Мазмұнға өту
yerlan_iskakov

Ерлан Искаков

@yerlan_iskakov

Сайтта 2016 ж. 29 қазанКазахстан, Алматы

Мысли, заметки, факты и наблюдения для всех, кто интересуется историей (отечественной и зарубежной, новой и новейшей), международными отношениями, а также теорией и практикой перевода.

рейтинг

250

жазбалар

74

пікірлер

72

тіркелуші

14

жазылымдар

0

Абайдың қара сөздеріне корпустық талдау жасасақ...

Мұндағы менің корпус деп отырғаным – арнаулы компьютерлік бағдарламаға салынған, талдауға қажетті форматқа келтірілген қара сөздердің толық мәтіні. Ондағы тірек сөздер, яғни жиі ұшырасатын сөздер мен сөз тіркестері қандай?

Ең жиі қолданылған сөздер мен тір­кестер – АДАМ, КІСІ және АДАМ БАЛАСЫ.

Бұдан кейін жиі ұшырасатын тірек сөзі – ҚҰДАЙ, АЛЛА, ЖАРАТУШЫ, ҚҰДАЙ ТАҒАЛА, АЛЛА ТАҒАЛА.

Абайдың қара сөздері жанрлық сипаты, баяндау формасы жағынан Толстойдың «Оқу шеңбері» («Круг чтения») атты әйгілі діни-философиялық еңбегіне ұқсас.

Толстой мен Абайдың иман, дін, білім-ғылым, адамшылық тақырыбына арналған мағыналас, үндес нақыл сөздері де аз емес.

Толығырақ: http://anatili.kazgazeta.kz/?p=58280&fbclid=IwAR1rP-zVJt428B6XpbdoPMSmr3JG1UJvRB2JZd15uZdRXRgCgXimI2jcmgA

0
0
144

Елдегі барлық маңызды нысандарға өз атыңызды беруден тартынбаңыз

Елдегі барлық маңызды нысандарға өз атыңызды беруден тартынбаңыз, қалай дегенімен сіз осы елдің басшысысыз ғой.Қандай да бір көшенің атын өзгертудің жарасы жеңіл. Картаға түскен әрбір қалада сіздің атыңыздағы көше болуы тиіс. Мектептер, ауруханалар мен университтерге оларға қаржы бөлетін тұлғаның аты берілу керектігіне ешкім күмән келтірмес.Атын өзгертуге тұрарлық тағы бір нысан — әуежайлар. Елге келіп-кететін шетелдіктердің көзіне ең алдымен сіздің атыңыз түсу қажет.Өзгелерден ерекшеленгісі келетін, талабы биік көшбасшылар білдей бір қалаға да өз атын беріп қояды: Доминикан Республикасының бұрынғы президенті Рафаэль Трухильо кезінде ел астанасы Санто-Домингоның атын Сьюдад-Трухильо деп өзгерткен екен. Бұл аз болғандай, елдегі Дуарте шыңы деген ең биік тау шыңының аты Трухильо шыңы деп өз…

0
0
389

Қазақстандықтармен ашық әңгімелесу

Мен әйгілі британдық журналист Стивен Сакурдың танымал және билік тізгінін ұстаған тұлғалардан алған сұхбаттарын үнемі қызыға көремін.Жүргізушінің ыңғайсыз сұрақ қойып, өз сұхбаттастарын қыспаққа алған кездері аз емес, бағдарламаның кейбір қонақтары өзін өзі ұстай алмай, ашуланып та кетеді. Жақында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Сакур мырзаға "Британдық болғаныңызға қарамастан, әдеп сақтағанды мүлде білмейді екенсіз" деп ескерту жасауға мәжбүр болған.Сакур өз сұхбаттарында өзіне қарсы отырған тұлғаның жеке басына емес, сөз болып отырған мәселені ашып көрсетуге, сұхбаттастың шынайы пікірін, нағыз көзқарасын білуге, одан мардымды жауап алуға баса назар аударады.Жуырда Стивен Сакур Қазақстанға келіп кетті. Кеше Би-Би-Си телеарнасында оның HARDtalk («Ашық тілдесу») атты бағда…

0
0
437

Біздің тіл, президент және шетел терминдерін аудару жайында

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптарды таныстыру рәсіміне қатысты.Қазір отандық бұқаралық ақпарат құралдары Елбасының сол іс-шарада кейбір шетелдік терминдердің қазақ тіліндегі аудармасын сынға алған мына бір сөзін жиі келтіруде: "...(Шетел тіліндегі сөздерден арылайық деп) неше түрлі аударма жасады. Кейбіреуін айтуға ұят. ..."Процент" деген халықаралық сөзді "пайыз" деп аударды. Ол тіпті түркі сөзі емес, парсыдан алынған. Мен мұнымен келіспеймін".Мемлекет басшысына проценттің қазақ тіліндегі пайыз деген аудармасы ұнамайды екен. Соған қарамастан біздің президент сол пайыз сөзін өзі жиі қолданады.Президенттің жақында сөйлеген сөздерінен алынған келесі мысалдарға назар аударыңыз: "Бүгінде жоба аяс…

