БҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіндегі семинар
«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2016 жылдың 28 желтоқсан күні БҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізді.
Алдағы уақытта өткізілетін «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттау мәселелері бойынша, атестаттау кезеңдеріне, деңгейлеріне, өтетін қызметшілерінің санаттарына нақты тоқталып, Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин ақпараттандырды.
Семинар барысында қатысушылардың сұрақтарына түсіндірме берді.
