Мазмұнға өту

Жаңа

«Өкпелемеші!»

Амалсыз баратын тойлардың бірі... Зәулім тойхана салуға жететін ақша тапқанымен, акустика деген ғылымнан мақұрым тойхана иесіне іштей кіжініп бұл отыр. Даңғаза музыка, ағыл-тегіл ішіп-жем, әлсін-әлсін шапалақ дәметіп дарылдаған асаба одан сайын шаршатты... Нағашы-жиен, жаңа құдалардан соң ескі жекжаттарға да сөз кезегі тиді-ау, ақыры.. Тойда көсемси беруді жаны қаламайтын бұл, ортаға сөзге шыққан топтың арт жағынан орын алып, өзімен өзі тұрған. Ортада шешен көсіліп тұр. Бәйбішесі қасындағы құдағиымен сыбырласып, әлденені әңгімелеп тұр. Бір кезде желкесінен қадалған жанарды сезіп, еріксіз жалт бұрылды. О, тоба! Сол тұр.... Әнтек жымиып.. 35 жыл бұрынғы 18 жасар бойжеткеннің көздерінің астын аздап әжім торлағаны болмаса, еш өзгермеген секілді. Жымиғанда ғана білінетін оң бетіндегі әдемі шұқ…

-1
0
1476

2016 жыл: есте қалған, қалмаған (Қазақстан)

Жаңа 2017 жыл қарсаңында өткен он екі айды қорытындылап, жылдың маңызды оқиғаларын еске алудамыз. Сол болған оқиғалар мен қол жеткізілген/жеткізілмеген нақты нәтижелерді емес, алған әсерлер мен қалыптасқан пікірлердің ең маңыздыларын саралап өтсе ғой. Бастан өткенді, көрген-білгенді бір ауыз сөзбен ғана сипаттап бере алатын шеберлер бар. Толық талдау жасауға тырыспадым, шұғыл іздеп тапқан материалдарымның ішінде былтырғы жылға қатысы бар төмендегідей суреттер, жаңалықтар мен басқа да өзекті хабарлар жиналып қалыпты. Осыларды көріп, ой өрісінен өткізген әрбір оқырман өзіндік тұжырымдар жасайды және әсер алады деген үміттемін. 2016: техникалық ақау. Электрондық поштама келіп түскен орыс тіліндегі бірнеше жаңалықтар топтамасындағы тақырыптар мен оларға қоса берілген суреттер бір-біріне сәйке…

0
0
718

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің шығысқазақстандықтарды Жаңа 2017 жылмен құттықтауы

Ардақты ағайын! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Аяқталып қалған жыл еліміз үшін берекелі болып, ынтымақтың ырысқа, берекенің бақытқа бастарын тағы бір айқындап берді. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығын атап өтті. Бұл тарихи кезеңнің әрбір жылы жарқын істермен есте қалды. Ширек ғасырда Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен әлем таныған мемлекетке айналды. Отанымыздың дамуына жерлестеріміздің қосқан үлесі мол. Облыста жаңа кәсіпорындар салынып, көптеген жұмыс орындары ашылды. Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Мұның барлығы, ортақ істің оң нәтижесі! Құрметті жерлестер! Келе жатқан Жаңа жыл – әрбір үйге бейбіт өмір, қуаныш пен шаттық, баянды бақыт тарту ететін берекелі жыл болсын! Баршалар…

0
0
439

Жаңа жылың, құтты болсын халайық

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Abba “Happy new year” Бейнематериал авторы - Band ODESSA Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте - Тәуелсіздік, алға тартқан мүмкіндік, Қайран шіркін жиырма бес, жазғы таңдай. Болашаққа үміт құрып, біз сендік, Алға бастық, ұзақ жолда аянбай. Аманатты, біз сақтадық тұмардай, Ата-бабам, тастап кеткен өкілді. Есте сақтап, ұран қылдық тастамай, Гүл жайнаттық, байтақ жерді, елімді. Суыққа да, ыстыққа да шыдаған, Жоқтық болса, сабырлықты сақтаған. Халқым менің, сен кірпіштің қалауы, Сол кірпіштен, елім менің қаланған. Аман болшы, жәйнәй берші, туған жер, Биік болсын керегең, кең шаңырағың. Сарқылмаған дастарқанға, не жетер, Шыға берсін, жақсылықта атағың. Жаңа жылың, құтты болсын халайық, Өрлей берсін, өсе бер…

