Мазмұнға өту
bk

Бақытжан Күшібарұлы

@bk

Сайтта 2012 ж. 24 ақпанКазахстан, Алматы

Адами және ұстаздық ақиқатымды іздеймін

рейтинг

100

жазбалар

48

пікірлер

36

тіркелуші

15

жазылымдар

7

Қадірлі ұстаздың қадірі немесе «мен неге Кэмбриджге ренжідім?»

Бұл мақала мен сияқты мектепке қырық жыл өмірін арнап «қадірлі ұстаз» болған қарт ұстаздар туралы. «Біз кімбіз? Біздің мектептегі қазіргі орнымыз қайда? Біздің қадіріміз қандай?» - деген сияқты сан сауалға жауап іздедім. Өзіме есеп бердім. Жалпы, адам өмірі негізгі үш кезеңге бөлінеді – балалық шақ, ересек шақ, қарттық шақ. Қытай ғалымдары адам өмірін 7 кезеңге бөлген. Мысалы, «Қалаулы» жас деп 60-тан 70-ке дейінгі аралықты айтқан. Бұл – адамның рухани дүниесінің және даналығының дамитын кезеңі. Ал ертедегі Греция философы Пифагор адам өмірінің кезеңдерін жыл мезгілдерімен салыстырған: Көктем – 20 жасқа дейнгі өмірдің бастамасы және дамуы, Жаз – 20 мен 40 жас аралығындағы жастық шақ, Күз – 40 пен 60 жас аралығындағы есею, Қыс – 60 пен 80 жас аралығындағы қартаю. Көктем – өмірдің бастамасы…

3
0
928

Жаңа оқыту форматы және жеке тәжірибе

Мен сонау кеңестік білім жүйесінен өсіп шыққандардың бірімін. Бірақ, ол «етімнен» өткенімен, «сүйегімді» сындыруына бәрібір жол бермедім деген сенімдемін. Ол жүйеге де, бертін келе ҰБТ мәселесіне де кезінде жетерліктей сыни көзқараспен қарап, талдау мақалаларын жаздым. «Жүйе» не деді, мен не дедім? Мысалы, кеңестік орта мектеп туралы ертеректегі бір мақаламда («Орта білім беру жүйесі туралы кейбір жеке ойлар» Республикалық «Талапкер» газетінің 2008 жылғы 3-санында жарияланды. Интернетте http://yvision.kz/post/239495 2012 жыл 13 наурыздан) былай деп жазған едім: «Орта білім беру жүйесінің ескі тамыры тереңде: 1. Балаларды жаппай жинап алып, қабілет-қасиеттеріне емес, жасына қарай топтап оқыту. Оқу бағдарламасы барлығына бірдей. Топ орташа оқиды, ал дарынды балаға оқуда да, мінезде де жеке…

1
0
1533

ҰБТ-ның жаңа форматы – дүниежүзілік тәжірибе

«Өзін-өзі тану - самопознание» журналына арнайы жазылған мақала (сайтымда жарияланды http://kushibaruly.kz ) Білім және ғылым министрлігі осы 2016 жылдың 10 қарашасында өткен брифингінде көпшілікті ұлттық бірыңғай тестің өзгертілген, яғни жаңа форматымен таныстырды. Келесі жылғы кезекті ҰБТ осы түрде өтетіні белгілі болды. Бұл өте бір өзекті жаңалық. Сондықтан, біз де өз пікірімізді білдіргенді жөн көрдік. Әрқашан жаңа нәрсе өзімен бірге жақсы жаңалықтар алып келеді емес пе, онда алдымызда мынадай сұрақ туындауы табиғи – «Жаңа ҰБТ – жаңа ма? Ол қандай жақсылықтар алып келеді?» Бұл сұраққа жауап алу үшін біз бұрынғы ҰБТ-ға көз жүгіртіп шықтық. Оның артық-кемін қысқа шолып өттік: Артықшылықтары 1) Бір-ақ күнде өтеді де кетеді! Сол бір күнде мектепті де бітіресің, «алтын белгі» де аласың, жо…

