Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы
2016 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) ММ басшысының орынбасары К.Б. Біржікеевке, Басқарманың табиғат қорғау бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Б. Қалабаевқа, Басқарманың қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Р.Е. Каухинге қатысты тәртіптік істер қаралды, олар орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде шешім әзірлеу мен қабылдау кезінде «Нұр және Д» ЖШС-ға заңсыз артықшылық көрсетіп, кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға бюджеттік қаражатын аудару арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жәрдем көрсетті.
Одан басқа, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тәртіптік тәжірибені талдау нәтижелері негізінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелері қаралды және «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ-нің басшысы Б.С. Ізбасарованың және «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшысы Б.А. Жүсіповтің есептері тыңдалды.
Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдарды қабылдады.

