Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Smitty-мен сұхбат. Қазақ рэпі әлі еңбектеп келеді

 

Сәлем, Қазақ Елі! Бүгін менің блогымнан оқитындарыңыз, еліміздің беделді бір азаматы Құмарбеков Алмас деген рэпер жігіттің өнері жайында болмақ. Бұл жігіт көбіне SMITTY лақап атымен танымал. Қысқаша айта кетсек, бұрын ASH QAZAQ PRO деген ұйымда болған. Сосын Paradox PRO ұйымын құрып, екі жыл шамасындай жұмыс жасаған. "Қазақпыз ғой" атты шулы тректердің авторы Жан Ахмадиевпен Заманауи жыраулар атты жобада жұмыс жасаған. Қазіргі таңда өзінің Мигель атты досымен бірлесіп шығарайын деп жатқан ФИТОТЕРАПИЯ альбомына дайындық үстінде. Яғни менің бұл сұхбатты алу да себебім осы Смиттидің жақсы жаңалығына байланысты.

 

Ал, енді тексті оқып отырып қате тауып жатсаңыздар, айып етпеңіздер! Көздеріңізге сваркада киетін көзілдірікті киіп алыңыздар! :D

Жаңа альбомың жайлы айтып кетсең

Альбомның концепциясы жайлы айтып кетсем, нақты екі жүзді тыңдармандарға басым болып тиісеміз. Екі жүзді дегенім, мысалы бір ән шығарасың, әлеуметтік желілерде сол әннің астында неше түрлі жылы лебіздерін білдіріп және «мәңгілік құрмет» деп жазып жатады. Мәңгілік құрмет дегеннің мағынасы орысша айтқанда «вечный респект» деп айтып кеткені ғой. Пенде болғаннан кейін кейбір заттарда қателесесің, бір рэпперге тисіп қоясың, ал сол рэпперді «мәңгілік құрмет» деп жазып кеткен адам да тыңдайтын болып шығады да, маған сол адам аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып боқтап жатады. Сонда оның алдында жазып кеткені не болды? Бұл жерде яғни байқасаңыз менің емес, сол адамның екі жүзділігі болып тұр ғой. Міне альбомда сол жайында басымдырақ айтылады.

Осындай тақырыпта әндер көп болады дейсің ғой?

Иә, бірақ екі лирикалық ән де болады.

Альбомда қанша трек болады?

Мини альбом болғандықтан 6 ән болады

Не үшін Мигельмен бірге альбом шығаруды шештің?

-  Өте орынды сұрақ. Себебі, ең бірінші ол менің жан досым болып келеді, екіншіден мен жалғыз жұмыс істегеннен гөрі, біреумен ақылдасып команда болып жұмыс жасағанды ұнатамын. Ал альбомды шығару аяқ-астынан туған ой негізі. Қазан айында шығу керек болған екеуіміздің «Кім кінәлі» деген фит әнімізден кейін туған идея десем де болады.

Альбомның аты неге «Фитотерапия» деп аталады?

Алдыңғы айтып кеткендей тыңдармандарға терапия, ал екіншіден басынғы үш әріпі ФИТ, бірлесіп жасалған терапия деген мағына.

Тәттімсің әнімен тойға шығасыңдар ма?

Жоқ, тойға шығып көрмедік. Өйткені Ақылхан үнемі концерттерде жүреді, тек қана Алматы емес, басқа қалаларда да, сондықтан ол трекпен бір-бірімізді ұстай алмаймыз. Бірақ алдында ТВ-Бингоның түсіріліміне шақырды, Ақылхан кеш хабарласқаннан соң, мен бас тартып, түсірілім кейінге қалдырылды.

Теледидарға, мысалы Гакку арнасына клип шығару жоспарда бар ма?

Гаккуге бір рет емес, талай барғанмын. Олардың тегін клип аламыз дегендері бәрі өтірік, мен бұл жерде арнаны ештеңкеге айыптап жатқаным жоқ. Олар міндетті емес біздің клипті тегін айналдыруға, десекте, олардың бір басқа схемасы бар екен, толықтай клипті сол арна өздері түсірсе тиімдірек болады, ротация тегін деген сияқты өздеренің бір маркетинг жолдары бар екен. Айта кетсем бағалары ойыншық баға емес. Және қазақ рэпінің болашағы жоқ шығар деп ойлаймын. Өйткені шеттен келіп, қаражат бөліп, қолдайтын не продюсер, не демеуші жоқ. Кез-келген қазақ рэпперінен сұрап көрсең болады, бізді тіпті ата-аналарымыз да қолдамайды.

Сенің «Тарантино» деген әніңді көбісі білетін шығар. Өз басыма қатты ұнайды. Сол Квентин Тарантиноның өзіңе қайсы кинолары қатты ұнайды?