0
0
2257

Ұлылық мәйегі

2005,"Сарыағаш" газетінде, 2006,"Сарыағашым-сырлы өлкем" әдеби жинағында басылды. Қараңғы бөлмеде жазушы отыр. Үстел шамы аққу мойынын әсем ие, оның қарсы алдындағы толған айдай ақ дөңгелекке бар нұрын шашырата төніп тұр. Дөңгелектің ортасында ақ парақ шақырая жылтырайды. Парақтың беті тап-таза. Үстінде үшкір жебедей қара қалам көлденеңінен көсіліп жатыр. Жазушы сол қолымен үстелге шынтағын таяна, басын ұстап, сол аппақ қағазға тесіле, тас мүсіндей қалқияды. Бірақ оның ұшуға талпынған қырандай қомдана отырысынан, қағазға оқтай тесілуінен, қос қалың қабағының қатулана түйілуінен, ала көлеңкеде колдары мен қос шекесінде дүрдиіп анық көрінген күре тамырлардың білеуленуінен және кең бет-жүзі мен жазық маңдайының алабұртуынан іштей айрықша бір ышқыныста, өте қуатты толғаныс-тебіреністе отырған…

0
0
850

«Будущий пенсионердің» ермегі — сайт жасау

Wordpress CMS-ін хостқа шығарып, блогты ашып, құрылымын жөндеп, темасы мен қажетті плагиндерін орнатып та қойдым. 18 плагинді іске қостым-ау шамасы. Хост-серверге салмақ сала ма, көреміз. Оның ішінде - құрылымдық, спаммен күрес, форум, жеделдету, сыртпен байланыс плагиндері бар. Маған ең керегі және ұнағаны bbpress форумның плагині. Әрине, Akismet-тің де қаншама спамға тосқауыл қоятынынан үміткермін. Ал Social Share Buttons плагині болашақта сайтыма мол білімқұмарларды бағыттайды деп күтемін. Бірден бір қиындығым - CMS ағылшынша не орысша. Мүмкіндігіме қарай қазақшаладым, бірақ... Мысалы, бас бет "Главная" болып тұр қазірше. Солай, кейбір тұс орысша, кейбірі ағылшынша қалып тұр. Жүре жөнделер. Тағы, сайттың дизайнын өзіме бейімдеу, дараландыру өте ізденуді қажет етеді екен. Бұл тұста да ә…

0
0
648

Достоевский мен Данте еске түсті

Сонау бір жылдардағы өз басымнан өткен бір уақиға бүгін есіме түскені! Гурьевте (қазіргі Атырау екенін қазіргі жастар біле бермесе де керек) ғылыми қызметте жүрген кезім. Сырқаттанып қалып, бір айдай кітап қарамадым. Сауыға бастағаннан... информация іздей бастадым. Аласұра іздедім. Бәлен ашаршылықта қаңғырған аш бөрідей аласұра, кітапхана іздеп жандалбасалап кеткенім есіме түсті. Ақпараттың аштығы қандай болатынын сонда көрдім-ау шамасы... Жаның құлазып, құла дүзде жалғыз қалғандай күй кешесің. Құсаланасың. Қалалық кітапханаға (Гоголь атындағы ма еді... дәл есімде жоқ) барып... Достоевскийдің "Братья Карамазовы" романы мен Дантенің "Божественная комедиясына" басыбүтін сүңгіп, батып кеткенім кеше есіме түсіп... көңілім босады! Сол сәттердегі өз күйіме жаным ашыды. Анау-мынау емес, алыптард…

0
0
588

Сайтқа тіркеу де маңызды екен

Сайтқа келген қонағың тіркеуден өткені дұрыс па, әлде олай "қинаудың" қажеті жоқ па? Міне, бүгін менің алдымда осы мәселе тұрды. Бұл да бір өте үлкен мәні бар тірлік екеніне көзім жетті. Арнайы тіркеу жасалмаса:1) форумға кіре алмайды.2) сайттың жалпы қауіпсіздігі төмен болады, спам мен троль көбейіп кетеді. Тіркеу жасалса:1) келушілер туралы байланыс мәліметтеріңіз болады.2) спам-боттарды сайтқа өткізбей, тосқауыл қоюға болады. Тіркеу жасалу керек деп шештім. Wordpress блогына тіркеу формасын қоятын плагиндерді қарап шықтым. Локал сервердегі блогыма орнатып, істетіп те көрдім. Біреуін таңдадым-ау - theme-my-login.6.2.3. WP блогын жасаудың бір қиындығы - орысшадан қазақшаға аудару. Мысалы, бас беттің аты "Главная" болып тұр, оны жөндеу үшін сайт беттерінің PHP-кодына кіру керек болады. PH…

0
0
618

Сайт жасау оңай ма?