1
1
699

Сенбегеннің өзі сенімсіз

Сенбеудің өзін сенімсіздік тудырады. Өзіңе деген сенімсіздік. Кімге сенбейміз? Ағынан жарылып, көңілін білдіргенге, сезімін айтып, сөзін бергенге сенбейміз. Өйткені сенімнің соңы өкінішке, сезімнің соңы өкпеге əкелген. Талай рет көңіліміз қалып, үмітіміз үзілген. "Соңғы аялдамам" осы деп үміттенген кезде, ол "автобустың" да бағыты өзгеріп, "қаланың өзге көшелерін шарлап" кете берген. Ғашықтықтың соңы - некемен біту керек, қалғанына күшіңді жұмсап қажеті жоқ, - дейді. Бар эмоцияңды, уақытың мен энергияңды жарым болар деген қанша жарға сарп еттің. Қанша адамның көзінен жылулық іздеп, осы ма менің күткенім, осы ма менің жартым,- деп өзіңнің тағдырыңды аманаттап тапсырар жігітті іздедің. Жараланып, жығылып, тартысып, соңында шаршап, жалығып бəрін тастап келдің. Жарты жыл, бір жыл, кейде тіпті…

0
0
432

Тұсаукесер! Презентация!

Ура! Наконец-то в нашем городе произошло грандиозное событие, которому искренне порадовались не только писатели и библиотекари, но и все любители литературного слова нашей области: к 25-летию независимости Республики Казахстан по инициативе управления культуры, архивов и документации Павлодарской области было издано десять книг пятнадцати павлодарских авторов! Отбор произведений производился на конкурсной основе в нескольких номинациях. Новорожденные издания были презентованы читателям 21 декабря в Областной библиотеке города. Порадоваться за своих талантливых земляков и за самих себя-читателей пришли представители библиотек, культурная общественность города. Право «разрезать путы малышам», отпуская их в читательскую жизнь, была предоставлена заместителю акима Павлодарской области Бегента…

0
0
1043

25 жас «Үздік жастар» сыйлығының иегері атанды

Шымкентте білімді еңбекпен ұштастырған 25 жас «Үздік жастар» сыйлығының иегері атанды. Олардың қатарында дәрігер, ұстаз, спорт шебері мен өнерпаздар, БАҚ өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары бар. Мерекелік шарада жастарды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Қалыбеков арнайы құттықтады. – Біздің қала ұрғындарының 29 пайызын жастар құрайды. Биыл түрлі салалар бойынша жеттістіктерге жеткен жастарға қала әкімінің премиясы алтыншы рет тапсырылып отыр. Ел ертеңі саналатын жастарға артылатын жауапкершіліктің жүгі салмақты. Біз сендерге сенеміз, – деді Қ. Қалыбеков. Марапатқа ие болғандар арасында елдің намысын қорғап, көк байрақты көкке көтеріп жүрген спортшыларымыз да бар. Соның бірі - 2016 жылы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлова. Елдің үмітін арқалаған…

0
0
463

Пәтер иелері кооперативтерін құру жұмыстарының орындалуы туралы жиын өтті

Қала әкімдігінде қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен аудандарда пәтер иелері кооперативтерін құру жұмыстарының барысы туралы жиын өтті. Сонымен қатар, қала аумағындағы белгіленбеген сауда орындарын жою жұмыстарының жағдайы туралы кәсіпкерлік бөлімінің есебі тыңдалды. Абай ауданы: Пәтер иелері кооперативтерін құру бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйдің 394-і кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Биыл қалған 41 көпқабатты тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасына тіркеу мақсатында тұрғындармен келісім хаттамалары түзілді. 12 көпқабатты тұрғын үйдің топографиялық түсірілімі алынды. Әл-Фараби ауданы: 665 көпқабатты тұрғын үйдің 559-і (84 пайызы) кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Ал, қалған 106 үй бойынша жұмыстар жүргізіліп, 56 үйдің техникалық төлқұжаттар…

0
0
605

БҚО аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне «Б» корпусы қызметшілерінің кешенді аттестаттаудан өткізілетіні туралы жеткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2017 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттауын өткізу шеңберінде ақпараттық-түсіндерме шараларын атқаруда. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кіші залында 2016 жылдың 29 желтоқсанында бейнеконференциялық байланыс арқылы Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының басшылығымен семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес жұмысына аудан әкімдері, аудан әкімі орынбасарлары, әкімі аппараттарының және мәслихат аппараттарының басшылары, дербес бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік қызметшілері қатысты. Семинар-кеңесте кешенді аттестаттаудың ережелері мен өткізу тәртіптері түсіндірілді. Іс-шара барысында қойылған сұ…

0
0
281

БҚО мемлекеттік қызметшілеріне «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі түсіндірілді

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2016 жылдың 29 желтоқсан күні орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшілерінің басшылары, персоналды басқару қызметінің өкілдері, соның ішінде құқық қорғау органдарының, тексеру комиссиясы мен облыстық мәслихат аппаратының қызметшілерінің қатысуымен алдағы уақытта өткізілетін «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестаттау мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинар-кеңес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә. Исақовтың төрағалығымен өтті. Семинар-кеңес барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайл…

0
0
405