«Бесславные ублюдки»  деген 3 сағат көлемінде болатын киносы қатты ұнайды.

Smitty School жайлы айтып кетсең. Кімдер оқиды?

Ол енді өзінше кішігірім мектеп деп айтып кетсем болады. Маған, мысалы рэп оқуғым келеді, үйрену керекпін, немесе өнерін ары-қарай дамытамын деген жастар келеді. Мен соларға көмектесем, уақытымды бөлемін. Әрине мен бұл үшін қаражат аламын, бұл жасырын емес, бағасы жазылып тұр. Қазір Наз деген рэп оқитын қыз бар, Mc Maker және Soup деген Қытайдың екі рэпперлері бар. Жақын арада кететін ойлары жоқ. Өйткені оларға студияның атмосферасы, олармен менің қалай жұмыс істейтінім ұнайды. Орысша айтқанда творческий подход жағым оларға ұнайды.  Және мен олардың көздерінен жалын көремін. Шынында мен сондай шығармашылыққа беріліп қарайтын адамдармен жұмыс жасағанды ұнатамын. Сұраққа қатысы жоқ болса да айтып кетейін, менің сол талантымды не демеуші, не продюсерлер көрмей жүр. (жымиды)

«Ит» деген әнің бар. Маған өзіме қызықтырғаны, сол тректің минусы бірінші жазылды ма, әлде сөзі?

Өз басыма ұят трек ол, негізі эксперимент ретінде жазылған. Минусовкасы бірінші жазылды. Себебі, басында мен битмейкерлерге айфонмен де бит жасауға болады деп дәлелдегім келді. Сөйтіп көршінің үріп жатқан итінің даусын жазып алдым да, солай ары қарай сөзін жазып шығардым.

Жазда шыққан «Ностальгия» атты альбомыңды тыңдармандар қалай қабыл алды? Қай трек өтті деген сияқты?

Жақсы қабылдады. Ал халыққа өтетіні көбіне сингл ретінде шығарылған ән болып табылады. Менде ол клипі бірінші шыққан лирикалық ән «Кербез» болды. Ал рэпрезенттен «Бар, эй!» атты ән.

Сол жанағы айтып кеткен «Бар, эй!» атты әніңді мал рэп әншілеріне арнадым деп жазыпсың, ол сонда қандай рэперлер?

Бұл трек нақты бір рэперге қатысты емес. Мысалы, қазір мынандай рэперлер қаптап кетті, ашығын айтайын менде 13мың-ақ подписчиктер бар, ал оларда 50мың шақты, себебі, олар өлең сапасына мән бермей, аптасына екі-үш ан салып тастайды, яғни оларда жаңалықтар үнемі шығып тұрады. Сол үшін күнде жаңартулар болатын әзілқой пабликтарға қосылғандай, олардың да подписчиктері көбейе береді. Менде азырақ, себебі, біз осылай жарты жылға жоғалып кетеміз, олардікі сияқты күнде жаңа ән шығып жатқан жоқ. Қарап тұрсаң олар саны бар, сапасы жоқ әндер шығарады дегендей. Негізі назымды айтқым келген, бұлай әділ емес деп. Мен де сол подписчик жинайын деп қоқыс ән жасауым керек пе? Сол үшін сондай рэперлерге ондай істеріңді қойып, шығармашылыққа, сапасына көңіл бөліңдер деген бұл әнде хабар болатын.

Қазақ рэперлерінен өзің кімді тыңдайсың? Кімді осы рэпер жақсы сапалы дүние жасап жатыр деп құрметтейсің?

Болды ғой ондайлар, бірақ қазір рэпті тастап кетті. Ал қазіргі жас рэперлерге жасамасын деп бөгет болатын мен ешкім емеспін, әрқайсының өз таңдауы. Мүлде жақсы дүние жасап жатқандар жоқ демеймін, бар. Мен оларға тек жасасын деп сәттілік тілеймін.

Аш Қазақ Про неге тарап кетті?

Аш Қазақ 2014 жылы өлді ғой енді. Толықтай айта алмаймын. Негізгі себеп – жігіттер бір-бірімен сыйыспай кетті. Уақыт өте келе кімнің талант, кімнің талант емес екені айдан анық бола бастады. Империя болды ғой кезінде, әрбір империяның аяғы болады, тарайды дегендей. Сосын әрқайсысы бөлініп өзінің бір республикасын ашты. Сол Республикалардан менікі ғана аман-есен жүр. Бұрынғы Аш Қазақтан сол мен, Труман, Мигель үшеуіміз ғана жұмыс жасап жүрген.  Қалғандары бәрі тарап кетті, рэпті қойып кеткен секілді.

Инстаграм әлеуметтік желісінде қойылған тыңдармандардың сұрақтарына көшейік:

@asema_1 Рэптен басқа қандай жұмыс істейді? Және рэпті қанша жасына дейін айтатын ойы бар?