Үлкен ұлым жақында екінші реттік kz домені мен хостинг силады. "Современный атасыз ғой" деген комплиментін де қоса берді. Ризамын ұлыма. Ол - мықты веб-программист. Міне, содан бері жеке сайтымды жасаумен "әуремін". Өте қызық іс. Алғашқыда қуаныштың екпінімен хосттың өзі ұсынған Parallels Plesk Panel арқылы бірнеше негізгі беттерді жасап, онлайнға шығарып жібердім. Ұлым көріп, "қарапайым болыпты" деген ескерту жасады. "Жақсысы WordPress CMS-де жасаңыз сайтты, сіздің мақсаттарыңызға сол ыңғайлы" деп, өзі WP блогының ең жаңа нұсқасын хостқа қойып берді. Ал енді оның жұмысы енді қызып келеді. Сәндеу - тема таңдап, орнату, құрылымын ойластырып, беттерін жасау, сайттың орнықты да тиімді істеуі үшін қажетті түрлі плагиндерді тауып, орнату деген қыруар шаруа. Мұның бәрін онлайнда тікелей хосттағ…

1
1
1140

Түрлі-түстер музыкасы

Алматыдағы Қастеев атындағы өнер мұражайында бірінші қараша күні салтанатты ашылған үлкен сурет көрмесіне қатысып қайттым. Бұл - мен өте силайтын және құрметтейтін ағамның, үлкен дарын иесінің жетпіс жылдық юбилейіне орай ұйымдастырылған шуақты да шарапатты өнер мерекесі. http://www.khabar.kz/rus/world/Jubilejnaja_vistavka_Kenzhebaja_Dujsenbaeva_prohodit_v_Almati.html Сурет өнерінің саңлақтары жылы лебіздерін білдіріп, өнер тұлғасына өз құрметтерін көрсетті. Көрме қонақтарына ағаның соңғы жылдарда жасаған туындыларының түрлі-түсті де өте сәнді альбомы сиға тартылды. Сол альбомда ағаны мынадай қысқа сөздермен таныстырады: "КЕНЖЕБАЙ ДҮЙСЕНБАЕВ Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1942 жылы Шымкент облысы, Абай ауылында дүниеге келген.1972 жылы А.Н.Островский атындағы ТКИ (Ташкент) б…

2
0
1100

Интернет – бүкіл адамзаттық ақпарат қоры

Өткен мақалада «электрондық оқу» жүйесінің жалпы құрылымымен таныстық. Қазір соның алғашқы тармағы туралы әңгіме - бүкіл адамзаттың барлық рухани қазынасын виртуалды интернет әлеміне шығарып, сақтау және олардың толық қолжетімділігіне жол ашу. Әрине, бұл әңгіменің Википедиядан, қазақша Уикипедиядан, басталуы жөн болар. Мұны әлі де естімегендер гугл, яндекс, майлру сияқты іздегіш жолына «Уикипедия», немесе «Википедия», немесе «Wikipedia» деп енгізіп, іздетіп кеп жіберсеңіз, заматта түсіндіріп береді. Қысқа айтсақ, Wikipedia – дүниежүзілік еркін интернет-энциклопедия (энциклопедия дегенді де білмесеңіз, онда қоя салыңыз!). Википедия – соның орыс тілді бөлімі. Ал Уикипедия – қазақ тілді бөлімі. Wikipedia – негізінен тегін пайдалануға болатын ақпарат көзі. Оның тағы бір ерекшелігі – оған әркі…

0
1
7987