Мазмұнға өту
kzsport

KZ SPORT

@kzsport

Сайтта 2016 ж. 26 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Шетелдік танымал журналист Қанат Исламды «Бүкіләлемдік бокс суперсериясында» көргісі келетінін айтты

Журналистер Қанат Исламды «Бүкіләлемдік бокс суперсериясында» көргісі келеді. TheFightCity.com журналисті және Last Call радио тілшісі Крис Коннор World Boxing Super Series («Бүкіләлемдік бокс суперсериясы») турнирінде кімдерді көргісі келетінін жеткізді. Бүгін, промоутер Калле Зауэрланд және Ричард Шефер «Бүкіләлемдік бокс суперсериясы» турнирін бастауды жөн көріп, жеңімпазға 50 миллион доллар жүлде қоры тапсырылатынын мәлімдеді. Бірінші кезең қыркүйек айында бастауын алады. Шоуда 16 боксшы қатыспақ, салмақ дәрежесі екі салмақ дәрежесінде өтеді. Кездесулер плей-офф жүйесінде өтеді. Турнирге WBA, WBC, IBF және WBO тұжырымдары бойынша ТОП-15 кіретін ең мықты боксшылар қатыспақ. Коннор айтуынша, бұл турнирде қазақстандық бірінші орта салмақтағы Қанат Исламды (23-0, 19 КО) көргісі келетінін…

3
0
670

Серік Сәпиев: Қанат Ислам нокаутпен ұтады деп ойлаймын

Боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев «Бүгін жексенбі» бағдарламасында қонақта болып, 18 ақпан күні өтетін Қанат Исламның жекпе-жегіне қатысты өз ойын білдірді.

Қанат Ислам мен Робсон Ассис жекпе-жегінің анонсы

0
0
561

Қанат Ислам жаңа формасын көрсетті

Танымал кәсіпқой боксшы Қанат "Қазақ" Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті. Рингке киіп шығатын шорты боксшының фейсбуктағы ресми жанкүйерлік парақшасында жарияланды.

"Бұл жолы ақ түсті таңдап отырмыз. Шортыдың екі жағы да оюмен өрнектелген. Сол қапталында бокшының жеке логотипі орыналасқан. Ал, белінде(алдында) боксшының есімі мен тегі, шортыдың артында лақап аты жазылған" - делінген.

Ал Қазақтың келесі жекпе-жегі кіммен және қай қалада өтетінін жақын күндері белгілі болады.

Қанат Ислам - кəсіпқой рингте 22 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен! Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Лақап аты - ҚАЗАҚ. WBA fedelatin, WBO intercontinental жəне UBC тұжырымы бойынша əлем чемпионы.

1
0
1157

Бейбіт Шүменов АҚШ-та рух беретін қазақша ән тыңдап жаттығуда

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО)  2017 жылдың ақпан айында кубалық Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО) жұдырықтасады.

Әзірге жекпе-жек өтетін орын мен уақыты нақты айтылмады. Дегенмен отандасымыздың дайындығы қазір тас-түйін. Күніне жаттықтырушымен бірге 2-3 мезгіл жаттығып жүр. Соңғы кездері Бейбіт өзінің инстаграмындағы парақшасына жаттығуының түрлі видеоларын жүктеп, жанкүйерлерін өзінің дайындығынан хабардар етуде.

АҚШ-та тұрып, сол елде дайындалып жүрген Бейбіт жаттығу барысында отандық әншілердің рух беретін әндерін тыңдайды.

"Сіздің дайындығыңызды қарсыласыңыз көріп, зерттейді деп уайымдамайсыз ба?" - деген жанкүйер сұрағына Бейбіт: "Ол оған бәрібір көмектеспейді" - деп жауап берді. Бұл сөзі Бейбіттің дайындығы мен сенімділігі жоғары деңгейде екенін аңғартады.

0
0
1897