Мен мамандығым бойынша 3 жылдай кеден саласында жұмыс жасадым. Бірақ қазір ол жұмысты тастап, өзім сүйетін жұмысқа көштім, ол дыбыс жазу студиямда адамдарды қабылдаймын. Және бағана айтып кеткен Smitty School да соған жатады. Екінші сұраққа жауап, өзімнің көзім жетіп, болды мағынасыз, ұят болып кетті деген ойлар туғанда тастаймын ғой.

@mikarifenty Алдағы қойған мақсаты қандай болмақ? Және ол үшін өмірдің мәні неде?

Менің ойымша өмірдің мәні отбасында, таңертең бірге оянып, бірге жатқанға не жетсін! Өмірдің мәні – бала. Ал мақсатымнан, егер бір демеуші немесе бағана айтып кеткендей продюсер көріп қалса, менің мақсатым шоу-бизнеске шығып, көзі жетпей жүрген попсовиктерге, фит бермей қашып жүрген эстрада жұлдыздарына хип-хоп та шығармашылықтың бір түрі деп дәлелдеу.

@togjan.jaqsylyqova Қазақша рэп қаншалықты дамыған деп ойлайсыз? Кімдерге еліктейсіз?

Ешкімге еліктемеймін. Жалпы істеп жатқан заманауи стильде жасаймын. Қазақ рэпі әлі еңбектеп келеді деп ойлаймын. Сол кішкене драйв жетіспей жатыр. Драйв дегеніміз қайтадан сол тақырып, демеуші, продюсерге байланысты ол нәрсе. Мысалы Ресей рэпімен салыстырып кетсек, оларда қызықты батлдар өтеді, қымбат клиптер түсіріліп жатыр, тв-дан түспейді олар. Ал біздің хәл өте мүшкіл.

 

@darhanpage Жаңа жылдық әндер болады ма?

Жаңа жылға жас кезде өлең арнадық. Қазір ол мейрамға сенбейсің ғой. Жәй мейрам, өлең жолдарын арнайтындай емес.

 

@ersin.kurmanzhan Бір трекке қанша уақыт жібересіздер?

Бір аптадай уақыт кетеді. Кейде түсінбей қалсаң ұзақ жәшікке қалдырып қойып, бір айдан соң еске түсіп, қайтадан жазатындар да бар. Әр қалай келеді, бес күннен кем емес.

@aigerim.b.a Жуырда концерт беру жоспары бар ма?

Ұйымдастырушылар хабарласып жатса, келісімге келіп жасауға болады. Ал былай өзіміз жасап, жүгіріп жүретін уақыт жоқ оған. Сәлем, Әйгерім :)

@dina.2913 Неге қазір махаббат жайлы рэптеріңіз азайып кетті? Бұрынғы өлеңдеріңізді әлі сүйіп тыңдаймын.

Өйткені қазір ғашық емеспін. Ойдан шығара беру қиын ғой, шабыт жоқ.

@talgatzhan1 Ринат Зайытовтың рэп айтқанын сахналарда талай мәрте естіп жатырмыз.  Жалпы рэпер ретінде ойыңыз қалай, бойында талабы бар ма?Балалардың ішінен өскенде рэпер болғым келеді дейтіндер аз емес. Оларға қандай ақыл-кеңес бересіз? Жалпы рэпердің өмірі несімен ерекше?

Ринат ағамыздың мәтіні өте мықты, сөйтіп ешқандай рэперлер жаза алмайды деп ойлаймын. Біздің рэп көшенің сөзі ғой негізі. Көбісі шатастырады рэп деген ақындық сияқты жазылу керек деп, рэп деген түсінік негізі гетто, көшенің сөздерімен алынып жазылған туынды. Рэп жағынан Ринат Зайытовқа жараса ма, жараспай ма.. енді өтірік жағымпазданбай-ақ қойын, нақты айтайын рэп деген ол кісінікі емес, рэпті масқараламаса, ал былай сөздері мықты. Айтыста жүргені жақсырақ. Рэпердің өмірі ештеңемен ерекше емес. Қазақстанда. Кеңестен – көп кітап оқыңдар, сөз қорларыңды байытыңдар.

Сұхпат бергеніңе рахмет! Мен саған шығармашылық табыстар тілеймін. Алдыға қойған мақсаттарыңа жететініңе сенімдімін. Жаңа альбомдарың халыққа ұнап, тыңдармандарын тапсын!

30.12.2016 күні жарық көретін "ФИТОТЕРАПИЯ" [EP] альбомның сниппетін тыңдаңыздар. Әуендердің толық нұсқаларымен мини-альбом жарыққа шыққан күні таныса аласыздар. Күтеміз!

SMITTY.KZ

0
0
2788

Осы тақырып бойынша