0
0
533

Facebook: Мұнда қазір шындық жоқ

Деректерді заңсыз пайдалану төңірегінде жақында туындаған жанжалдан кейін Facebook өз пайдаланушыларына жеке деректер құпиялығын қорғаудың едәуір оңтайлы жолдарын ұсынғысы келеді. Алайда, үлкен деректер (big data) саласында қызмет ететін кәсіпкер және технологиялар жөніндегі сарапшы Ивон Хофстеттердің аталған әлеуметтік желі жұмысында қандай да бір өзгерістің болатынына күмәні бар.Ұлыбританияның Cambridge Analytica атты саяси консалтингтік фирмасы АҚШ президенті Д.Трамптың сайлау науқанына қолдау көрсету мақсатында Facebook-тің 50 миллион пайдаланушысының деректеріне заңсыз қол жеткізді деген жайтқа байланысты Facebook басшысы Марк Цукерберг желі пайдаланушыларынан бірнеше рет кешірім сұраған болатын.Жанжалға ұрынған Facebook шынымен де жуырда өз пайдаланушыларының жеке деректерін қорғауд…

0
0
471

Рекс Тиллерсонның жаңа қызметі

Ақордадағы кездесу

Назарбаев АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Тиллерсонға:

- Естуім бойынша, президент Трамп екеуіңіз тіл табыса алмапсыз... Сізге стратегиялық даму және жаңғыру жөніндегі менің кеңесшім болуды ұсынғым келіп отыр.

Фото: Ақорда. Ақпараттық себеп: менің қиялым.

Дегенмен, мұндай жайттың өңімде болуы әбден мүмкін ғой?! Шетелдік мамандардың "қолдауына" жиі жүгінденді біз жақсы көреміз: мысалы, отандық БАҚ-қа сенсек, еліміздің латын әліпбиіне көшуін Литва депутаттары қолдайды, Вашингтонның қатардағы тұрғындары сыртқы саяси бастамаларымызға жоғары баға береді, ал Грузияның саясаттанушылары Елбасының институционалдық реформаларына таңдана қарайды екен...

0
0
547

Қызықты «аударма» (ағылшынша-орысша-қазақша) 2

Ағылшын тілінде to cost an arm and a leg деген идиома бар.Осы идиома қолданылған мына бір мысалға назар аударыңыз (ағайынды Стругацкийлердің «Пикник на обочине» повесінен үзінді, ағылшын тіліне аударған Антонина Буис, 1977 ж.):At the Metropole they charge an arm and a leg for a hamburger.Түпнұсқада, орыс тілінде (1971 ж.):…Здесь в «Метрополе» за каждую котлету так дерут…Осы тақырыпқа арналған Қызықты «аударма» (ағылшынша-орысша-қазақша) атты алғашқы посттағыдай, аталған идиоманың қазақ тіліндегі тиісті баламасын және оның қолданылуы көрсетілген мысалды осы жолы да өмірден алынған мәтіннен таптым. «Ана тілі» газетіндегі мақаладан алынған үзінді:Атамыздың күнделікті азығы болған асылған ет мейрамхананың мәзірінде атасының құнын сұрап тұр. [Д.Ізтілеу. Қазақ қой соя алмайтын халге жетті. www.…

0
0
2198

Нағыз қазақы несие

Қазы-қарта алуға да арналған несие түрі пайда болған ба?

Бес жүз мыңға қанша келі қарта сатып алуға болады екен, кім біледі?

"Қ" әрпі жаңылыс басылмаған болса, яғни жарнама рас болса, онда бұл нағыз қазақтарға арналған несие екен!

0
0
471

Болашақ дәрігерлер оқитын пәндер

Бүгін қолыма бір студенттің оқудағы үлгерімі туралы анықтамасы (транскрипт немесе дипломға қосымша) түсті.

Еліміздің жоғарғы оқу орындарының бірінде «Стоматология» мамандығы бойынша білім алып жүрген бірінші курс студенті.

Анықтамаға сенсек, ол биомедицина негіздері, медициналық химия, молекулалық биология және т.б. пәндерден дәріс алған екен.

Аталған пәндерді көріп таң қалған мен жоқ, өйткені болашақта тіс дәрігері болатын студенттің нені оқуы қажеттігінен хабарым жоқ.

Таң қалғаным, қазір студенттерге «Мәңгілік ел құндылықтары» деген пәннен де дәріс береді екен! Осындай бір жеке пәннің пайда болғанына таңдандым.

Әлде таңданғаным орынсыз ба? Болашақ тіс дәрігері болатын студенттердің нені оқуы тиіс екендігін мен білмеймін ғой...

1
0
343

Есте қалған, қалмаған (2017)

Осы жылдың табыстары мен қуанарлық жетістіктері туралы ертең түнгі сағат он екіге он минут қалған кезде республикалық телеарналардың эфирінен біле аласыздар.Мен болсам, былтырғыдай, жаңа жыл қарсаңында өткен жылдың маңызды деген оқиғаларынан алған әсерлер және оларға байланысты қалыптасқан пікірлермен бөліскім келіп отыр.Былтырғы жылға қатысты жарық көрген жазбаларымда (2016 жыл: есте қалған, қалмаған; Есте қалған, қалмағанның жалғасы; Есте қалған, қалмағанның соңғысы) көбінесе суреттер мен жаңалықтардан алынған сәйкессіздіктер жинағы көрсетілген.Ал 2017 жылға қатысты төмендегідей бірнеше өзекті қанатты сөздер мен басқа авторлардың шығармаларынан алынған үзінділер (дәйексөздер) жиналып қалыпты:Жалпы қалыптасқан жағдайды бір дәйексөзбен жеткізер болсақАзаматтың мақтанатындай жеке жетістікт…

0
0
512