысы» номинациясының жеңімпазы. Қараша айында Саламат өз тәлімгері Бектөре Садақбаевпен бірге Швецияда өткен EuroSkills 2016 еуропалық чемпионатына қатысты. Бектөре Садақбаев өз студентін жарыстың барлық кезеңіне тыңғылықты дайындаған. Мамандық таңдауда Саламатқа не себеп болды. Ұяң жігіттің өз айтуы бойынша, ол электрик мамандығына бала кезінен қызыққан екен. Үлкендерге көмек көрсетуге әрқашан дайын бала, бірде ата-анасының тұрғызып жатқан үйінің қабырғасына электр желісінің жүргізілу жолын өзі сызы…

0
0
856

Республикалық ұйымдардың филиалдарындағы семинар-кеңестер

2016 жылдың 22 желтоқсанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен  Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Хайруллин қатысып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізулер туралы түсіндірді.

Шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

0
0
343

БАҚ-да таралған ӘМСҚ-на жарналар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі - ӘМСҚ) жарналар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мыналар, Мемлекет басшысының 2016 жылғы 22 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, қарастырылады: - Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалар ӘМСҚ-ға төлейтін жарналарын 2017 жылғы 1 шілдеден бастап аударады; - халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына мемлекеттен төленетін жарналар 2018 жылғы…

0
0
445

Донор бол! Өмір сүруге мүмкіндік сыйла

"Донор бол! Өмір сүруге мүмкіндік сыйла!" - атты ұранды айқайлап халыққа жеткізген студент жастар 15 желтоқсан күні концерттік бағдарламаларын қойды. Концерт барысында Жайдарман жұлдыздары ойын ойнатып, университеттің өнерлі студенттері ән шырқап, би биледі. Жастардың өнерін тамашалауға дәрігерлер, ОҚО Жастар орталығының өкілі, үкіметтік емес ұйым мүшелері қонақ боп келді. Қазақстан медицинасында органды транспланттау ісі басталғанына 30-дан аса жыл өтті. Республикалық трансплантациялық үйлестіру орталығы 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Қазақстанда мұндай операцияларды алты клиника жасайды. Трансплантация көбінесе қан, жұлын, бауыр, жүрек, бүйрек ауруына шалдыққан жандарға қажет. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы көрсеткендей, қайтыс болған бір адамның органдары кезек…

-1
0
699

Дәрігерлер донорлық жайында дәріс оқыды

Шымкент қаласының медициналық жедел-жəрдем ауруханасында «Донор бол! Өмір сүруге мүмкіндік сыйла» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің тұсауын аталмыш емхананың бөлім жетекшісі Байтеміров Сәбит Тұрғынұлы ашып берді. Келесі кезекте осы емхананың дәрігерлері, реципиенттер және Исамиддин баба мешітінің наиб имамы адам ағзасы донорлығының маңызы туралы айтып өтті. Кездесуге келіп отырған жастар да өз пікірлерімен бөлісіп, өз туыстарының бастарынан өткен оқиғалар туралы айтып берді. Отырыс соңында арнайы бейне баян көрсетіліп, анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушы 50 адамның 46-сы донорлықты қолдайтындығын білдірді. Қазақстан медицинасында органды транспланттау ісі басталғанына 30-дан аса жыл өтті. Республикалық трансплантациялық үйлестіру орталығы 2012 жылдан б…

0
0
676

Ислам және биоэтика мәселелері талқыланды

2016 жылдың 15 желтоқсаны күні Шымкент қаласының студент жастары Еуразиялық келісім қорының ұйымдастыруымен өткен "Донор күні" шаралар кешені аясында Хаттани мешітінің имамдарымен кездесті. Дастархан басында еркін сүқбат ретінде өткен аталмыш шараға Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері де қатысты. Жан жақты талқыланған бұл тақырыпты имамдарымыз дін тұрғысынан барынша ашықтап мәліметтер берді.

Отырыс соңы жастар тарапынан сұрақтар қойып, пікірлер мен өмірде кездестірген оқиғаларын баяндаумен аяқталды.

Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы донорлықтың пайдасы мен оны дамыту қажеттілігіне қоғамның көзін жеткізу. Донорлық көмек көрсету ісіне халықты жұмылдыру.

-1
0
701

Жаңа жылға қарсы қоныс той.

Жаңа жылға қарсы 96 Шымкент отбасысы көптен күткен тұрғын үй кілттеріне ие болды. Шымкентте пайдалануға К.Тулеметов көшесі бойынша екі көппәтерлі тұрғын үй берілді. Жаңа қоныстанушылардың ішінде – көпбалалы отбасылар мен мүгедектер, оралмандар мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Үйлер Нұрлы жол және өңірлерді 2020 дейін дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысында салынды. Тапсырыс беруші Шымкентте 2541 пәтер салған және сатып алған «Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы» АҚ . «Сіздерді осы оқиғамен құттықтаймын! – деп ОҚО әкімі Жансеит Туймебаев жаңа қоныстанушыларға салтанатты сөз сөйледі, - Бұл үйлерді мемлекет барынша төмен пайызбен және делдалдарсыз ұсынады. Ұзақмерзімді жалға ұсынылатын пәтерлерді уақыт өте келе төмен бағамен сатып алуға болады. Мемлекет осындай игі істерін ал…

-1
0
837

Шымкентте жаңа бала бақша ашылды.

Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу күндері Шымкентте «Қос ана» жаңа бала бақшасы есігін ашты. Мекеме жалпы саны 280 орны бар 12 топқа есептелген. Бала бақша балалар уақыттарын ыңғайлы және пайдалы өткізу үшін барлық қажеттілермен жабдықталған. Бұл жерде ойын және спорт алаңдары, би және ән сабақтары үшін арналған залдар, ас үй және асхана жабдықтары бар. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар өткізу қарастырылған. Мұндай сыйлықты Шымкент тұрғындарына белгілі оңтүстік –қазақстандық бизнесмен және меценат Серікжан Сейтжанов Тәуелсіздік күніне сыйлады.

ОҚО әкімі Жансеит Туймебаев және Шымкент қаласының әкімі Габидулла Абдрахимов жаңа балалар мекемесінің салтанатты ашылуына қатысып, кәсіпкерге алғыс сөздерін білдірді.

-1
0
459